"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі
;
2) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
бекітілсін.
2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы N 1018 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 40, 421-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 шілдедегі
N 580 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман
пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті (бұдан әрі - сүрек дайындау жөніндегі қызмет) лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Сүрек дайындау жөніндегі қызметпен айналысуға лицензияны (бұдан әрі - лицензия) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) мерзімін шектемей береді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
3. Сүрек дайындау жөніндегі қызмет ағаш кесудің барлық түрін - басты мақсатта пайдалануға, аралық мақсатта пайдалануға ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді жүзеге асыруды қамтиды.
4. Лицензия ағаштарды құлатуды, бұтақтарды кесуді, сүректі сүйрей тасуды, көлденең бөлуді, сүректі тиеуді және тасып әкетуді, кеспеағаштарды тазартуды қоса алғанда, сүрек дайындау жөніндегі қызмет кезінде жүзеге асырылатын барлық технологиялық операцияларға беріледі.
5. Лицензиар лицензиялар тізілімін Заңда айқындалған мәліметтерді көрсете отырып жүргізеді.
6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар, оның ішінде:
дипломның және тиісті оқудан өткені туралы, инженер-техник қызметкердің және оқыған персоналдың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
инженер-техник қызметкердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының көшірмесі;
өтініш беруші мен инженер-техник қызметкер, персонал арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім-шарттарының көшірмелері;
ағаш дайындау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қолданылатын техникаға, жабдықтар мен аспаптарға техникалық паспорттардың көшірмелері;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 268
бұйрығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі
ережесінде
көзделген өрт сөндіру жабдықтары мен құралдарының болуын растайтын құжат;
еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманды белгілеуді растайтын бұйрықтың немесе келісім-шарттың көшірмелері.
7. Лицензия беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттың қабылданған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
8. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
9. Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы уәжді жауап қайтаруға міндетті.
3. Лицензия беруден бас тарту, лицензияның
телнұсқаларын қайта ресімдеу, беру, қолданылуын
тоқтату және тоқтата тұру
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының
заңдарында
өтініш берушілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) осы Ереженің 6-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот үкімі болса лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген кезде ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
13. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензиядан айырғанда;
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен осы қызмет түрі алынып тасталғанда тоқтатылады.
14. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 шілдедегі
N 580 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман
пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау
жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Осы Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке (бұдан әрі - сүрек дайындау жөніндегі қызмет) лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Біліктілік талаптары:
1) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман инженерлік ісі, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіби білімі немесе тиісті орта кәсіби білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкердің - жауапты орындаушының;
2) ағаш құлату, бұтақтар кесу, сүректі сүйрей тасу, сүректі тиеу және тасып әкету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге үйретілген персоналдың;
3) меншік құқығындағы материалдық-техникалық база:
тарту күшінің сыныбы 14 кН-нан аспайтын (сүйреу және тиеу құрылғылары бар) сүректі сүйрей тасуға, тиеуге және тасып әкетуге арналған, тракторлардың немесе тарту күшінің сыныбы 40 kH-нан аспайтын арнайы сүйрей тасу тракторларының, ағаш тасушының, техникалық сипаттамалары бар әбзелдердің, аспаптар мен құрылғылардың, ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 141
қаулысымен
бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскілерінде ағаш кесу
ережесімен
белгіленген ағаш кесу жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш өсіру - экологиялық талаптарын орындауды қамтамасыз ететін ағаштарды кесіп құлатудан бастап оларды тиеуге және тасып әкетуге дейінгі жұмыстар кешенін орындауға арналған бензин моторлы аралардың немесе ағаш кесу машиналарының;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 268 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарында
өрт қауіпсіздігі
ережесінде
көзделген өрт сөндіру жабдықтары мен құралдарының болуын;
5) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуын қамтиды.