Қазақстан Республикасының " Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
N 731 қаулысымен
бекітілген
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Ереже алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
3. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жергілікті атқарушы органдар береді.
4. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия бас лицензия болып табылады.
2. Лицензиялаудың тәртібі
5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ставка бойынша алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
6) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар:
алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде меншік құқығындағы немесе жалға алынған қойма, қосалқы және инженерлік-техникалық үй-жайлардың барлығын растайтын құжаттардың (қойма, қосалқы және инженерлік-техникалық үй-жайларды сатып алу-сату немесе жалға алу шарттары) көшірмелері;
алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде меншік құқығындағы немесе жалға алынған сауда үй-жайларын, тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайларды, қосалқы үй-жайларды, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды және техникалық учаскелерді қамтитын стационарлық үй-жайлардың барлығын растайтын құжаттардың (тұрақты үй-жайларды сатып алу-сату немесе жалға алу шарттары) көшірмелері;
тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді регламенттейтін техникалық құжаттаманың (санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері) көшірмелері;
қойма үй-жайларға автомобиль және/немесе темір жол кіреберістердің барлығы туралы құжаттардың (қойма үй-жайларға автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерін салуға арналған шарттар) көшірмелері;
техникалық реттеу саласындағы органдармен белгіленген тәртіппен келісілген өлшеу құралдарының тізбесі және оларды тексерудің кестесі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1181 Қаулысымен.
6. Лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
8. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.
Көрсетілген органдар жиырма бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1181 Қаулысымен.
9. Лицензиар алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеуді жүзеге асырады.
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1181 Қаулысымен.
11. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 4-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартқанда, өтініш берушіге бас тартудың дәлелді жауабы лицензияны беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде беріледі.
12. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
13. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, және лицензиар күнтізбелік отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Z990429
16. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) лицензия алып қойылғанда;
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатын қызметтер тізбесінен алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату алып тасталса тоқтатылады.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтарады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
N 731 қаулысымен
бекітілген
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау мен көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау мен көтерме саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) қойма үй-жайлары - тек қана алкоголь өнімін сақтау, қабылдау мен шығаруға арналған мамандандырылған тұрақты үй-жайлар;
қосалқы үй-жайлар - ыдыстарды сақтау, өнімді сату, қабылдау-орауын ашу және буып-түю жұмыстары үшін, сондай-ақ тауар үлгілерінің стенд-витриналары;
инженерлік-техникалық үй-жайлар (жабдықтарды сақтау, көтергіш көлік тетіктерін қою, өрт дабылы болмаған кезде, өрт күзеті үшін);
алкоголь өнімін сату кезінде қойма үй-жайлары қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;
2) қойма үй-жайларға автомобиль және/немесе темір жол кіреберістері;
3) коммуникациялық жүйелер - салқын сумен жабдықтау, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау, желдету, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдар, өрт дабылы (өрт күзеті);
4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін техникалық құжаттама (санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері);
5) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарымен белгіленген тәртіппен келісілген өлшеу құралдары және оларды тексеру кестесі;
6) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес келетін сақтау жағдайлары (температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де жағдайларын ұстану);
7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істеушілердің еңбек жағдайын қамтамасыз ететін арнаулы киімдер мен басқа да қорғаныш құралдары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1181 Қаулысымен.
2. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) тұрақты үй-жайлар, яғни сумен жабдықталған, энергиямен, кәрізбен (ауылдық жерлердегі елді мекендерден басқа), өртке қарсы қондырғыларымен жабдықталған, оларды қозғау өздерінің құрастырмаларына зиян келтірусіз мүмкін емес іргетасы бар күрделі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөліктері.
Тұрақты үй-жайда мынадай топтарға бөлінетін үй-жайлардың кешені болуы тиіс:
сауда үй-жайы (сауда залы, яғни тауарлардың жұмыс және көрмелік қоры қойылатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарларды іріктеуді жүзеге асыратын, таңдап алынған тауарларға есеп айырысу операциялары жүзеге асырылатын, сатып алушыларға түрлі қосымша қызметтер көрсетілетін үй-жай). Сауда залдарына, сондай-ақ мейрамханаларға, кафе, барларға келушілерге қызмет көрсету залдары да жатады;
қабылдауға, сақтау мен тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жай (бұларға: тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмелері, түсіру орындары, шағын қоймалар, тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жайлар, орау-қаптау және жинақтау орындары да жатады);
қосалқы үй-жайлар (ыдыстар мен контейнерлерді сақтауға арналған, ыдыстарды қабылдауға арналған үй-жай);
әкімшілік-тұрмыстық үй-жай;
техникалық учаскелер (желдеткіш камералар, ауаны салқындату камералары және басқалар).
Алкоголь өнімін сату кезінде тұрақты үй-жайлар қоршауының шекарасы балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейін бір жүз метрден астам радиуста орналасуы тиіс;
2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары;
3) алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасаумен айналысатын субъектілердің қызметін регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттамалар (алкоголь өнімінің қорабына, қабылдау мен сақтауға қойылатын талаптарды регламенттейтін санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері);
4) стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарының сапасына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналар (аспалы, мамандандырылған), сөрелер және басқа да жабдықтар;
5) сақтау кезінде сапасының жоғалуына жол бермейтін, МЕМСТ белгілеген талаптарға (температуралық режимді және тауарлардың көршілестігінің басқа да параметрлері мен басқа да сақтау жағдайларын ұстану) сәйкес келетін сақтау жағдайлары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1181 Қаулысымен.