Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1106 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.23 № 346 Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.23 № 346 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 19 қарашадағы
N 1106 қаулысымен   
бекітілген      

Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның
терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды
сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге
асыратын мамандандырылған ұйымдардың  (агенттердің)
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.08.27 N 776, 2010.04.23 № 346 Қаулыларымен.

      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
      2. "Мал өнімдері корпорациясы" акционерлік қоғамы.