Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 999 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде:

      1-тармақта "орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі