Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 999 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде:
      1-тармақта "орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының," деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі