Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1106 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1185 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 19 қарашадағы
N 1106 қаулысымен   
бекітілген      

Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.08.27 N 776, 2010.04.23 № 346, 2011.05.27 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
      2. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы.