Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі N 618 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1.»Қазақстан Республикасы Президентінің»"Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және»"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және»"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
 
      Оразбақов                    - Қазақстан Республикасының
      Ғалым Ізбасарұлы               Индустрия және сауда министрі,
                                     төрағаның орынбасары,

      Кравченко                    - Қазақстан сапа көшбасшылары
      Иван Михайлович                қауымдастығының басқарма
                                     төрағасы (келісім бойынша),

      Кузлякин                     - Қазақстан Сүт одағының тең
      Александр Константинович       төрағасы (келісім бойынша),

      Перуашев                     - "Атамекен" Одағы" Қазақстан
      Азат Тұрлыбекұлы               ұлттық экономикалық палатасы"
                                     заңды тұлғалар бірлестігінің
                                     басқарма төрағасы (келісім
                                     бойынша),

      Түймебаев                    - Қазақстан Республикасының Білім
      Жансейіт Қансейітұлы           және ғылым министрі;

      көрсетілген комиссияның құрамынан В.С.Школьник, Б.С.Әйтімова, В.Я.Дворецкий, С.Ю.Савченко, А.С.Соловьева шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті