Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 536 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1189 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.11 № 1189 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын , "Қазақстан Республикасының қаржылық секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25
желтоқсандағы N 1284 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (келісім бойынша) жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдын 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі не Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

      3. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 27 маусымдағы    
N 536 қаулысымен        
   бекітілген           

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ
2007-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

1. Паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Паспорты

Бағдарламаның
атауы

Қазақстан Республикасы халқының  инвестициялық
мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың
2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауы,"
Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңы,
"Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284
қаулысы, "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығының 49-тармағы, "Мемлекет басшысының
2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарламасын орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
сәуірдегі N 319 қаулысының 11.3-тармағы

Бағдарламаны
әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Бағдарламаның
мақсаты

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және
еліміздің экономикалық өсуіне халықтың жинақ
ақшасын тартуды қамтамасыз ету

Бағдарламаның міндеттері

Халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау
жөнінде шешімдер қабылдауына әсер етудің
оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы
қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын
анықтау;
Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының
инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен
насихаттау;
азаматтарға өзекті және айқын ақпарат негізінде
бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері
туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді
жүйесін құру, оның ішінде түрлі қаржы
құралдарын пайдалану саласында халықты негізгі
біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ қор нарығы
құралдарына салым салуға байланысты
тәуекелдерді бағалау;

Іске асыру
мерзімі
(кезеңдер)

2007-2011 жылдар

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мен көздері

республикалық бюджеттің  қаражаты  есебінен
3 993 220 500 теңге,
оның ішінде:
2007 жылы - 600 000 000 теңге;
2008 жылы - 697 505 000 теңге;
2009 жылы - 900 000 000 теңге;
2010 жылы - 900 000 000 теңге;
2011 жылы - 895 715 500 теңге

Күтілетін нәтижелер

Қор нарығында инвестициялау тетіктерін
пайдаланатын халықтың үлесін арттыру;
отандық нарықтағы инвестициялық үдерістердің он
имиджін құру;
инвестициялық жобаларға тартылған халықтың
қаражатын арттыру;
экономикалық дамуды жылдамдату мақсатында
экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту;
қаржы ағындарының ашықтығын арттыру;
республика азаматтары жинақ ақшасының
жылжымайтын мүлікке инвестициялық
операциялардан тәуелділігін төмендету;
қаржылық инфрақұрылымды дамыту

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Жолдауына , "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 қаулысына , "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығының 49-тармағына, "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысының 11.3-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаржы нарығы жылдам өсіп жатқан экономикада ерекше рөл атқарады, оның тиімділігі барлық: банктік, қор, сақтандыру, зейнетақы секторларын дамытудың теңгерімділігімен анықталады.
      Қор нарығы нарықтық реттеу құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бағалы қағаздардың тиімді жұмыс істейтін нарығы инвестициялық ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік бере отырып,
неғұрлым кірісті және перспективалы салаларда (кәсіпорындарда, жобаларда) олардың шоғырлануын қамтамасыз ете отырып және сонымен бір уақытта дамудың нақты белгілі бір перспективалары жоқ салалардан қаржы ресурстарын тарта отырып, маңызды макроэкономикалық
функцияны атқарады. Осылайша, бағалы қағаздар нарығы біршама ықтимал қаржы арналарының бірі болып табылады, ол бойынша жинақ ақша инвестицияларға қайта бағытталады. Сонымен бір уақытта, бағалы қағаздар нарығы инвесторларға жинақ ақшаларын сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.
      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру әртүрлі және бірдей емес факторлар қатарының әсерінен болады, оның арасында: жекешелендіру қарқыны, эмиссия мөлшері және бағалы қағаздарды өтеу, инфляция деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қайта
қаржыландыру ставкасының маңызы, әртүрлі қаржы құралдарының кірістілік дәрежесі, инвесторлардың мүмкіндігі және қор нарығында олардың қызметіне мемлекеттік бақылау деңгейі.
      Қор нарығын одан әрі дамыту кейбір элементтерді жүзеге асыруға тәсілдеменің кезеңділігіне және ұйымдастырылуына байланысты. Ең алдымен, оның негізгі құрауыштарының бірі маңызды - бұл жеке инвесторлар класын қалыптастыру, экономикалық менталитетін және дүниетанымын қалыптастыру, ол жеке инвестицияларды қазақстан экономикасының маңызды буынын жасауға мүмкіндік беретін еді.
      Осы Бағдарламаны әзірлеу халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыру, әртүрлі қаржы құралдарын пайдалану саласында халыққа негізгі білім беру, халықтың қаржы қаражатын
инвестициялаудың тәуекел сегменттерімен кіріске және қор нарығының шамалы тәуекелді қаржы құралдарына бөлу, экономиканың қаржы секторына жеке тұлғалардың қаражатын тарту, кірістің ұлғаюы бойынша оның мүмкіндігін жұртшылыққа түсіндіру, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыра отырып, өзіне алатын тәуекелдер қажеттігінен туындады.
       Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Қаржы секторының қарқынды өсуі Қазақстанды жеделдетіп дамытудың, экономикадағы құрылымдық қайта құрулардың және мемлекеттік басқару реформасының маңызды құрауышы болып табылады. Бұл өнімге және қаржы секторының қызметтеріне өсіп бара жатқан ішкі сұраныстан көрінеді.
      Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша экономикадағы банктердің кредит көлемі 81%-ға, 4 691 миллиард теңгеге дейін 37,2 миллиард долларға жуық) өсті. Жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі - ЖІӨ) экономикадағы банктер кредиттер
қатынасының көрсеткіші 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 34,1%-дан 48,2%-ға дейін артты.
      Бұл ретте ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұлттық валютада кредиттер 2006 жылы 92,8%-ға, 2 422 миллиард теңгеге дейін, шетел валютасында 69,8%-ға, 2 269 миллиард теңгеге дейін
(18 миллиард долларға) өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 48,4%-дан 51,6%-ға дейін артты.
      Келтірілген деректер халық валюта бағамының серпіні туралы, теңгемен және валютамен кредиттердің»"пайдалы"»әрі»"пайдасыз" тұстары туралы жеткілікті мөлшерде хабарландырылғаны туралы куәландырады, бұл оған тиісті қорытындылар жасауға және кредитті алу және қайтару неғұрлым пайдалы болып табылатын, сол валютаның пайдасына артықшылық беруге мүмкіндік береді.
      2006 жыл ішінде позитивті өзгерістер мерзім бойынша кредиттер құрылымында да болды, мұнда ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі (1 жылдан астам мерзіммен) қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұзақ мерзімді кредиттер 2 есеге жуық 3 434,3 миллиард теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер -44,6%-ға, 1 256,7 миллиард теңгеге дейін өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 66,5%-дан 73,2%-ға дейін ұлғайды. 2006 жылы ұқсас кезеңдерге ЖІӨ-ге жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 8,8%-дан 15,8%-ға дейін өсті.
      Осы өсу ипотекалық және тұтыну кредитін беру сияқты банктік өнімдердің мұндай түрлерін біршама кеңейтуге негізделген. Сонымен, 2006 жыл ішінде тұтыну кредиттері 777,0 миллиард теңгені құрай отырып, 2,4 есеге өсті, ипотекалық кредиттер 79,6%-ға 396,1 миллиард теңгеге дейін өсті.
      Жеке тұлғалардың депозиттері 73,6%-ға, 1 020 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2006 жылы депозит нарығын дамытудың маңызды сәті ұлттық валютада депозиттердің біршама өсуі болды. Бұл теңге құралдарына сенімнің өсуі туралы, сондай-ақ теңгемен
депозиттерге салымдардың пайдасын клиенттердің түсінуін де білдіреді, өйткені артықшылық валютамен және теңгемен депозиттер бойынша сыйақы ставкаларындағы айырмаға байланысты. Депозиттердің жалпы көлемінде теңгемен депозиттердің үлес салмағы 58,1%-дан 64,8%-ға дейін ұлғайды.
      Төлем карточкалары сияқты бөлшек қолма-қол емес есептесулерді жүзеге асырудың мұндай құралы көпшілікке белгілі болып келеді: қазіргі уақытта орташа алғанда республикада 4 адамға бір төлем карточкасынан келеді, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа алғанда 5 адамға бір төлем карточкасынан келген болатын. Соңғы жылдары төлем карточкалары нарығында клиенттерге ұсынылатын қызметтер сегменті біршама кеңейтілді, жаңа карточка өнімдері енгізілуде.
      Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 27,9%-ға артты және 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,93 миллион адамды немесе елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 49%-ын құрады (салыстыру үшін, 2006 жылғы 1 қаңтарда осы ара қатынас 39%-ды
құрады).
      Санамалаған көрсеткіштер, бір жағынан, қаржы нарығы агенттерінің жаңа қызметтерін пайдаланатын және пайдалануға дайын халықтың сол белсенді бөлігінің болуы туралы, ал екінші жағынан, бірінші кезекте, банктердің қызметтерін кең жарнамалау тиімділігі
туралы куәландырады.
      Мүлікті заңдастыру бойынша науқанның алдын ала нәтижелері өз құқықтарын халыққа жеткізу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттаудың шындығы, сондай-ақ бағалы қағаздарды салу арқылы Қазақстан экономикасына жіберілуі мүмкін халықта қаражаттың болуы туралы да
куәландырады: 2007 жылы наурыздың аяғында мүлікті заңдастыруға алымдар түрінде 7 700 миллион теңге түсті, оның ішінде ақшаны заңдастыруға түскені - 5 400 миллион теңге.
      Алайда, қаржы секторы өсуінің әсерлі қарқынына қарамастан, оны дамытуда проблемалар қатары бар.
      Жылдан-жылға өсіп келе жатса да, тұтыну кредиттері нарығының ахуалы белгілі бір алаңдатушылық туғызады: халық жеке мүмкіндігін есептеместен, кредиттер алады да борышкер болып шығады. Клиенттер келісім-шарттың талабын байымдамайды, кредит беру туралы шартты
жасаспас бұрын мамандардан кеңес алуды қажет деп санамайды.
      Зейнетақы жүйесінің мүмкіндіктеріне қатысты ағартушылық жұмыстар өткізуді қажет ететін зейнетақы қорларының қызметтерін пайдаланбайтын өз-өзімен жұмысбасты қызметкерлердің санаты бар.
      Бір жағынан инвестициялық белсенділік пен халықтың сауаттылығының көрсеткіші болуы мүмкін халықтың еркін зейнетақы жарналары өте шағын: 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ашық жеке зейнетақы шоттарының саны 35 174 немесе жеке зейнетақы шоттарының жалпы санының 0,43%-ын құрады.
      Бағалы қағаздардың нарығы сияқты қаржы секторының мұндай бөлігінің көлемі Қазақстанда елеусіз қалып келеді. Бүгінгі таңда тіркелген брокерлік шоттардың саны өте аз: 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3800-ге жуық, оның шамамен 2200»"Қазақтелеком"»
акционерлік қоғамының акцияларды орналастыру нәтижесінде ашылды. Басқа сөзбен айтқанда, қор нарығында жұмыс істейтін делдалдардың қызметтерін халықтың 0,04%-ы пайдаланады. Бұл ретте тіркелген брокерлік шоттар арасында жұмыс істемейтін шоттар да бар. Қазақстан
Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің деректері бойынша Қазақстандық қор биржасында жеке инвесторлар саны 2000 адамнан аспайды. 2006 жылы халықтың қатысуымен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінде мәміленің үлесі:
акциялар бойынша -15,1%-ды, облигациялар бойынша - 15,9%-ды құрады.
      Зейнетақы және сақтандыру ұйымдарының активтері түрінде ішкі жинақталымның үлкен бөлігі банктік секторды қаржыландыру үшін пайдаланылады (2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақталымының көлемі 2006 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 40,26%-ға өсіммен 909,7 миллиард теңгені, ал сақтандыру ұйымының активтері 135,5 миллиард теңгені құрады (өсім - 2006 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 84,7%-ға). Бағалы қағаздар нарығында үлестік құралдар инвестицияларды тарту функциясын
атқармайды және эмитенттердің әділ құнын көрсетпейді.
      Көрсетілген проблемалардың бірі экономикаға қаражатты инвестициялау үдерісіне халықтың тартылуының төмен деңгейі болып табылады, бірінші кезекте, инвестициялау саласында білім негіздерін нашар білуінің нәтижесі. Халықта базалық қаржы білімінің болмауы оларды "әртүрлі теріс пайдаланушылықтың құрбаны" ғана жасап қоймай,
әл-ауқатын қамтамасыз етуге де кедергі жасайды, сондай-ақ елдің экономикалық дамуын тежейді. Бұл қаржы құралдарына, қорларға қаражатты инвестициялауға халықтың сақтықпен қарауымен түсіндіріледі және бұдан әрі, өз кезегінде, қаржылық және банктік секторларға оның өзара әрекетінің жағымсыз тәжірибесіне байланысты.
      Орта білім беру жүйесінде қаржы білімінің негіздерін оқыту курсы көзделген: 1996 жылдан бастап республиканың жалпы білім беру мектептерінде білім беру мекемелері мен бизнес-құрылымдар арасындағы әріптестік арқылы оқушылар үшін экономикалық және бизнес білімін беру бойынша "Junior Achievement Қазақстан" бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруда. "Junior Achievement Қазақстан" бағдарламалары жеті негізгі салаларда: бизнесте, экономикада, кәсіпкерлікте, этикада, қаржылық сауаттылықта және мансапты дамытуға байланысты дағдыларда шоғырландырылған. Қазіргі уақытта осы бағдарламаны іске асыруда оқушыларының саны 215 629 республиканың 948 жалпы білім беретін мектебі жұмылдырылды.
      Орта және жоғары кәсіптік білім беру шеңберінде оқытылатын пәндердің тізбесіне "Экономика негіздері" деген курс енгізілді. Бұдан басқа, білім беру жүйесі 42 кәсіптік мектепте 6 кәсіп бойынша -»"Қаржы агенті", "Бухгалтер", "Шағын бизнес кәсіпкері", "Коммерциялық қызмет", "Банк агенті",»"Сақтандыру агенті" және 13 мамандық бойынша -»"Статистика", "Қаржы",»"Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит", "Тұтыну тауар сапасының сараптамасы", "Биржа қызметі",»"Коммерция", "Менеджмент", "Бағалау",»"Салық ісі", "Банк ісі", "Сақтандыру ісі", "Қаржы және қаржы құқығы", "Қазынашылық ісі"
258-де, оның ішінде 178 жеке меншік колледжде экономиканың қаржы секторына мамандар даярлауды жүргізуде.
      Сонымен бірге, қаржы білімі бар халықтың бір бөлігі қор нарығының мүмкіндіктеріне қатысты арнайы білім алуға мұқтаж екендігін атап өткен жөн, өйткені қаржы білімінің негіздерін қажет етпей, ол сонда да меншік кірістерді арттыру және инвестициялық
үдерістерге тән тәуекелдерді қысқарту мақсатында бағалы қағаздар нарығының неғұрлым күрделі және нәзік құбылыстары туралы хабардар болуы мүмкін.
      Алайда, егер білім беру жүйесі қаржылық сауатты болып табылатын және осылайша қор нарығының құралдарына инвестициялау үдерісінің белсенді қатысушылары болуға қабілетті мамандарды даярласа, осы салада халықтың барлығына білім беру туралы мәселе ашық болып қалып отыр.
      Осылайша, Бағдарламаның нысаналы тобы бос ақша қаражатын қор нарығының құралдарына инвестициялауға қабілетті және ниет еткен Қазақстанның халқы болып табылады.
      Халықтың жеткіліксіз қаржы сауаттылығы проблемасы Қазақстан үшін ғана өзекті проблема емес. Қаржы өнімдері мен нарықтарын әлсіз түсіну өнеркәсібі жағынан дамыған елдерде де кеңінен таралған. Бұл осы елдердің үкіметтерін кешенді шараларды пайдалану: қаржы қызметтерін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, мектеп бағдарламаларын жетілдіру және жеке меншік бизнеспен ынтымақтастық есебінен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. 2002-2003 жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты дамыған елдер халықтың қаржы білімінің сапасын арттыру мақсатында ұлттық жобаларды іске қосты, ал 2006 жылы осы саладағы ұлттық стратегияны Чехия қабылдады. Басқаша айтқанда, көптеген елдер үшін қаржылық білім берудегі жұмыс мемлекеттік стратегияның жазықтығына көшірілген.
      Осыған байланысты АҚШ тәжірибесі анағұрлым қызық, онда бұл проблема өткен жүзжылдықтың 80-90 жылдарының шегінде биліктің жіті назар салуының мәні болып отыр. АҚШ қазір де осы мәселені шешудің түрлі нысандары мен әдістерін: федералдық және жергілікті бағдарламаларды, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтар мен әріптестіктердің бастамасы бойынша өткізілетін бағдарламаларды қолдана отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөледі.
      "АҚШ-тағы қаржылық сауаттылық" федералдық бағдарламасы кеңінен танымал, оның мақсаты - бүкіл өмір бойы құзыретті қаржы шешімдерін қабылдау үшін халықты практикалық білімдер мен дағдыларға оқыту. Құзыретті шешімдерді қабылдау негізгі мәнге ие
салаларға кредиттерді жинақтау, басқару, үйге иелік ету және зейнетақыны жоспарлау жатқызылды.
      Федералдық биліктер осы бағдарламаның жүзеге асырылуын үйлестіреді және қаржыландырады. Оны іске асыру қорытындысы жөнінде алынған нәтижелер ұлттық стратегияда ескеріледі. Осы бағдарламаны іске асыруда билікке банктер мен инвестициялық компаниялар
көмектеседі.
      АҚШ-та осы бағдарламаның нәтижесі жеке меншік инвесторлардың үлесін арттыру болып табылды - халықтың 55%-дан астамы.
      Осылайша, қор нарығының негіздеріне оқыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін мемлекеттік те, қызметі қор нарығындағы жұмысқа байланысты мемлекеттік емес құрылымдардың да бірлескен күштері талап етіледі.
      Халықтың инвестициялық мәдениеті деңгейін арттыруда бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) ерекше рөл атқарады. Бүгінгі күні құзыретіне қаржы секторын дамыту мәселелері жатқызылған мемлекеттік органдар тиісті ақпараттық-түсіндіру қызметін жүзеге
асырады. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болып табылады, өйткені халықтың қалың тобын қамтымайды және, әдетте, ерекше сипатқа ие: мұндай ақпаратты қаржы саласында өте жақсы хабардар етілген халықтың бір бөлігі ғана пайдалана алады. Бұл ретте халықтың қалың
бұқарасының арасында инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыруды қамтамасыз ету үшін эфир уақыты мен баспа жолдары жеткіліксіз.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Осы Бағдарламаның мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және еліміздің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасын тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
      халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау жөнінде шешімдер қабылдауына әсер етудің оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын анықтау;
      Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау;
      азаматтарға өзекті және айқын ақпарат негізінде бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді жүйесін құру, оның ішінде түрлі қаржы құралдарын пайдалану саласында халықты негізгі біліммен қамтамасыз
ету, сондай-ақ қор нарығы құралдарына салым салуға байланысты тәуекелдерді бағалау.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ қор нарығының құралдарына инвестициялау проблемаларының ағымдағы жай-күйін талдауға сүйене отырып, осы Бағдарламаны іске асырудың мынадай тетіктері анықталды.

5.1. Халыққа ақпараттық әрекет етудің бірыңғай жарнамалық
науқанын құру және жылжыту үшін нысаналы топтарды анықтау

      Бағдарламаны іске асыру тетігінің осы элементін жүзеге асыру үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын (жасы, жынысы, жан басына шаққанда және жиынтық кіріс, өмір сүру стилі, бизнес-мәртебесі, отбасының әлеуметтік мәртебесі және т.с.с.)
      Алынған ақпарат Қазақстан Республикасының халқы үшін ақпараттық-түсіндіру науқанының негізгі сатысын жүргізу медиа-жоспарының нақты кестесін жасау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте жұртшылықпен байланыстар жөніндегі тұжырымдаманы (бұдан әрі - РR тұжырымдама), нысаналы топтардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескеретін бірыңғай стилін әзірлеу көзделеді.

5.2. Бос қаражатты инвестициялау мүмкіндіктерін
насихаттау құралдары

      Ақпараттық-ағарту жұмысы Қазақстан Республикасында инвестициялық үдерістің объективті бар оң жақтарына басымдықпен жүргізілетін болады. Осы жұмыс халықтың сауатты инвестициялық тәртібінің ережелері, қаржы компанияларының сенімділігін дербес
бағалау өлшемдері туралы ақпаратты қамтитын болады. Бұл ретте тиімді қабылдау мақсатында басылымдардың әрқайсысының әрбір нысаналы тобына және стиліне ақпаратты бейімдеу ұйғарылады. Ағарту жұмысы халықты қазақстандық жетекші акционерлік қоғамдар туралы
ақпараттандыруға бағытталатын болады.
      Қор нарығының мүмкіндіктерін насихаттауда халыққа инвестициялардың ұжымдық нысандарын түсіндіру маңызды рөл атқаратын болады.
      Бағдарламаны іске асыру тетігінің осы элементі шеңберінде қор нарығының мүмкіндіктерін насихаттаудың мынадай негізгі құралдары пайдаланылатын болады:
      халықтың бос қаражатын инвестициялау мүмкіндіктерін жариялау жөніндегі жарнамалық науқанның медиа-жоспарын жасау;
      бейне, аудио жарнамалар, ақпараттық сюжеттер, мамандандырылған бағдарламалар және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қызметкерлерінің, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар
мамандарының, көрнекті экономика қайраткерлерінің, соның ішінде шетелдіктердің қатысуымен теледидарда және радиода хабарлар әзірлеу және шығару;
      халықтың ақшалай қаражаты салымы мүмкіндіктерінің полиграфияға және сыртқы жарнамаға арналған дизайнын әзірлеу;
      бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша орыс және мемлекеттік тілдерде телехабарлар мен роликтер жасау және орналастыру;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің телевидияда және радиода бағалы қағаздарға халықтың жинақ ақшаларын инвестициялау мәселелеріне арналған хабарларға қатысуы;
      баспасөзде бағалы қағаздарға халықтың ақшалай қаражатын инвестициялау мәселелеріне арналған жарнамалық модульдерді, материалдарды орналастыру;
      сыртқы жарнама (билбордтар, созылымдар, лайтбокстар) шығару және орналастыру;
      халықтың ақшалай қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша жарнамалық және оқытатын полиграфиялық өнімдерді шығару және тарату;
      сыйлықтар тапсыра отырып және БАҚ-қа жариялай отырып, қаржылық тақырыпқа әр түрлі ойындар, викториналар ұйымдастыру;
      интернет-жарнама, оның ішінде халықтың ақшалай қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелеріне арналған қаржылық портал құру.

5.3. Халықты ағарту және хабардар етудің жалпыға қол
жетімді жүйесін құру

      Қор нарығын дамытудың неғұрлым маңызды міндеттерінің бірі өзекті және ашық ақпараттар негізінде халықты ағарту мен хабардар етудің жүйесін құру бөлігінде халық үшін бағалы қағаздармен операция жасаудың нақты мүмкіндіктерін жасау болып табылады. Осы мәселелерді, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы саласындағы мәселелердің кең түрі бойынша консультативтік және ақпараттық қызмет көрсету жолымен шешуге болады.
      Бұл ретте саладағы негізгі бағыттар мыналар болуға тиіс:
      жеке инвесторлар мен акционерлерге консультативтік қолдау көрсету үшін ақпараттық орталық құру;
      Алматы қаласында қор нарығының мәселелері бойынша "call-орталық" ашу;
      мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жүйелі негізде қаржылық аспаптарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы халықты хабарлаудың жоғары дәрежесіне қол жеткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мұндай жұмыстарды жүргізу
қажеттілігі инвестициялау мүмкіндіктерін насихаттаудың басқа да құралдарының алдында (жарнама, теледидар, радио және басқалары) бос ақша қаражатын инвестициялаудың тетіктерін түсіндіру бойынша халықпен»"жанды"»жұмыс істеу артықшылығына негізделген;
      Инвестициялау саласындағы білімді тереңдету үшін қор нарығының құралдарына жоғары оқу орнының құрауышы бөлігінің аясында қор нарығындағы негізгі жұмыстар бойынша арнаулы тақырыптық курстардың білім беру (жоғары және орта оқу орындарында) жүйесіне енгізу қажет.
      Ағарту жұмыстарының құрамдас бөлігі меншікті басқару, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі және инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік қызметшілердің; қор нарығының құралдарына халықтың ақшалай қаражатын инвестициялау саласында
эмитент кәсіпорындар мамандарының, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру, таңдауы бойынша құрауыш пәндердің есебінен қаржы нарығында жұмыс негіздерін студенттердің оқып үйренуі бойынша жоғарғы оқу орындарында курстар енгізу, қор нарығының құралдарына халықтың жинақ ақшасын
инвестициялау мәселелері бойынша оқып үйренетін семинарлар, конференциялар, тренингтер өткізу, Қазақстан жоғары оқу орындарының біреуінің негізінде орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру болып
табылады.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін 2007 жылы республикалық бюджеттен 600 000 000 теңге бөлінетін болады. Бағдарламаның 2007 - 2011 жылдарға арналған жалпы құны 3 993 220 500 теңге (2008 жылы - 697 505 000 теңге, 2009 жылы - 900 000 000 теңге, 2010 жылы - 900 000 000 теңге, 2011 жылы - 895 715 500 теңге).
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижесімен қор нарығындағы инвестициялық үдерістерге халықтың тартылу дәрежесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің өсуі күтіледі. Материалдық өзгерістер ретінде мыналар қабылданған: клиенттердің-жеке тұлғалардың брокерлік шоттар санының, ұжымдық инвестициялар жүйесіндегі салымшылар санының серпіні, ерікті зейнетақы шоттары санының, бағалы қағаздар нарығы құралдарын белсенді пайдаланатын
азаматтар-жеке тұлғалар санының, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша өз біліктілігін арттырған жоғары және орта оқу орындары оқытушылары, эмитент кәсіпорындар мамандары, мемлекеттік қызметшілер, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистері қатарының, мамандандырылған интернет ресурстарына келушілер мен БАҚ-қа өтініш білдірушілер санының, өз қаражатын екінші деңгейдегі банктер депозиттерінен және жылжымайтын мүлік нарығынан ұжымдық инвестициялық сегментке қайта бөлген салымшылар санының артуы.
      Бұл ретте Бағдарламаны іске асырудың кезеңдері бойынша көрсетілген параметрлердің сандық индикаторлары мынаны құрайды:
      жеке тұлғалардың - клиенттердің брокерлік шоттар санын арттыру үшін:
      2007 жылы кемінде 1,5 есе, 2008 жылы - кемінде 5 есе, 2009 жылы - кемінде 10 есе, 2010 жылы кемінде 15 есе, 2011 жылы кемінде 20 есе. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор "жұмыс істейтін" брокерлік шоттардың саны болуы мүмкін, яғни шот ашудың барлық өн бойында шоттар бойынша өзгеретін ақшалай
қаражаттың қозғалысы;
      ұжымдық инвестициялар жүйесіне (инвестициялық пай қорлары) салымшылар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20%, 2008 жылы кемінде 30%, 2009 жылы кемінде 40%, 2010 жылы кемінде 60 %, 2011 жылы кемінде 80 %. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор пайдың көлемі болуы мүмкін;
      ерікті зейнетақы шоттар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 15%, 2008 жылы кемінде 20%, 2009 жылы кемінде 30%, 2010 жылы кемінде 40%, 2011 жылы кемінде 50%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі ерікті зейнетақы активтерінің үлесі болуы мүмкін;
      бағалы қағаздар нарығының құралдарын белсенді түрде пайдаланатын азаматтар-жеке тұлғалар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 10 %, 2008 жылы кемінде 20 %, 2009 жылы кемінде 40%, 2010 жылы кемінде 60 %, 2011 жылы кемінде 80 %. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор жеке тұлғалар сатып
алатын бағалы қағаздар портфелінің құрамы (сапасы) болуы мүмкін;
      бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өз біліктілігін арттырған жоғары және орта оқу орындары оқытушыларының, эмитент кәсіпорындар мамандарының, мемлекеттік қызметшілердің, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20%, 2008 жылы кемінде 40%, 2009 жылы кемінде 50 %, 2010 жылы кемінде 60 %, 2011 жылы кемінде 80 %. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор алған білімдерін қызмет практикасында, қолданатын аталған оқу орындары оқытушыларының, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің саны
болуы мүмкін;
      мамандандырылған интернет-ресурстарына келушілер мен БАҚ-қа өтініш білдірушілер санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20 %, 2008 жылы кемінде 40 %, 2009 жылы кемінде 60 %, 2010 жылы кемінде 80 %, 2011 жылы кемінде 100 %. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор, қорытындысында сатып алынған бағалы қағаздар ретінде және санында және интернет-ресурстардың көрсетілген түріне
кірген адамдардың өзіне қабылдайтын инвестициялық тәуекелдердің деңгейінде көрінетін мамандандырылған web-ресурстарға кірушілердің тәртіптік мәдениеті болуы мүмкін.
      Осы Бағдарламаны іске асырған кезде материалдық емес өзгерістер серпінінің жалпы күтілімдерінен мынаны атап көрсетуге болады:
      қор нарығындағы инвестициялау тетіктерін пайдаланатын халықтың үлесін арттыру;
      отандық нарықтағы инвестициялық үдерістердің оң имиджін жасау;
      инвестициялық үдерістерге тартылған халықтың қаражатын арттыру;
      халықтың жинақ ақшасын Қазақстанның экономикасын қаржыландыруға тарту;
      қаржы ағынының ашықтығын арттыру;
      республика азаматтарының жинақтарын жылжымайтын мүлікке инвестициялық операциялардың тәуекеліне тәуелділігін азайту;
      қаржылық инфрақұрылымды дамыту.
      Көрсеткіштерді кезең-кезеңмен материалдық емес өзгерту жылдар бойынша материалдық өлшемдердің сандық индикаторларын өзгертуге сәйкес жүреді.
       Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.09.26 N 894 Қаулысымен.

N Іс-шара Аяқтау
нысаны
Орындау-
ға
жауапты-
лар
Орындау
мерзімі
Болжамды
шығыстар
(мың
теңге)
Қаржылан-
дыру
көздері
1 2 3 4 5 6 7

2007 жыл

1. Бірыңғай жарнамалық науқанның халыққа ақпараттық әсер етуін құру
және жылжыту үшін мақсатты топтарды анықтау

1

Әрбір мақсатты
топтың
ерекшеліктерін
(жасы, жынысы,
жанға
шаққандағы және
жиынтық табыс,
өмір сүру
ұстанымы,
бизнес
мәртебесі,
отбасының
әлеуметтік
мәртебесі және
т.б.) ескеретін
бірыңғай
жарнамалық
науқанның
халыққа
ақпараттық әсер
етуін құру және
жылжыту үшін
қор нарығы
қызметтерін
тұтынушылардың
мақсатты
топтарын

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржы-
мині
(жинак-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша)

2007 жыл

30 000

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

2

Әрбір мақсатты
топтың
ерекшеліктерін
ескеретін жалпы
РR - тұжырымда-
масын, бірыңғай
стилін әзірлеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОҚРА, ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

14 250

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

2. Бос қаражатты инвестициялау мүмкіндіктерін насихаттау құралдары

3

Халықтың бос
қаражатын
инвестициялау
мүмкіндіктерін
жариялау
жөніндегі
жарнамалық
науқанның
медиа-жоспарын

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

13 922

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

4

Бағалы қағаздар
нарығының
кәсіби
қызметкерлері-
нің, тиісті
уәкілетті
мемлекеттік
органдар
мамандарының,
көрнекті
экономика, оның
ішінде шетелдік
қайраткерлердің
қатысуымен
бейне және
аудио жарнама,
телевидение мен
радиоға
мамандандырыл-
ған бағдарлама-
лар мен
хабарлар
әзірлеу және шығару

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

34 360

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

5

Халықтың ақша
қаражатын салу
мүмкіндіктері-
нің полиграфия-
сы мен сыртқы
жарнамасы үшін
дизайн әзірлеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

2007 жыл

6 900

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

6

Бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелері
бойынша
телебағдарла-
малар мен
роликтерді
мемлекеттік
және орыс
тілдерінде
жүргізу және
орналастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша)

2007 жыл

102 320

Республи-
калық
бюджет

7

Халықтың жинақ
ақшаларын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелеріне
арналған
телевидение мен
радио
хабарларына
қатысу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

Талап
етілмейді







8

Халықтың
ақшалай
қаражаттарын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелеріне
арналған
жарнамалық
модульдерді,
мақалаларды,
материалдарды
баспасөзде
орналастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

20 612

Республи-
калық
бюджет

9

Халықтың
ақшалай
қаражатын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мүмкіндіктері
туралы сыртқы
жарнаманы
орналастыру
және шығару

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
Астана,
Алматы
қалалары
мен
облыс-
тардың
әкімдері

2007 жыл

27 696

Республи-
калық
бюджет

10

Халықтың
ақшалай
қаражатын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелері
бойынша
жарнамалық және
оқыту
полиграфиялық
өнімдерін
шығару және
тарату

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2007 жыл

35 000

Республи-
калық
бюджет

11

Қор нарығы
халықтың
ақшалай
қаражатын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелерін
білуіне ойындар
мен викторина-
лар өткізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

2007 жыл

3 940

Республи-
калық
бюджет

12

Халықтың
ақшалай
қаражатын
бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелеріне
арналған
интернет
жарнама өткізу
және орналасты-
ру, оның ішінде
қаржы порталын
құру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау), ҚҚА
(келісім
бойынша)
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОҚРА

2007 жыл

15 000

Республи-
калық
бюджет

3. Халықты ағартудың және ақпараттандырудың жалпыға қол жетімді
жүйесін құру

13

Жеке инвестор-
лар мен
акционерлерді
консультациялық
қолдау үшін
"Қазпочта" АҚ
трансферагент-
тік желісі
базасында
ақпараттық
орталықтардың
жұмыс істеуін
ұйымдастыру
және қамтамасыз
ету

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ЭБЖМ,
"Самұрық"
холдингі
АҚ

2007 жыл

281 000

Республи-
калық
бюджеттің
қаражаты

14

Қор нарығының
мәселелері
бойынша Алматы
қаласында
"саll-орталық"
ашу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
АӨҚОҚРА,
ЭБЖМ,
"Самұрық"
холдингі
АҚ

2007 жыл

15 000

Республи-
калық
бюджет

2008 - 2011 жылдар

15

Халықтың
инвестициялық
мәдениеті мен
қаржы
сауаттылығын
арттыру
бағдарламасының
брендісін
анықтау және
әзірлеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА

2008 жыл

3 500

Республи-
калық
бюджет

16

Халықтың
инвестициялық
мәдениетін және
қаржы
сауаттылығын
арттыру
бағдарламасы
бойынша зерттеу
жүргізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА

2008 жыл
2010 жыл
2011 жыл

4 600
4 600
4 600

Республи-
калық
бюджет

17

Халықтың
инвестициялық
мәдениетін және
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
ақпараттық
материалдарды
дайындау және
жіберу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

70 000
20 000
20 000
20 000

Республи-
калық
бюджет

18

Халықтың
инвестициялық
мәдениетін және
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
телероликтерді,
телехабарларды,
фильмдерді және
радиороликтер-
ді, радиохабар-
ларды шығару
және орналасты-
ру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА
(жинақ-
тау), ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

370 205
395 400
390 800
386 515,5

Республи-
калық
бюджет

19

Халықтың
инвестициялық
мәдениетін және
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
теледидар мен
радио
хабарларына
қатысу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
МАМ
(келісім
бойынша),
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша),
ҚҚҚ
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

Талап
етілмейді






20

Халықтың
инвестициялық
мәдениетін және
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
материалдарды,
мақалаларды,
баспасөзде
жариялау

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
облыстар-
дың,
Алматы
мен
Астана
қалала-
рының
әкімдік-
тері, ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

60 000
70 000
70 000
70 000

Республи-
калық
бюджет

21

Халықтың
инвестициялық
мәдениеті мен
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
сыртқы
жарнаманы
шығара отырып
орналастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

30 000
60 000
60 000
60 000

Республи-
калық
бюджет

22

www.aksha.kz
Мамандандырыл-
ған интернет
-порталын құру
және оны қолдау

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

4 600
4 600
4 600
4 600

Республи-
калық
бюджет

23

Баспасөз
орталығының
қызметін
ұйымдастыру
және қамтамасыз
ету





Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

4 600
15 000
15 000
15 000

Республи-
калық
бюджет

24

Ақпараттық
білім беру
орталықтарының
қызметін
ұйымдастыру
және қамтамасыз
ету

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

80 000
80 000
80 000
80 000

Республи-
калық
бюджет

25

Халықтың
инвестициялық
мәдениеті мен
қаржы
сауаттылығын
арттыруға
бағытталған
халыққа білім
беру семинарла-
рын ұйымдастыру
және өткізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша),
облыс
әкімдік-
тері,
Алматы
және
Астана
қалала-
рының
әкімдік-
тері

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

120 000
120 000
120 000

Республи-
калық
бюджет

26

Халықтың
инвестициялық
мәдениеті мен
қаржы
сауаттылығын
арттыру
мәселелері
бойынша
журналистерге
арналған
семинарлар
ұйымдастыру
және өткізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша),
облыстар
әкімдік-
тері,
Алматы
және
Астана
қалала-
рының
әкімдік-
тері

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

25 000
25 000
25 000

Республи-
калық
бюджет

27

Тұрғындардың
инвестициялық
мәдениеті мен
қаржы
сауаттылығын
арттыру
тақырыбына
балаларға
арналған
комикстер
циклдерін,
үлкендерге
арналған
журналдар мен
кітапшалардың,
талдау
әдістемелік
шолу материал-
дарын, үйретуші
компьютерлік
бағдарламаларды
дайындау (сатып
алу, басып
шығару,
таралым) және
оларды тарату

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

АӨҚОҚРА,
ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

70 000
110 000
110 000
110 000

Республи-
калық
бюджет

28

10-12 жастағы
балаларға
арналған
танымдық ойын
нысанында қаржы
сауаттылығы
элементтерін
енгізу
("Балдырған")

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

БҒМ

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

Талап
етілмейді






29

13-15 жасар
балаларға
арналған қаржы
сауаттылығы
негіздері
туралы
факультативтер
енгізу
("Жеткіншек")

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

БҒМ

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

Талап
етілмейді






30

16-17 жасар
жасөспірімдерге
арналған
қаржылық білім
негіздері
бойынша пән,
практикалық
сабақтар енгізу
("Жасөспірім")

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

БҒМ

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

Талап
етілмейді






31

ЖОО-да таңдау
бойынша пәндер
компоненті
есебінен қор
нарығында жұмыс
істеу
негіздерін
студенттердің
зерделеу
курстарын
енгізу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

БҒМ

2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл

Талап
етілмейді







2007 жылға




600 000

Республи-
калық
бюджет

2008 жылға




697 505

Республи-
калық
бюджет

2009 жылға




900 000

Республи-
калық
бюджет

2010 жылға




900 000

Республи-
калық
бюджет

2011 жылға




895 715,5

Республи-
калық
бюджет

2007 - 2011
жылдарға




3 993 220,5

Республи-
калық
бюджет

       Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
      "Самұрық" холдингі" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
      "Қазпочта" АҚ - "Қазпочта" акционерлік қоғамы
      2008 - 2011 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.