Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.12 № 1434 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.10 N 1318 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.10 N 1318 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.10 N 1318 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. "Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 398-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»17 шілдедегі
N 601 қаулысымен
бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.10 N 1318 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17 шілдедегі
N 601 қаулысымен
бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
Ескерту. Талаптарына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.06. N 639 Қаулысымен.
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары аудиторлық ұйым үшін:
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
2) жарғылық капиталда аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлестің жүз пайызы;
3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудитор ретінде өз қызметін жүзеге асыратын кемінде екі аудитор;
4) аудиторлық ұйым басшысында, сондай-ақ аудиторларда аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде шетелдік аудиторлық ұйым үшін, жоғарыда санамаланған біліктілік талаптардан басқа, мынадай қосымша талаптар қойылады:
1) шетелдік ұйым аудиторлық деп танылуы тиіс;
2) оның Қазақстан Республикасының тиісті аудиторлық ұйым-резидентін құруы.
Ережеге
1-қосымша
Аудиторлық қызметке қойылатын
біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы
аудиторлық ұйымның есебі
200_жыл үшін
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмірі мен берілген күні ____________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің сериясы, нөмірі, берілген күні ___________________________________
__________________________________________________________________
СТН (БСН*) _______________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
(аты-жөні,»аудитор» біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні)
__________________________________________________________________
Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік
жазалардың болуы _________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жаза қашан, не үшін және қай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және
(немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес:
Аудитордың немесе |
Жарғылық капиталдағы |
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы:
Құрылтайшылардың |
Қызмет түрлерін |
||
Ия |
Жоқ |
Ия |
Жоқ |
Ұйымның сандық құрамы:
Қызметкерлердің жалпы |
Оның ішінде штатта |
||
Өткен |
Есепті |
Өткен |
Есепті кезеңде |
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлар:
Аты- |
"аудитор" |
Жалпы жұмыс |
Есепті кезеңде |
Уәкі- |
||
Аудит |
Өзге |
Ия |
Жоқ |
|||
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
Аудитордың аты-жөні |
Біліктілігін арттыру- |
Кәсіптік ұйымда мүшелігі:
Атауы |
Кіру (қайта кіру) күні |
Аудиторлық ұйымның филиалдары туралы деректер:
Р/с |
Филиал- |
Басшының |
Филиалды |
Өтініш |
Басшы _________________ ________________________________
Қолы (аты-жөні)
М.О.
Ескертпе:
БСН* - бизнес-сәйкестендіру нөмірі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ережеге
2-қосымша
200 _ жыл үшін
аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
бойынша есептілік
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.06. N 639 Қаулысымен.
Аудиторлық қызметті жүргізу жылдарының саны |
|||
1 жылдан |
1-2 жыл |
3-4 жыл |
5 және |
Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
Аудитті жүргізуден |
|
Клиенттердің саны |
|
Барлық түрдегі |
|
сөзсіз оң |
|
шартты түрде оң |
|
теріс |
|
пікір білдіруден бас |
|
өзге де |
Басшы ______________________ __________________________
Қолы (аты-жөні)
МО.