Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған 2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Бағдарламаның орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Есімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 16 қазандағы
958 қаулысымен
бекітілген
2008-2010 жылдарға арналған
"Жасыл ел" бағдарламасы
Мазмұны
1.
Бағдарлама паспорты
2.
Кіріспе
3.
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың
қазіргі жай-күйін талдау
3.1.
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың
қазіргі жай-күйі, 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел"
бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
3.2.
Ормандарды молықтыру және орман өсірудің проблемалық мәселелері
4.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары
5.1.
Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман
заңнамасының басқа да бұзушылықтарынан күзету, оларды
зиянкестер мен аурулардан қорғау
5.2.
Ормандарды молықтыру және орман өсіру, елді мекендерді
көгалдандыру
5.2.1.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар аумағында ормандарды молықтыру
және орман өсіру
5.2.2.
Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық
орман екпелерін құру
5.2.3.
Гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында
орман екпелерін құру
5.2.4.
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды
көгалдандыру
5.2.5.
Астана қаласының жасыл аймағын құру
5.3.
Бағдарламаны іске асыруға жастардың қатысуы
5.4.
Жеке орман қорын қалыптастыру және дамыту
5.5.
Орман орналастыру және орман шаруашылығын жобалау
5.6.
Орман және орман-саябақ шаруашылығы саласындағы кадрлар
даярлау және олардың біліктілігін арттыру
5.7.
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету
6.
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.
2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Атауы
2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел"
бағдарламасы
Бағдарламаны
Мемлекет басшысының 2005 - 2007
әзірлеу үшін
жылдардағы Қазақстан халқына жыл
негіздеме
сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 58.1-тармағына және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 - 2009 жылдарға арналған
бағдарламасына сәйкес
Бағдарламаны
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
негізгі әзірлеуші
министрлігі
Бағдарламаның
Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету,
мақсаты
орман көмкерген жер алқаптарын біртіндеп
ұлғайту, ормандарды өрттерден күзетуді,
зиянкестер мен аурулардан қорғауды жақсарту,
ормандардың жас құрылымын, сапалық құрамын
және санитарлық жай-күйін жақсарту, елді
мекендердегі жасыл желектердің алқаптарын
ұлғайту, олардың төңірегінде жасыл аймақтар
құру және кеңейту, жастар арасындағы
жұмыссыздық деңгейін 2-3%-ға төмендету,
Бағдарламаны орындау жөніндегі іс-шараларға
жыл сайын 12 мың адамнан тұратын жастар
еңбек отрядтарын тарту.
Ормандарды молықтырудың жалпы көлемі 3 жылда
145,18 мың гектар, соның ішінде 2008 жылы -
37,39 мың гектар, 2009 жылы 47,63 мың гектар
және 2010 жылы - 60,0 мың гектар болады.
Астана қаласының санитарлық аймағын 15,0 мың
гектар, жыл сайын 5 мың гектар алқапта құру,
қалалар мен елді мекендерде 3 жылда - 13,00
миллион жасыл екпелер отырғызу.
Бағдарламаның
Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден
міндеттері
және орман заңнамасының басқа да
бұзушылықтарынан күзету тиімділігін арттыру,
оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау;
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің
материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
ормандарды молықтыру және орман өсіру, елді
мекендерді көгалдандыру, соның ішінде:
орман тұқымы және тұқымбақ шаруашылығын
кеңейту;
мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында
ормандарды молықтыру және орман өсіру;
гидрографиялық желі, арналар мен су
қоймалары бойында орман екпелерін құру;
елді мекендерді көгалдандыру және көркейту
жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сонымен
бірге Астана қаласының жасыл аймағын құру;
"Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыруға
жастардың қатысуы;
жеке орман қорын дамыту жөніндегі іс-шаралар;
орман орналастыру және жобалау-іздестіру
жұмыстары;
орман және орман-саябақ шаруашылығы саласында
кадрларды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру;
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету.
Бағдарламаны іске
2008-2010 жылдар
асыру мерзімі
Бағдарламаны
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға
қаржыландыру
республикалық бюджеттің, жергілікті
көздері
бюджеттің қаражаты, сыртқы қарыздар және
гранттар көзделген: республикалық бюджеттен:
2008 жылы - 7228,57 миллион теңге, 2009 жылы
- 7086,17 миллион теңге және 2010 жылы -
7400,09 миллион теңге;
жергілікті бюджеттен: 2008 жылы - 7353,50
миллион теңге, 2009 жылы - 7987,71 миллион
теңге және 2010 жылы - 8198,45 миллион теңге.
2008-2010 жылдарда "Ормандарды сақтау және
республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту"
жобасына жұмсалатын қаржы көлемі - 2141,3
миллион теңге.
2008-2010 жылдарға арналған шығындар көлемі
тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және
жергілікті бюджет туралы облыстық және Астана
қаласы мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес
нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске
Орман өрттерінен зақымдалатын алқаптарды
асырудан күтілетін
азайту, ормандарды 3 жыл ішінде жалпы көлемі
нәтижелер
145,18 мың гектар алқапта молықтыру,
соның ішінде 2008 жылы - 37,49 мың гектар,
2009 жылы - 47,63 мың гектар және 2010 жылы -
60,06 мың гектар болады;
15,0 мың гектар, жыл сайын 5 мың гектар
алқапта Астана қаласының
санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру,
жыл сайын мемлекеттік орман шаруашылығы
мекемелерінің 47 қызметкерінің біліктілігін
арттыру, жаңа селекциялық-тұқымбақтық
объектілерді құру.
2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы 2005-2007 жылдардағы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 58.1-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы республикада экологиялық жағдайды тұрақтандыруды және жақсартуды, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттердің бірі ретінде алға қойып отыр.
Осыған байланысты орман шаруашылығы және елді мекендерді көгалдандыру саласында бағдарлама әзірленді, онда ағаш отырғызу жұмыстарының көлемін ұлғайту, елді мекендерді көгалдандыру және түптеп келгенде осы процестерге жастарды тарту арқылы республика аумағының орманды жерлерін кеңейту жөніндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалған.
3. Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың
қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай-күйі, 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауында 22 мемлекеттік мекеме бар, оларға 3,4 миллион гектар алқапта мемлекеттік орман қоры немесе республикалық мемлекеттік орман қоры алқабының 13,0 % бекітіліп берілген.
Облыстар әкімдерінің қарауында 22,6 миллион гектар алқапта 124 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі жұмыс істейді, бұл мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 85,6 % құрайды.
2007 жылғы 1 қаңтарға орман қоры есебінің деректері бойынша орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің жалпы алқабы 26,4 миллион гектарды (республика аумағының 9,7 %) құрайды, оның орман көмкерген жерлері 12,3 миллион гектар алқапты алып жатыр. Мемлекет аумағының ормандылығы 4,5% құрайды.
Көп жылғы стратегиялық деректер бойынша орта есеппен өрт қаупі бар кезең ішінде мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің мыңға жуық оқиғалары болады. Олардың таралу алқабы көптеген факторларға байланысты, негізінен ауа райы-климаттық жағдайлар болып табылады.
Табиғи факторлар да, адамның қызметі де орман өрттерінің себептері болып табылады, олар өрт қаупінің көктемгі және күзгі шырқау шектерінде барынша қауіп төндіреді. Мәселен, көктемгі және күзгі кезеңдерде далада ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты егістік қалдықтарын өртеуден және отқа сақ болмаудан шығатын өрттер саны да күрт көбейіп кетеді. Табиғи факторлардан найзағай жарқылдары елеулі қатер төндіреді, Ертіс өңірінің жалды ормандарында өрттердің көпшілігі солардан шығады.
Республика бойынша ірі орман өрттеріне жасалған талдау ең үлкен алқапты - 62% - дала өрттерінің мемлекеттік орман қорының аумағына ұласу себебінен болатын орман өрттері құрайтынын көрсетті.
Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды молықтыру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді.
Орман дақылдарын өсіріп шығарудың республика аумағының орманды жерлерін арттыруда зор маңызы бар. Бүгінгі күнге жасанды екпелер 1029,3 мың гектарды немесе орман көмкерген жерлердің 10%-ға жуығын құрайды.
1990 жылға дейін ормандарды қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын 80 мың гектардан астам алқапта орындалып келді. Бұл орайда тұқым себу мен ағаш отырғызу үлесіне 80%-дай тиетін. Жаңадан өсірілетін орман дақылдарының жалпы көлемінде қылқан жапырақты тұқымдар 16%, ал жапырақты тұқымдар - 84%, оның ішінде сексеуіл - 77% құрайды.
2005 жылы ормандарды молықтыру көлемі 30,7 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу мен тұқым себу - 24,9 мың гектарды құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" салалық бағдарламасын әзірлеп, оны 2005 жылғы 25 маусымдағы N 632
қаулымен
бекітті, ол ормандарды сақтау және молықтыру, елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуді, осы жұмыстарға жастардың қатысуын көздеді.
2005-2006 жылдары оны іске асыру барысында ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстар 67,6 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу және тұқым себу әдісімен 55,3 мың гектар алқапта жүргізілді.
Орман дақылдары жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде республикада 143 орман питомнигі бар, оларда жыл сайын әртүрлі дақылдардың 150-200 миллион дана стандартты екпесін өсіруге болады.
270 артықшылығы бар ағаштан, 45 гектар артықшылығы бар екпелерден, тұрақты орман тұқымы учаскелерінен және 850 гектардан асатын орман тұқымы плантацияларынан тұратын селекциялық негіздегі орман тұқымы базасы қалыптасып келеді. Оны одан әрі дамыту үшін екі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - Алматы және Көкшетау орман селекциялық орталықтары жұмыс істейді.
Әртүрлі нысаналы мақсаттағы ағаш тұқымдарын плантацияда өсіруді дамыту Қазақстанның орман шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы процеске жеке инвестицияларды тарту, яғни жеке орман иелену институтын дамыту басым мәселе болып табылады, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс.
Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру жөніндегі жұмыстар 1997 жылдан бері жүргізілуде, қазірдің өзінде 30 мың гектар жасыл екпелер отырғызылды. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізіле береді. Қала шетінде екпелер құрумен қатар астанадан бес бағытта темір және автомобиль жолдарының бойында ағаштар отырғызылады.
"Республика ормандарын сақтау және оның аумағының орманды жерлерін көбейту" атты толық көлемді жоба әзірленді, ол Ертіс өңірінің жалды ормандарын және Қызылорда облысында сексеуіл екпелерін сақтауға және қалпына келтіруге, республиканың орман шаруашылығы саласына қолдау білдіруге, сексеуіл ормандарында жайылымдық жерлерді пайдаланудың экологиялық нормаларын әзірлеуге және практикаға енгізуге бағытталған.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде, өртке қарсы және орман қорғау іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Ормандарды авиациямен күзету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 19 қаңтарындағы N 53 қаулысымен бекітілген нормативтерге сәйкес 5639,5 мың гектар алқапта жүргізіледі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер құру және оларды күтіп ұстау жұмыстары атқарылды, мұнда 353 мың түп қалемше отырғызылды.
Темір жолдар бойында 0,15 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелер отырғызылды және 62,4 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелерге күтім жасау жөнінде іс-шаралар кешені жүргізілді.
1,25 мың гектар алқапта су қорғау екпелерін құру және күтіп ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Облыстық орталықтарда жалпы алғанда 430 гектар алқапта саябақтар мен жасыл желекті белдеулер отырғызылды.
Елді мекендерді көгалдандыруға студенттік экологиялық отрядтарының сарбаздары қатысты, олардың қатысуымен 2088,5 мың екпе отырғызылды.
2005-2007 жылдары Астана қаласының әкімдігі саябақтар, жасыл желекті белдеулер, бульварлар отырғызу бағдарламасын жүзеге асырды. Жаңадан отырғызылған скверьлер мен саябақтардың жалпы көлемі 34,5 гектар болды.
"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету үшін "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы құрылды.
Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында оқу орындарының базасында 2005 жылы 28 мың, 2006 жылы 32 мың адамнан тұратын отрядтар құрылды.
3.2. Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Ағаш отырғызу мен ағаш тұқымын себу 8,9 мың гектарға дейін қысқарған 1992 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде осы жұмыстар көлемінің сан мәрте азайып кетуі тұқымбақтардың (питомниктердің) және орман тұқымы шаруашылығы объектілерінің бір бөлігінің жойылып кетуіне, ағаш отырғызу материалын өсіру көлемінің қысқаруына әкеп соқты.
Елді мекендерде көгалдандыру екпелері ретінде ағаш және бұта тұқымдарының шектеулі ассортименті отырғызылған, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жасыл аймақтар, саябақтар, скверьлер елді мекендердің бәрінде бірдей құрылмауда.
Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер, егістік қорғайтын, жайылымдық қорғайтын және эрозияға қарсы екпелер жеткілікті мөлшерде құрылмаған.
Орман шаруашылығы саласында қызметкерлер саны соңғы жылдары күрт қысқарып кетті, бұл қаржыландырудың азаюымен және жұмыс көлемінің төмендеуімен байланысты. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері инженер-техник қызметкерлерінің 30 % жуығының жоғары білімі жоқ. Орта техникалық білімді мамандар жетіспейді. Республикада орманшы-қорықшылар даярлайтын орта техникалық оқу орындары жоқ.
Орман шаруашылығы мамандарын оқыту кезінде қажетті оқу базасының, жабдықтардың, мамандандырылған зертханалардың, жаңа оқулықтар мен арнайы әдебиеттің болмауы, профессор-оқытушы құрамының жетіспеуі талап етілетін біліктілік деңгейіндегі мамандар даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Кеңестік өкіметтен кейінгі кезеңде ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемінің азайып кетуінің маңызды себептері мемлекеттің орман шаруашылығының жеткілікті мөлшерде қаржыландырылмауымен, білікті кадрлардың жетіспеуімен қатар:
орман саласына жергілікті атқарушы органдарды, өзін өзі басқару органдарын және халықты, сондай-ақ экономиканың жеке секторын кеңінен тартпай, ормандарды иелену және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік институттарға ғана бағдар ұстанған ормандарды басқару жүйесінің орынсыз орталықтандырылуы;
сапалы отырғызу материалын жедел өсіру жөніндегі инновациялық технологиялардың, ормандарды молықтырудың және тез өсетін ағаш тұқымдарының өнеркәсіптік плантацияларын құрудың тиімді тәсілдерінің жетіспеуі болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты ормандарды қорғау және күзету, молықтыру, елді мекендерді көгалдандыру және олардың төңірегінде осы процестерге жастарды тарту арқылы жасыл аймақтар құру мақсатында кейіннен орман шаруашылығын жүргізу тиімділігін арттыру, ағаш отырғызылған жерлердің көлемін ұлғайту үшін ормандарды және оларды ұтымды пайдалану және әлеуетін еселей түсу саласындағы ахуалды тұрақтандыру болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшін Бағдарламамен келесі қарастырылған:
1. Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман заңнамасының басқа да бұзушылықтарынан күзету тиімділігін арттыру, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау;
мемлекеттік мекемелердің материалды-техникалық базасын жетілдіру.
2. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, елді мекендерді көгалдандыру, соның ішінде:
орман тұқымы және тұқымбақ шаруашылығын кеңейту;
мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру;
темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер құру;
гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында орман екпелерін құру;
елді мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сонымен бірге Астана қаласының жасыл аймағын құру;
Бағдарламаны жүзеге асыруға жастардың қатысуы;
жеке орман қорын қалыптастыру және дамыту.
3. Орман орналастыру және орман шаруашылығын жобалау.
4. Орман және орман-саябақ шаруашылығы саласында кадрлардың біліктілігін арттыру.
5. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары
5.1. Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман заңнамасының басқа да бұзушылықтарынан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау
Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман заңнамасының басқа да бұзушылықтарынан күзетуді мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Республикалық маңызы бар жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру кезінде, сондай-ақ ормандарды жерүсті күзетуді күшейту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 53
қаулысымен
бекітілген нормативтерге сәйкес мемлекеттік инспекторлар мен мемлекеттік орман күзетінің штаты ұлғайтылатын болады.
Ормандарды өрттерден және орман заңнамасының бұзушылықтарынан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау тиімділігін арттырудың негізі осы бағыттарда іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын жердегі және авиациялық қызметтердің пәрменді жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
Тиімділікті арттыру мыналардың есебінен қамтамасыз етілетін болады:
ормандарды жерден күзету қызметтерінің материалдық-техникалық базасын бекітілген нормативтерге сәйкес осы заманғы өртке қарсы техникамен және жабдықтармен, күзет машиналарымен, байланыс құралдарымен, қызмет қаруымен және нысандық киіммен кезең-кезеңмен нығайту;
мемлекеттік орман қоры аумағындағы жабылып қалған өртке қарсы объектілерді (бақылау бекеттері, өрт сөндіретін су бөгендері) қалпына келтіру;
ормандарды өртке қарсы жарақтандыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның ішінде өртке қарсы жолақтар, жыртылған жер жиектерін тарту және оларға күтім жасау, орман шаруашылығы және өртке қарсы мақсаттағы жолдарды жөндеу, сондай-ақ негізінен биологиялық әдістерді пайдаланып, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың белсенді тәсілдерін қолдану;
ормандардағы өрт қауіптілігінің дәрежесіне байланысты авиациямен қарауылдаудың қажетті жиілігін қамтамасыз ету, өрт сөндіруші-десантшылар санын көбейту;
биотехникалық іс-шаралар жүргізу.
Материалдық-техникалық базаны нығайту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 53
қаулысымен
бекітілген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Темір және автомобиль жолдары, арналар, магистральды құбыр желілері өтетін және басқа да желілік құрылыстар тұрған жерлер жолақтарында орналасқан қорғаныштық екпелерде өртке қарсы алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылатын болады.
Ормандарды сақтау үшін орман зиянкестерінің жойылмаған ошақтарында қорғаудың биологиялық әдістері қолданылып, күресудің жойқын шаралары қолданылады, орман патологиялық зерттеулер жүзеге асырылады.
5.2. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, елді мекендерді көгалдандыру
5.2.1. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру
Қазақстанның кең-байтақ аумағын ескере отырып (272,49 миллион км
2
), мемлекеттің орманды жерлерін бір пайызға ғана ұлғайту үшін 2724,9 мың гектар алқапқа ағаш отырғызу және екпелер өсіру қажет. Салыстыру үшін - өткен алпыс жыл ішінде республика аумағында 1025,9 мың гектар жасанды екпелер алқабы құрылды.
Сондықтан ормандарды молықтыру мен орман өсіруге мол шығын жұмсалатынын назарға ала отырып (орташа есеппен 1 гектар 700 АҚШ долларына жуық), бірінші кезекте орман екпелері мына аумақтарда:
1) шөлейттену процесіне ұрымтал алқабы басым бұрын орман өскен жерлерде;
2) ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін қолайсыз жерлерді пайдалана отырып, елді мекендерге жақын маңда (жасыл аймақтар, әртүрлі нысаналы мақсаттағы өнеркәсіп плантациялары);
3) гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында;
4) автомобиль және темір жолдар бойында;
5) жайсыз табиғи факторлардың әсерін азайту үшін ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылуға тиіс.
Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды сапасы жақсартылған тұқымның және отырғызу материалының қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін селекциялық-генетикалық негізде тұрақты орман дақылдары тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады және отырғызу материалын өсіру жөніндегі озық технологияларды қолданып, тұқымбақ шаруашылығы кеңейтіледі.
Ормандарды молықтыру орман дақылдарын себу және отырғызу, сондай-ақ ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу тұқымдардың өсіп-өнуіне жағдайлар жасау және ағаш кесілетін жерлерді қоршау мақсатында кеспе ағаштарды жоспарлау, жерді ішінара өңдеу кезінде шаруашылық жағынан бағалы тұқымдардың өркендері мен жас талдарын сақтау арқылы жүргізіледі.
Ең алдымен орман дақылдарын құру өртеңдер мен ағашы кесілген жерлерде жүзеге асырылатын болады. Осындай алқаптардың басым бөлігі Ертіс өңірінің жалды ормандарында, Қазақ шағын адырлы шоқыларының қарағайлы ормандарында, сексеуіл ормандары өсетін аймақта орналасқан.
2007 жылдан бастап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХҚДБ) қарызы қаражатының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымша қаржыландыруының және Ғаламдық Экологиялық Қор грантының есебінен ірі көлемді "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту" жобасы (бұдан әрі - Жоба) іске асырылуда, ол 7 жылға есептелген.
Жоба шеңберінде Ертіс өңірінің жалды ормандарының аумағында 9 мың гектар орман дақылдары, Арал теңізінің құрғап қалған табанында және Қызылорда облысының мемлекеттік орман қорының аумағында - 22 мың гектар сексеуіл екпелері құрылатын болады.
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының 120,63 мың гектар алқапта ормандарды молықтыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 88,62 мың гектар алқапта орман дақылдарын құру көзделуде. Жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды молықтыру көлемі облыстар бойынша 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
мың гектар
Облыс |
Ормандарды
|
Оның ішінде тұқым
|
||||
2008
|
2009
|
2010
|
2008
|
2009
|
2010
|
|
Ақмола |
0,87 |
0,95 |
1,03 |
0,45 |
0,50 |
0,55 |
Ақтөбе |
0,51 |
0,56 |
0,61 |
0,51 |
0,56 |
0,61 |
Алматы |
3,30 |
3,40 |
3,50 |
0,58 |
0,61 |
0,64 |
Атырау |
0,23 |
0,23 |
0,23 |
0,08 |
0,08 |
0,08 |
Шығыс Қазақстан |
1,20 |
1,25 |
1,30 |
0,45 |
0,50 |
0,55 |
Жамбыл |
10,40 |
10,40 |
10,40 |
7,40 |
7,40 |
7,40 |
Батыс Қазақстан |
0,17 |
0,18 |
0,19 |
0,17 |
0,18 |
0,19 |
Қарағанды |
0,10 |
0,10 |
0,10 |
0,10 |
0,10 |
0,10 |
Қостанай |
1,10 |
1,20 |
1,30 |
0,90 |
0,90 |
0,90 |
Қызылорда, оның
|
4,61 |
9,61 |
20,11 |
4,61 |
9,61 |
20,11 |
Арал теңізінің
|
0,50 |
5,50 |
16,0 |
0,50 |
5,50 |
16,0 |
Маңғыстау |
0,30 |
0,30 |
0,30 |
0,30 |
0,30 |
0,30 |
Павлодар |
0,12 |
0,11 |
0,11 |
0,09 |
0,08 |
0,08 |
Солтүстік
|
0,65 |
0,65 |
0,65 |
0,25 |
0,25 |
0,25 |
Оңтүстік
|
8,90 |
9,50 |
9,90 |
6,10 |
6,70 |
7,10 |
Барлығы: |
32,46 |
38,44 |
49,73 |
22,99 |
27,77 |
38,86 |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды "Семей орманы" және "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттары және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жүргізетін болады.
Мемлекеттік орман табиғи резерваттары (бұдан әрі - МОТР) және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (бұдан әрі - МТП) аумағында ормандарды молықтыру көлемдері 2-кестеде келтірілген.
2-кесте
гектар
Атауы |
Ормандарды молықтыру,
|
оның ішінде ағаш
|
||||
2008
|
2009
|
2010
|
2008
|
2009
|
2010
|
|
Баянауыл МҰТП |
60,0 |
60,0 |
60,0 |
60,0 |
60,0 |
60,0 |
Іле Алатауы
|
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Қатон-Қарағай
|
200,0 |
240,0 |
260,0 |
100,0 |
120,0 |
140,0 |
Қарқаралы МҰТП |
50,0 |
50,0 |
50,0 |
20,0 |
20,0 |
20,0 |
"Көкшетау"
|
365,0 |
365,0 |
365,0 |
85,0 |
85,0 |
85,0 |
"Семей орманы"
|
2000,0 |
5100,0 |
5700,0 |
2000,0 |
5100,0 |
5700,0 |
оның ішінде
|
0 |
3000,0 |
3500,0 |
0 |
3000,0 |
3500,0 |
"Ертіс орманы"
|
2228,0 |
3228,0 |
3728,0 |
2228,0 |
3228,0 |
3728,0 |
Оның ішінде
|
0 |
1000,0 |
1500,0 |
0 |
1000,0 |
1500,0 |
Сайрам-Өгем
|
10,0 |
30,0 |
50,0 |
10,0 |
30,0 |
50,0 |
Сандықтау ОӨОШ |
20,0 |
20,0 |
20,0 |
20,0 |
20,0 |
20,0 |
Барлығы: |
5033,0 |
9193,0 |
10333,0 |
4623,0 |
8763,0 |
9903,0 |
Көгалдандыру жұмыстарын көшет материалымен қамтамасыз ету бағыттарының бірі жеке орман тұқымбақтарын құру болып табылады.
Селекциялық орман орталықтары орман дақылы өндірісін селекциялық негізге көшіру және негізгі орман құрайтын және интродукцияланған тұқымдардың тұрақты орман тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Орталықтардың ең жақын перспективаға негізгі міндеттері:
олардың аумақтарындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерін күзету және күтіп ұстау;
мұрагерлік қасиеттері жақсартылған көшет материалын өсіру және онымен орман иеленушілерді қамтамасыз ету;
жаңа селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерін құру болып табылады.
5.2.2. Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық орман екпелер құру
Темір және автомобиль жолдары, арналар, магистральды құбыр желілері, басқа да желілік құрылыстар бойында қорғаныштық екпелер құру:
көлік магистральдарын қар көшкіндерінен, шаң-тозаңнан, құмнан қорғауға, оларды әдемілеп безендіруге, сондай-ақ автокөліктен шығатын газдың таралуына тосқауыл болатын және оны жұтатын жасыл желекті қорған ретінде пайдалануға;
қысқа мерзімді дем алуға жағдайлар (орындар) жасауға бағытталған.
Көлік және басқа да желілік құрылыстар бойында қорғаныштық екпелер құру және оларға күтім жасау қарауында немесе басқаруында темір жолдар, автомобиль жолдары және басқа да желілік құрылыстар бар ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Орман екпелеріне күтім жасауды, оларды құруды және қалпына келтіруді қамтитын автомобиль жолдарын көгалдандыру жұмыстарын қаржыландыруды автомобиль жолы саласына бөлінетін қаражат шегінде республикалық бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті жүргізеді.
Темір жолдар бойындағы жолақтарда жыл сайын 2008 - 2010 жылдар кезеңінде 58,6 мың көшет, автомобиль жолдарының бойында - 52,0 мың, оның ішінде 2008 жылы - 15,7 мың дана, 2009 жылы - 17,3 мың дана және 2010 жылы - 19,0 мың дана көшет отырғызылады.
Екпелер отырғызу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті мен "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ведомстволық ұйымдарының тұқымбақтарында өсірілген көшет материалымен жүзеге асырылатын болады.
Екпелер құру және оларға күтім жасау жөніндегі жыл сайынғы жұмыстардың көлемі көлік және басқа да желілік құрылыстар салу мен пайдалану жобалары мен жоспарларында көзделеді.
5.2.3. Гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында орман екпелерін құру
Қазіргі кезде Қазақстан су қоймаларының, арналары мен шағын өзендерінің үлкен бөлігінің су қорғау екпелері іс жүзінде жоқ десе де болады, олар су қорғау мақсатындағы жерлер алқабының небәрі 0,46% құрайды.
Өзендер, жылғалар, көлдер, су қоймалары және басқа да су айдындары, арналар, коллекторлар, Қазақстан аумағында 614,3 мың гектар жерді алып жатыр, су қорғау аймақтарының жалпы көлемі - 195,1 мың гектар. Ғылыми ұсыныстарға сәйкес гидрографиялық қор жерінің 8,5% орманды болған жағдайда су көздерін жеткілікті дәрежеде қорғау қамтамасыз етіледі. Осыны басшылыққа ала отырып, республика өзендерінің, арналарының және су қоймаларының су қорғау аймақтарында екпелер құру көлемі шамамен 16,5 мың гектар болады. 2008-2010 жылдар кезеңінде 543 гектар, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 450 гектар, Жамбыл облысында - 60 г және Оңтүстік Қазақстан облысында - 33 гектар қорғаныштық екпелер отырғызылады.
Ірі су қоймалары және олармен байланысты арналар төңірегінде қорғаныштық екпелер құру мен күтіп ұстауды су шаруашылығы объектілерін пайдалануға берілетін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырған жөн. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер арқылы өтетін суару желісі (арналар) бойында екпелер отырғызуды суару желісін пайдалану құқығы тиесілі меншік иелері немесе жер пайдаланушылар, ал шағын өзендер бойында - мемлекеттік орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері жүзеге асыруға тиіс.
5.2.4. Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Ескерту. 5.2.4-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 84 Қаулысымен.
Жасыл аймақтар - қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функциялар орындайтын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар мен орман саябақтары орналасқан қала шегінен тыс аумақ.
Ауаны оттегімен байытумен, табиғат келбетін әдемілеп безендірумен қатар дұрыс өсірілген екпелер аумақтардың желдетілуіне, лас ауаны тұрғын үйлер мен өндірістік аймақтардан алып кетуге көмектеседі, тік ауа қабаттарының пайда болуына және ластанған ауаның атмосфераның неғұрлым жоғары қабаттарында сейіліп кетуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ ауаны әртүрлі аэрозольдардан, шаң-тозаңнан, күйеден, майда күлден оларды жұтып қою арқылы тазартады.
Қазіргі Қазақстанның халық қоныстанған жерлерінің жүйесі 86 қаланы, 181 кент пен 7681 ауылды (селоны) қамтиды. Қазақстанда қала халқының саны 8,48 миллион адам.
17.5.3.01-78 "Қалалардың жасыл аймақтарының құрамы және мөлшері" мемлекеттік стандартының нормаларына сәйкес халықтың санын және аумақтың ормандылығын ескере отырып, жасыл аймақтардың жалпы көлемі 248,6 мың гектарды құрауға тиіс.
Қазіргі кезде мемлекеттік орман қоры аумағында 155,7 мың гектар жасыл аймақтар және 45,3 мың гектар қала ормандары мен орман саябақтары бар.
Елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды дамыту:
елді мекендерде белгіленген нормативтерге сәйкес жалпы жұрт пайдаланатын екпелер құруды;
өте әдемі және орнықты ағаш тұқымдары мен бұталар қалемшелерін өсіру үшін мемлекеттік және жеке орман тұқымбақтарының желісін дамытуды;
олардың аса шығымдылығын, өсіп-өнуі мен дамуын қамтамасыз ететін тамыр жүйесі жабық қалемшелерді жыл бойы отырғызу технологияларын қолдануды көздейді.
Жасыл желек құрылысы жоспарларын іске асыру облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардың басқаруымен "Жасыл ел" республикалық штабымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Барлық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің саябақтары құрылады.
Астана қаласында ботаникалық бақ отырғызу жоспарланып отыр.
Үш жыл ішінде 550 саябақ пен скверьлер құрылады (3-кесте).
3-кесте
р/с
|
Облыстар,
|
Саябақтар мен скверьлер
|
||
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қарағанды |
42 |
44 |
48 |
2 |
Қостанай |
12 |
14 |
17 |
3 |
Маңғыстау |
3 |
4 |
4 |
4 |
Павлодар |
13 |
14 |
14 |
5 |
Солтүстік
|
64 |
64 |
64 |
6 |
Оңтүстік
|
38 |
39 |
40 |
|
Барлығы: |
175 |
183 |
192 |
5.2.5. Астана қаласының жасыл аймағын құру
Астана қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарда одан әрі өрістей түседі.
2010 жылдың аяғына дейін:
оңтүстік-шығыс және шығыс бағыттарда 45 мың гектар алқапта жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Астана қаласының қала шетіндегі аймағындағы орман өсіруге жарамды 15,0 мың гектар алқапта екпелер құру;
90 мың гектар алқапта екпелерге агротехникалық күтім жасау;
ағаш және бұта тұқымдарының аязға, тұзға төзімді және жылдам өсетін түрлері болатын отырғызу материалының түр-түрін өсіру;
жылдам өсетін ағаш тұқымдарын аудандастыруды одан әрі жалғастыру;
"Жасыл аймақ" РМК-ның материалдық-техникалық базасын арнайы орман шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен нығайту көзделуде.
2008-2010 жылдарға арналған жұмыстар көлемі, сондай-ақ техникаға қажеттілік 4 және 5-кестелерде келтірілген.
4-кесте
р/с
|
Іс-шаралар атауы |
Өлшем
|
Жылдар |
Жиыны |
||
2008 |
2009 |
2010 |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Жобалау-іздестіру
|
мың гектар |
15 |
15 |
15 |
45 |
миллион теңге |
63,0 |
68,0 |
73,0 |
204,0 |
||
2. |
Жер пайдаланушылар-
|
миллион
|
50,0 |
70,0 |
70,0 |
190,0 |
3. |
Жер телімдерін бөлу |
мың
|
8 |
8 |
8 |
24 |
4. |
Көшет материалын
|
миллион
|
10,2 |
10,5 |
11,0 |
31,7 |
5. |
Тез өсетін ағаш
|
миллион
|
0,5 |
0,5 |
0,5 |
1,5 |
6. |
Жер дайындау |
мың
|
5,0 |
5,0 |
5,0 |
15,0 |
7. |
Орман екпелерін
|
мың
|
5,0 |
5,0 |
5,0 |
15,0 |
8. |
Агротехникалық
|
мың
|
0,25 |
0,25 |
0,25 |
0,75 |
9. |
Орман өсіруге күтім |
мың
|
4,0 |
4,0 |
4,0 |
12,0 |
5-кесте
Техника мен жабдықтар атауы |
Өлшем
|
Жылдар |
Жиыны |
||
2008 |
2009 |
2010 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тракторлар мен аспалы
|
дана |
97 |
106 |
116 |
319 |
оның ішінде күш
|
|
|
|
|
|
7 тонна |
дана |
12 |
18 |
25 |
55 |
4 тонна |
дана |
20 |
22 |
22 |
64 |
3 тонна |
дана |
65 |
66 |
69 |
200 |
5.3. Бағдарламаны іске асыруға жастардың қатысуы
Республика аумағының орманды жерлерін және көгалдандыру жұмыстарын ұлғайту жөніндегі міндеттерді шешу осы процеске жаңа жұмыс орындарын беру, мектеп орманшылықтарын, мектептердің усадьба жанындағы учаскелерін құру, орман мен бақ айлықтарын ұйымдастыру, Парктер шерулерін және басқа да қоғамдық экологиялық акциялар, оның ішінде:
әрбір оқушы жеке ағашын отырғызып, мектепті бітіргенге дейін оған күтім жасап, кейіннен ағашты қорғауға жаңа бірінші сынып оқушысына тапсырып кететін "Менің атаулы ағашым";
"Жасыл бақ - таза қала" сияқты акциялар өткізу жолымен жастарды, қоғамдық ұйымдарды тартуды көздейді.
Мектеп орманшылықтарының жұмысын қалпына келтіру жөнінде шаралар қолданылады және олардың қызметін ынталандыру мақсатында жыл сайын мектеп орманшылықтары арасында ұлттық конкурстар өткізіліп тұратын болады.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жалды ормандарды қалпына келтіруге жастар белсене қатысатын болады.
Көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жаз кезінде арнайы көгалдандыру жасақтары (құрылыс жасақтары) тартылатын болады, соның ішінде 2008-2010 жылдары жыл сайын 12 мың адамнан тартылады.
5.4. Жеке орман қорын қалыптастыру және дамыту
Жеке орман қорын дамыту республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту жолдарының бірі болып табылады. Облыстарда жеке орман қорын құру үшін жер қорынан және өзге санаттағы жерлерден жер телімдерін бөлу мүмкіндіктері айқындалды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға Бағдарламамен келесі көзделген:
1) Өңірлерде жеке орман қорын құру үшін бөлуге болатын жер телімдерінің алқаптарын анықтау, өзге жер санаттарын жеке орман қорының жерлері санатына (нысаналы мақсат - орман өсіру) ауыстыру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2) Жеке орман қорын құруға бөлінген жерлерде екпелерге мониторинг өткізу.
5.5. Орман орналастыру және орман шаруашылығын жобалау
Орман қорының жай-күйі туралы ақпарат алу орман орналастыру жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Ормандарды түгендеудің қашықтық әдістері мен компьютерлік технологияларды қолдану бөлігінде оларды жүргізу технологиялары жетілдірілетін болады. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын геоақпараттық жүйелік технологияларын енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу аса дәлме-дәл жоспарлау-картографиялық материалын алуға мүмкіндік береді.
Үш жыл ішінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарының аумағында 2480 гектар алқапта орман орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Орман өсіруге жарамды алаптарды және сүрек пен бұта тұқымдарының түр-түрін іріктеп алу, ормандарды молықтыру және орман өсіру кезінде орман дақылдарының шығымдылығын арттыру және отқа төзімді орман екпелерін алу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын өртке қарсы жарақтандыру жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде жүзеге асырылатын болады.
Ормандарды өртке қарсы жасақтау жобаларын әзірлеу жөнінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Өртке қарсы жасақтаудың жобалау жұмыстарының жалпы көлемі 406,6 мың гектар болады.
Сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында орман тұқымбақтарын жобалау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Жобаланып отырған орман тұқымбақтарының жалпы көлемі - 166 гектар.
5.6. Орман және орман-саябақ шаруашылығы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Саланы орман және орман-саябақ шаруашылығының жас мамандарымен қамтамасыз етуді Қазақ мемлекеттік ұлттық аграрлық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Бурабай экология және орман шаруашылығы колледжі, Риддер аграрлық-техникалық колледжі, Есіл ауыл шаруашылығы колледжі жүзеге асыруда.
Студенттердің оқу-өндірістік практикадан өтуін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қарасты Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді.
Орман шаруашылығының басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру үшін оларды жыл сайын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми-өндірістік орталығының базасында қайта даярлау жүзеге асырылуда.
Жастарды орман саласына тарту мақсатында орман және орман саябақ шаруашылығы мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыту, сондай-ақ болашақ орманшыларды Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Түркияның оқу орындарында жыл сайын 6 адамнан оқыту қажет.
5.7. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде келесі шараларды өткізу жоспарланып отыр:
"Жасыл ел" акцияларын өткізу, дөңгелек үстелдер, семинарлар, жарнамалық іс-шаралар, жазғы демалыс кезінде студенттік еңбек жасақтары үшін жұмыс көлемдерінің мониторингін еткізу, "Жасыл ел" бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шараларды жүйелі түрде ақпаратпен сүйемелдеп отыруды қамтамасыз ету.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Осы Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ қарыз бен гранттар бойынша берілетін қаражат болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте - 21714,83 миллион теңге, жергілікті бюджеттерде - 23539,66 миллион теңге, қарыз бен гранттар бойынша бөлінетін қаражат - 2141,30 миллион теңге мөлшерінде көзделуде.
2008-2010 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жергілікті бюджет туралы облыстық, Астана қаласы мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес нақтыланатын болады.
Елді мекендерді көгалдандыруды, жасыл аймақтар құруды және мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыруды қоса алғанда, бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жергілікті бюджеттердің қаражаты облыстар бойынша 5-кестеде келтірілген.
5-кесте
миллион теңге
Облыс |
Жергілікті бюджеттердегі қаражат барлығы,
|
|||||
Жергілікті бюджеттердің
|
оның ішінде ормандарды
|
|||||
2008
|
2009
|
2010
|
2008
|
2009
|
2010
|
|
Ақмола |
273,80 |
278,87 |
281,89 |
35,76 |
36,74 |
38,70 |
Ақтөбе |
396,47 |
355,02 |
253,14 |
20,84 |
22,01 |
22,00 |
Алматы |
367,38 |
383,37 |
399,04 |
29,23 |
31,08 |
33,14 |
Атырау |
89,70 |
91,00 |
92,00 |
2,40 |
2,70 |
2,70 |
Шығыс Қазақстан |
482,80 |
526,30 |
517,80 |
48,00 |
50,00 |
53,00 |
Жамбыл |
387,22 |
471,75 |
492,10 |
34,86 |
36,91 |
39,80 |
Батыс Қазақстан |
303,66 |
439,81 |
452,02 |
22,68 |
24,21 |
27,36 |
Қарағанды |
511,34 |
518,55 |
565,47 |
13,84 |
17,54 |
22,34 |
Қостанай |
386,30 |
405,50 |
426,71 |
36,10 |
38,84 |
41,39 |
Қызылорда |
148,28 |
149,25 |
150,26 |
18,79 |
19,73 |
20,72 |
Маңғыстау |
377,67 |
406,24 |
418,14 |
0,69 |
0,69 |
0,69 |
Павлодар |
591,15 |
665,37 |
664,49 |
37,22 |
129,72 |
128,73 |
Солтүстік Қазақстан |
267,38 |
286,10 |
306,12 |
62,88 |
69,78 |
79,48 |
Оңтүстік Қазақстан |
770,51 |
831,14 |
911,98 |
28,74 |
31,97 |
34,67 |
Астана қаласы |
1999,84 |
2179,44 |
2267,29 |
0 |
0 |
0 |
Барлығы: |
7353,50 |
7987,71 |
8198,45 |
392,03 |
511,92 |
544,72 |
Ормандарды өрттен күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөнінде бағдарламада көзделген іс-шаралардың негізгі көлемін мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері жүзеге асыратын болады. Орман орналастыру, жобалау-іздестіру, орманды авиациямен күзету және өзге де жұмыстарды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізеді.
Бағдарлама шеңберінде ормандарды авиациямен күзетуге - 2430,13 миллион теңге, Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құруға - 4938,68 миллион теңге көзделуде.
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға жұмсалатын қаржы шығындарының жалпы көлемі - 18734,43 миллион теңгені, соның ішінде мемлекеттік орман күзетін ұстау - 7409,11 миллион теңгені құрайды. Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге және молықтыруға қаражат қажеттілігі 6-кестеде келтірілген.
6-кесте
миллион теңге
Облыс |
Ормандарды күзетуге,
|
соның ішінде орман
|
||||
2008
|
2009
|
2010
|
2008
|
2009
|
2010
|
|
Ақмола |
261,72 |
266,07 |
268,32 |
204,65 |
204,03 |
202,89 |
Ақтөбе |
309,25 |
298,80 |
213,19 |
218,38 |
212,90 |
125,24 |
Алматы |
331,43 |
344,75 |
359,43 |
281,40 |
291,72 |
303,22 |
Атырау |
35,70 |
36,00 |
37,00 |
31,30 |
31,30 |
32,30 |
Шығыс Қазақстан |
425,90 |
463,10 |
448,00 |
298,90 |
333,60 |
315,00 |
Жамбыл |
252,21 |
275,86 |
295,25 |
105,00 |
115,00 |
125,00 |
Батыс Қазақстан |
240,02 |
338,28 |
347,66 |
158,74 |
266,84 |
272,80 |
Қарағанды |
161,16 |
158,43 |
192,40 |
92,23 |
110,51 |
137,80 |
Қостанай |
336,00 |
353,00 |
370,00 |
236,42 |
247,32 |
258,41 |
Қызылорда |
129,44 |
130,41 |
131,42 |
107,45 |
107,45 |
107,45 |
Маңғыстау |
9,52 |
4,12 |
4,12 |
1,90 |
1,96 |
1,90 |
Павлодар |
319,00 |
320,51 |
392,12 |
98,90 |
127,50 |
163,10 |
Солтүстік Қазақстан |
266,03 |
284,62 |
304,45 |
164,54 |
173,33 |
182,98 |
Оңтүстік Қазақстан |
351,44 |
384,04 |
384,04 |
259,77 |
270,27 |
291,81 |
Астана қаласы |
129,43 |
195,64 |
166,04 |
32,86 |
42,30 |
60,8 |
Барлығы: |
3558,25 |
3853,63 |
3913,44 |
2292,43 |
2542,95 |
2580,70 |
Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жалпы алғанда 3650,19 миллион теңге, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 949,19 миллион теңге, оның ішінде нысаналы трансферттермен жергілікті бюджеттерге - 1747,83 миллион теңге және ХКДБ есебінен - 953,17 миллион теңге қажет. Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатына қажеттілік 7-кестеде келтірілген.
7-кесте
миллион теңге
Қаржыландыру
|
Барлығы |
соның ішінде жылдар бойынша |
||
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қаражат барлығы |
3650,19 |
1750,37 |
970,25 |
929,57 |
1. Мемлекеттік
|
2697,02 |
998,63 |
872,94 |
825,45 |
1) республикалық
|
949,19 |
412,76 |
264,81 |
271,62 |
соның ішінде
|
446,69 |
245,26 |
97,31 |
104,12 |
2) жергілікті
|
1747,83 |
585,87 |
608,13 |
553,83 |
соның ішінде
|
|
|
|
|
Ақмола |
38,47 |
12,08 |
12,81 |
13,58 |
Ақтөбе |
155,04 |
78,32 |
46,77 |
29,96 |
Алматы |
114,16 |
35,94 |
38,62 |
39,60 |
Атырау |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Шығыс Қазақстан |
30,00 |
10,00 |
10,00 |
10,00 |
Жамбыл |
450,00 |
110,46 |
169,24 |
170,30 |
Батыс
|
211,85 |
45,0 |
82,31 |
84,54 |
Қарағанды |
100,60 |
59,84 |
27,77 |
12,99 |
Қостанай |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Қызылорда |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Маңғыстау |
20,45 |
17,45 |
1,00 |
2,00 |
Павлодар |
312,70 |
115,20 |
114,40 |
83,10 |
Солтүстік Қазақстан |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Оңтүстік Қазақстан |
169,15 |
54,08 |
56,11 |
58,96 |
Астана қаласы |
145,4 |
47,5 |
49,1 |
48,8 |
2. Жоба шеңберінде ХҚДБ
|
953,17 |
751,74 |
97,31 |
104,12 |
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, оларды ұтымды пайдалану саласындағы ахуалды тұрақтандыруға, ормандардың сақталуын және орман өрттері мен заңсыз ағаш кесуден болатын залалдарды азайтуға және кейіннен орман шаруашылығын жүргізу тиімділігін арттыру үшін негіз қалауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудан күтілетін негізгі нәтижелер:
орман өрттері зақымдайтын алқаптарды өрт қаупі бар кезеңде 10,0 мың гектардан аспайтын көрсеткішке дейін азайту;
ормандарды молықтырудың жалпы көлемі 145,18 мың гектар, соның ішінде 2008 жылы - 37,49 мың гектар, 2009 жылы - 47,63 мың гектар және 2010 жылы - 60,06 мың гектар болады;
550 саябақ пен скверлер қалыптастыру;
15,0 мың гектар, жыл сайын 5 мың гектар алқапта Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру;
15 мың гектар алқапта екпелер отырғызу жобасын және 406,6 гектар алқапта ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобаларын, жалпы көлемі 166 гектар орман тұқымбақтарының жобаларын әзірлеу;
2008-2010 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жыл сайын 12000 жасты тарту;
мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғат қорғау мекемелерінің және саланың басқа да мамандандырылған ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жыл сайын 83,0 миллион теңгеге нығайту, жыл сайын мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің 47 қызметкерінің біліктілігін арттыру, бұл алдағы уақытта орман шаруашылығын жүргізу тиімділігін арттыруға, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
жаңа селекциялық-тұқымбақтық объектілерді құру.
8. 2008-2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
|
Іс-шаралар |
Аяқталу
|
Орын-
|
Орын-
|
Болжамды
|
Қаржы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және орман
|
||||||
1.1. |
Ерекше қорғалатын
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.2. |
Сандықтау
|
Қазақ-
|
АШМ |
1 ақпан,
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.3. |
Мемлекеттік
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
1.4. |
Республикалық
|
Қазақ-
|
АШМ |
1 ақпан,
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.5. |
Мемлекеттік ор-
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
1.6. |
"Ормандарды
|
Қазақ-
|
АШМ |
1 ақпан,
|
2008 жыл
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.7. |
Кордондар, өрт
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1 ақпан,
10
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.8. |
"Ормандарды сақ-
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.9. |
Республикалық
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.10. |
Қазақстан
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1 ақпан,
10
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.11. |
"Ормандарды сақ-
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.12. |
Ормандарды
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
1.13. |
Ормандарды
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, елді
|
||||||
2.1.
|
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше
|
|||||
2.1.1. |
Тұқым дайындау,
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.1.2. |
Орман дақылдары
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.1.3. |
Орман тұқымбақ-
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2010 жыл
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.1.4. |
Орманның табиғи
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.1.5. |
Себу және отыр-
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.1.6. |
"Ормандарды сақ-
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
2009 жыл
|
Респуб-
|
2.2. Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық
|
||||||
2.2.1. |
Жалпы жұрт пай-
|
АШМ-ге
|
ККМ
|
10
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.2.2. |
Темір жолдар
|
АШМ-ге
|
ККМ
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.3. Гидрографикалық желі, арналар және су қоймалары бойында орман екпелерін құру |
||||||
2.3.1. |
Су қорғау
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.4. Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру |
||||||
2.4.1. |
Елді мекендердің
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.4.2. |
Облыс орталықта-
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.4.3. |
Облыстардың елді
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.4.4. |
Жергілікті
|
АШМ-ге
|
Облыс-
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.5. Астана қаласының жасыл аймағын құру |
||||||
2.5.1. |
Жасыл аймақтың
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.5.2. |
Жасыл аймақтың
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.5.3. |
Жасыл аймақта
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.5.4. |
ҚР АШМ Орман
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.6. Бағдарламаны іске асыруға жастардың қатысуы |
||||||
2.6.1. |
Республика
|
АШМ-ге
|
БҒМ |
10
|
Шығынсыз |
|
2.6.2. |
Республикалық
|
АШМ-ге
|
БҒМ |
10
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.6.3. |
"Жасыл ел" жас-
|
АШМ-ге
|
БҒМ |
Сәуір,
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.6.4. |
"Жасыл ел"
|
Қазақ-
|
АШМ
|
Қазан,
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.6.5. |
"Жасыл ел"
|
АШМ-ге
|
БҒМ |
Қазан,
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
2.6.6. |
Республика
|
АШМ-ге
|
БҒМ,
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.6.7. |
Мектеп орманшы-
|
АШМ-ге
|
БҒМ,
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.6.8. |
Мектеп
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.7. Жеке орман қорын қалыптастыру және дамыту |
||||||
2.7.1. |
Жеке орман қорын
|
Қазақ-
|
АШМ
|
1
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
2.7.2. |
Аймақтарда жеке
|
Жергі-
|
ЖРА
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
3. Орман орналастыру және орман шаруашылығын жобалау |
||||||
3.1. |
Орман мекемеле-
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
3.2. |
Мемлекеттік
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
4. Орман және орман-саябақ саласында кадрлар даярлау және
|
||||||
4.1. |
Орман және орман
|
Қазақ-
|
АШМ |
1
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
5. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету |
||||||
5.1. |
"Жасыл ел"
|
АШМ-ге
|
БҒМ
|
10
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
5.2. |
Дөңгелек
|
АШМ-ге
|
БҒМ
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
5.3. |
Жарнамалық
|
АШМ-ге
|
БҒМ
|
10
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
5.4. |
Жазғы демалыс
|
АШМ-ге
|
БҒМ
|
сәуір-
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
5.5. |
"Жасыл ел" бағ-
|
АШМ-ге
|
МАМ |
тұрақты |
Шығынсыз |
Мемле-
|
|
Мемлекеттік
|
|
|
|
2008 жыл
|
|
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2008 жыл
|
Респуб-
|
|
|
|
|
|
2008 жыл
|
Жергі-
|
|
Қарыз қаражаты |
|
|
|
2008 жыл
|
|
Ескертпе
:
2008-2010 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жергілікті бюджет туралы облыстар, Астана қаласы мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес нақтыланатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық
министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігі