Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 618 Қаулысы

Қолданыстағы

       РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері" деген 2-бөлімдегі "Болжам 2007 ж." деген бағандағы»"0,80" деген сандар»"0,98" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 520-құжат):
      1-тармақтағы»"0,80",»"0,30",»"0,37" деген сандар тиісінше "0,98",»"0,35",»"0,50" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі