Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 905 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қазандағы
N 905 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының

      Күләш Ноғатайқызы Білім және ғылым вице-министрі

      Байкенжеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық

      Ақылбек Спандиярұлы қауіпсіздік комитетінің

      Департаменті бастығының

      орынбасары (келісім бойынша)

      Әлиев - Қазақстан халықтары

      Жұматай Әлиұлы Ассамблеясы төрағасының

      орынбасары - Хатшылықтың меңгерушісі

      (келісім бойынша)

      Аманшаев - Астана қаласы әкімінің

      Ермек Әмірханұлы орынбасары

      мына:

      "Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының

      Төлеген Мұхамеджанұлы Парламент Мәжілісінің депутаты"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының

      Төлеген Мұхамеджанұлы Парламент Сенатының депутаты

      (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Әлкенов Нұрлан Қаратайұлы, Терещенко Сергей Александрович, Мұстафина Сәбила Сапарқызы шығарылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.19 N 940 Қаулысымен.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.