Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 536 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына  Жолдауын ,»"Қазақстан Республикасының қаржылық секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25
желтоқсандағы N 1284  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың»2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдын 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі не Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2007 жылғы 27 маусымдағы     
N 536 қаулысымен         
   бекітілген            

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ
2007-2009 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

1.  Паспорты
2.  Кіріспе
3.  Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.  Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6.  Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8.  Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

  1. Паспорты

Бағдарламаның
атауы

Қазақстан Республикасы халқының  инвестициялық
мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауы,"
Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңы,
"Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284
қаулысы,»"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығының 49-тармағы, "Мемлекет басшысының
2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарламасын орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
сәуірдегі N 319 қаулысының 11.3-тармағы

Бағдарламаны
әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Бағдарламаның
мақсаты

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және
еліміздің экономикалық өсуіне халықтың жинақ
ақшасын тартуды қамтамасыз ету

Бағдарламаның міндеттері

Халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау
жөнінде шешімдер қабылдауына әсер етудің
оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы
қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын
анықтау;
Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының
инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен
насихаттау;
азаматтарға өзекті және айқын ақпарат негізінде
бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері
туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді
жүйесін құру, оның ішінде түрлі қаржы
құралдарын пайдалану саласында халықты негізгі
біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ қор нарығы
құралдарына салым салуға байланысты
тәуекелдерді бағалау;

Іске асыру
мерзімі
(кезеңдер)

2007-2009 жылдар

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мен көздері

республикалық бюджеттің  қаражаты  есебінен 
6 191 431 000 теңге,
оның ішінде:
2007 жылы - 800 000 000 теңге;
2008 жылы - 2 695 715 500 теңге;
2009 жылы - 2 695 715 500 теңге

Күтілетін нәтижелер

Қор нарығында инвестициялау тетіктерін
пайдаланатын халықтың үлесін арттыру;
отандық нарықтағы инвестициялық үдерістердің он
имиджін құру;
инвестициялық жобаларға тартылған халықтың
қаражатын арттыру;
экономикалық дамуды жылдамдату мақсатында
экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту;
қаржы ағындарының ашықтығын арттыру;
республика азаматтары жинақ ақшасының
жылжымайтын мүлікке инвестициялық
операциялардан тәуелділігін төмендету;
қаржылық инфрақұрылымды дамыту

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты  Жолдауына ,»"Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284  қаулысына , "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310  Жарлығының  49-тармағына,»"Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысының  11.3-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаржы нарығы жылдам өсіп жатқан экономикада ерекше рөл атқарады, оның тиімділігі барлық: банктік, қор, сақтандыру, зейнетақы секторларын дамытудың теңгерімділігімен анықталады.
      Қор нарығы нарықтық реттеу құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бағалы қағаздардың тиімді жұмыс істейтін нарығы инвестициялық ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік бере отырып,
неғұрлым кірісті және перспективалы салаларда (кәсіпорындарда, жобаларда) олардың шоғырлануын қамтамасыз ете отырып және сонымен бір уақытта дамудың нақты белгілі бір перспективалары жоқ салалардан қаржы ресурстарын тарта отырып, маңызды макроэкономикалық
функцияны атқарады. Осылайша, бағалы қағаздар нарығы біршама ықтимал қаржы арналарының бірі болып табылады, ол бойынша жинақ ақша инвестицияларға қайта бағытталады. Сонымен бір уақытта, бағалы қағаздар нарығы инвесторларға жинақ ақшаларын сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.
      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру әртүрлі және бірдей емес факторлар қатарының әсерінен болады, оның арасында: жекешелендіру қарқыны, эмиссия мөлшері және бағалы қағаздарды өтеу, инфляция деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қайта
қаржыландыру ставкасының маңызы, әртүрлі қаржы құралдарының кірістілік дәрежесі, инвесторлардың мүмкіндігі және қор нарығында олардың қызметіне мемлекеттік бақылау деңгейі.
      Қор нарығын одан әрі дамыту кейбір элементтерді жүзеге асыруға тәсілдеменің кезеңділігіне және ұйымдастырылуына байланысты. Ең алдымен, оның негізгі құрауыштарының бірі маңызды - бұл жеке инвесторлар класын қалыптастыру, экономикалық менталитетін және дүниетанымын қалыптастыру, ол жеке инвестицияларды қазақстан экономикасының маңызды буынын жасауға мүмкіндік беретін еді.
      Осы Бағдарламаны әзірлеу халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыру, әртүрлі қаржы құралдарын пайдалану саласында халыққа негізгі білім беру, халықтың қаржы қаражатын
инвестициялаудың тәуекел сегменттерімен кіріске және қор нарығының шамалы тәуекелді қаржы құралдарына бөлу, экономиканың қаржы секторына жеке тұлғалардың қаражатын тарту, кірістің ұлғаюы бойынша оның мүмкіндігін жұртшылыққа түсіндіру, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыра отырып, өзіне алатын тәуекелдер қажеттігінен туындады.

  3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Қаржы секторының қарқынды өсуі Қазақстанды жеделдетіп дамытудың, экономикадағы құрылымдық қайта құрулардың және мемлекеттік басқару реформасының маңызды құрауышы болып табылады. Бұл өнімге және қаржы секторының қызметтеріне өсіп бара жатқан ішкі сұраныстан көрінеді.
      Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша экономикадағы банктердің кредит көлемі 81%-ға, 4 691 миллиард теңгеге дейін 37,2 миллиард долларға жуық) өсті. Жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі - ЖІӨ) экономикадағы банктер кредиттер
қатынасының көрсеткіші 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 34,1%-дан 48,2%-ға дейін артты.
      Бұл ретте ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұлттық валютада кредиттер 2006 жылы 92,8%-ға, 2 422 миллиард теңгеге дейін, шетел валютасында 69,8%-ға, 2 269 миллиард теңгеге дейін
(18 миллиард долларға) өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 48,4%-дан 51,6%-ға дейін артты.
      Келтірілген деректер халық валюта бағамының серпіні туралы, теңгемен және валютамен кредиттердің»"пайдалы"»әрі»"пайдасыз" тұстары туралы жеткілікті мөлшерде хабарландырылғаны туралы куәландырады, бұл оған тиісті қорытындылар жасауға және кредитті алу және қайтару неғұрлым пайдалы болып табылатын, сол валютаның пайдасына артықшылық беруге мүмкіндік береді.
      2006 жыл ішінде позитивті өзгерістер мерзім бойынша кредиттер құрылымында да болды, мұнда ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі (1 жылдан астам мерзіммен) қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда озық сипатта болды. Ұзақ мерзімді кредиттер 2 есеге жуық 3 434,3 миллиард теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер -44,6%-ға, 1 256,7 миллиард теңгеге дейін өсті. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 66,5%-дан 73,2%-ға дейін ұлғайды. 2006 жылы ұқсас кезеңдерге ЖІӨ-ге жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 8,8%-дан 15,8%-ға дейін өсті.
      Осы өсу ипотекалық және тұтыну кредитін беру сияқты банктік өнімдердің мұндай түрлерін біршама кеңейтуге негізделген. Сонымен, 2006 жыл ішінде тұтыну кредиттері 777,0 миллиард теңгені құрай отырып, 2,4 есеге өсті, ипотекалық кредиттер 79,6%-ға 396,1 миллиард теңгеге дейін өсті.
      Жеке тұлғалардың депозиттері 73,6%-ға, 1 020 миллиард теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2006 жылы депозит нарығын дамытудың маңызды сәті ұлттық валютада депозиттердің біршама өсуі болды. Бұл теңге құралдарына сенімнің өсуі туралы, сондай-ақ теңгемен
депозиттерге салымдардың пайдасын клиенттердің түсінуін де білдіреді, өйткені артықшылық валютамен және теңгемен депозиттер бойынша сыйақы ставкаларындағы айырмаға байланысты. Депозиттердің жалпы көлемінде теңгемен депозиттердің үлес салмағы 58,1%-дан 64,8%-ға дейін ұлғайды.
      Төлем карточкалары сияқты бөлшек қолма-қол емес есептесулерді жүзеге асырудың мұндай құралы көпшілікке белгілі болып келеді: қазіргі уақытта орташа алғанда республикада 4 адамға бір төлем карточкасынан келеді, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа алғанда 5 адамға бір төлем карточкасынан келген болатын. Соңғы жылдары төлем карточкалары нарығында клиенттерге ұсынылатын қызметтер сегменті біршама кеңейтілді, жаңа карточка өнімдері енгізілуде.
      Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 27,9%-ға артты және 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,93 миллион адамды немесе елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 49%-ын құрады (салыстыру үшін, 2006 жылғы 1 қаңтарда осы ара қатынас 39%-ды
құрады).
      Санамалаған көрсеткіштер, бір жағынан, қаржы нарығы агенттерінің жаңа қызметтерін пайдаланатын және пайдалануға дайын халықтың сол белсенді бөлігінің болуы туралы, ал екінші жағынан, бірінші кезекте, банктердің қызметтерін кең жарнамалау тиімділігі
туралы куәландырады.
      Мүлікті заңдастыру бойынша науқанның алдын ала нәтижелері өз құқықтарын халыққа жеткізу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттаудың шындығы, сондай-ақ бағалы қағаздарды салу арқылы Қазақстан экономикасына жіберілуі мүмкін халықта қаражаттың болуы туралы да
куәландырады: 2007 жылы наурыздың аяғында мүлікті заңдастыруға алымдар түрінде 7 700 миллион теңге түсті, оның ішінде ақшаны заңдастыруға түскені - 5 400 миллион теңге.
      Алайда, қаржы секторы өсуінің әсерлі қарқынына қарамастан, оны дамытуда проблемалар қатары бар.
      Жылдан-жылға өсіп келе жатса да, тұтыну кредиттері нарығының ахуалы белгілі бір алаңдатушылық туғызады: халық жеке мүмкіндігін есептеместен, кредиттер алады да борышкер болып шығады. Клиенттер келісім-шарттың талабын байымдамайды, кредит беру туралы шартты
жасаспас бұрын мамандардан кеңес алуды қажет деп санамайды.
      Зейнетақы жүйесінің мүмкіндіктеріне қатысты ағартушылық жұмыстар өткізуді қажет ететін зейнетақы қорларының қызметтерін пайдаланбайтын өз-өзімен жұмысбасты қызметкерлердің санаты бар.
      Бір жағынан инвестициялық белсенділік пен халықтың сауаттылығының көрсеткіші болуы мүмкін халықтың еркін зейнетақы жарналары өте шағын: 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ашық жеке зейнетақы шоттарының саны 35 174 немесе жеке зейнетақы шоттарының жалпы санының 0,43%-ын құрады.
      Бағалы қағаздардың нарығы сияқты қаржы секторының мұндай бөлігінің көлемі Қазақстанда елеусіз қалып келеді. Бүгінгі таңда тіркелген брокерлік шоттардың саны өте аз: 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3800-ге жуық, оның шамамен 2200»"Қазақтелеком"»
акционерлік қоғамының акцияларды орналастыру нәтижесінде ашылды. Басқа сөзбен айтқанда, қор нарығында жұмыс істейтін делдалдардың қызметтерін халықтың 0,04%-ы пайдаланады. Бұл ретте тіркелген брокерлік шоттар арасында жұмыс істемейтін шоттар да бар. Қазақстан
Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің деректері бойынша Қазақстандық қор биржасында жеке инвесторлар саны 2000 адамнан аспайды. 2006 жылы халықтың қатысуымен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінде мәміленің үлесі:
акциялар бойынша -15,1%-ды, облигациялар бойынша - 15,9%-ды құрады.
      Зейнетақы және сақтандыру ұйымдарының активтері түрінде ішкі жинақталымның үлкен бөлігі банктік секторды қаржыландыру үшін пайдаланылады (2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақталымының көлемі 2006 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 40,26%-ға өсіммен 909,7 миллиард теңгені, ал сақтандыру ұйымының активтері 135,5 миллиард теңгені құрады (өсім - 2006 жылғы 1 қаңтардағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 84,7%-ға). Бағалы қағаздар нарығында үлестік құралдар инвестицияларды тарту функциясын
атқармайды және эмитенттердің әділ құнын көрсетпейді.
      Көрсетілген проблемалардың бірі экономикаға қаражатты инвестициялау үдерісіне халықтың тартылуының төмен деңгейі болып табылады, бірінші кезекте, инвестициялау саласында білім негіздерін нашар білуінің нәтижесі. Халықта базалық қаржы білімінің болмауы оларды "әртүрлі теріс пайдаланушылықтың құрбаны" ғана жасап қоймай,
әл-ауқатын қамтамасыз етуге де кедергі жасайды, сондай-ақ елдің экономикалық дамуын тежейді. Бұл қаржы құралдарына, қорларға қаражатты инвестициялауға халықтың сақтықпен қарауымен түсіндіріледі және бұдан әрі, өз кезегінде, қаржылық және банктік секторларға оның өзара әрекетінің жағымсыз тәжірибесіне байланысты.
      Орта білім беру жүйесінде қаржы білімінің негіздерін оқыту курсы көзделген: 1996 жылдан бастап республиканың жалпы білім беру мектептерінде білім беру мекемелері мен бизнес-құрылымдар арасындағы әріптестік арқылы оқушылар үшін экономикалық және бизнес білімін беру бойынша "Junior Achievement Қазақстан" бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруда. "Junior Achievement Қазақстан" бағдарламалары жеті негізгі салаларда: бизнесте, экономикада, кәсіпкерлікте, этикада, қаржылық сауаттылықта және мансапты дамытуға байланысты дағдыларда шоғырландырылған. Қазіргі уақытта осы бағдарламаны іске асыруда оқушыларының саны 215 629 республиканың 948 жалпы білім беретін мектебі жұмылдырылды.
      Орта және жоғары кәсіптік білім беру шеңберінде оқытылатын пәндердің тізбесіне "Экономика негіздері" деген курс енгізілді. Бұдан басқа, білім беру жүйесі 42 кәсіптік мектепте 6 кәсіп бойынша -»"Қаржы агенті", "Бухгалтер", "Шағын бизнес кәсіпкері", "Коммерциялық қызмет", "Банк агенті",»"Сақтандыру агенті" және 13 мамандық бойынша -»"Статистика", "Қаржы",»"Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит", "Тұтыну тауар сапасының сараптамасы", "Биржа қызметі",»"Коммерция", "Менеджмент", "Бағалау",»"Салық ісі", "Банк ісі", "Сақтандыру ісі", "Қаржы және қаржы құқығы", "Қазынашылық ісі"
258-де, оның ішінде 178 жеке меншік колледжде экономиканың қаржы секторына мамандар даярлауды жүргізуде.
      Сонымен бірге, қаржы білімі бар халықтың бір бөлігі қор нарығының мүмкіндіктеріне қатысты арнайы білім алуға мұқтаж екендігін атап өткен жөн, өйткені қаржы білімінің негіздерін қажет етпей, ол сонда да меншік кірістерді арттыру және инвестициялық
үдерістерге тән тәуекелдерді қысқарту мақсатында бағалы қағаздар нарығының неғұрлым күрделі және нәзік құбылыстары туралы хабардар болуы мүмкін.
      Алайда, егер білім беру жүйесі қаржылық сауатты болып табылатын және осылайша қор нарығының құралдарына инвестициялау үдерісінің белсенді қатысушылары болуға қабілетті мамандарды даярласа, осы салада халықтың барлығына білім беру туралы мәселе ашық болып қалып отыр.
      Осылайша, Бағдарламаның нысаналы тобы бос ақша қаражатын қор нарығының құралдарына инвестициялауға қабілетті және ниет еткен Қазақстанның халқы болып табылады.
      Халықтың жеткіліксіз қаржы сауаттылығы проблемасы Қазақстан үшін ғана өзекті проблема емес. Қаржы өнімдері мен нарықтарын әлсіз түсіну өнеркәсібі жағынан дамыған елдерде де кеңінен таралған. Бұл осы елдердің үкіметтерін кешенді шараларды пайдалану: қаржы қызметтерін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, мектеп бағдарламаларын жетілдіру және жеке меншік бизнеспен ынтымақтастық есебінен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. 2002-2003 жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты дамыған елдер халықтың қаржы білімінің сапасын арттыру мақсатында ұлттық жобаларды іске қосты, ал 2006 жылы осы саладағы ұлттық стратегияны Чехия қабылдады. Басқаша айтқанда, көптеген елдер үшін қаржылық білім берудегі жұмыс мемлекеттік стратегияның жазықтығына көшірілген.
      Осыған байланысты АҚШ тәжірибесі анағұрлым қызық, онда бұл проблема өткен жүзжылдықтың 80-90 жылдарының шегінде биліктің жіті назар салуының мәні болып отыр. АҚШ қазір де осы мәселені шешудің түрлі нысандары мен әдістерін: федералдық және жергілікті бағдарламаларды, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтар мен әріптестіктердің бастамасы бойынша өткізілетін бағдарламаларды қолдана отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөледі.
      "АҚШ-тағы қаржылық сауаттылық" федералдық бағдарламасы кеңінен танымал, оның мақсаты - бүкіл өмір бойы құзыретті қаржы шешімдерін қабылдау үшін халықты практикалық білімдер мен дағдыларға оқыту. Құзыретті шешімдерді қабылдау негізгі мәнге ие
салаларға кредиттерді жинақтау, басқару, үйге иелік ету және зейнетақыны жоспарлау жатқызылды.
      Федералдық биліктер осы бағдарламаның жүзеге асырылуын үйлестіреді және қаржыландырады. Оны іске асыру қорытындысы жөнінде алынған нәтижелер ұлттық стратегияда ескеріледі. Осы бағдарламаны іске асыруда билікке банктер мен инвестициялық компаниялар
көмектеседі.
      АҚШ-та осы бағдарламаның нәтижесі жеке меншік инвесторлардың үлесін арттыру болып табылды - халықтың 55%-дан астамы.
      Осылайша, қор нарығының негіздеріне оқыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін мемлекеттік те, қызметі қор нарығындағы жұмысқа байланысты мемлекеттік емес құрылымдардың да бірлескен күштері талап етіледі.
      Халықтың инвестициялық мәдениеті деңгейін арттыруда бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) ерекше рөл атқарады. Бүгінгі күні құзыретіне қаржы секторын дамыту мәселелері жатқызылған мемлекеттік органдар тиісті ақпараттық-түсіндіру қызметін жүзеге
асырады. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болып табылады, өйткені халықтың қалың тобын қамтымайды және, әдетте, ерекше сипатқа ие: мұндай ақпаратты қаржы саласында өте жақсы хабардар етілген халықтың бір бөлігі ғана пайдалана алады. Бұл ретте халықтың қалың
бұқарасының арасында инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыруды қамтамасыз ету үшін эфир уақыты мен баспа жолдары жеткіліксіз.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Осы Бағдарламаның мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және еліміздің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасын тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
      халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау жөнінде шешімдер қабылдауына әсер етудің оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын анықтау;
      Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау;
      азаматтарға өзекті және айқын ақпарат негізінде бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді жүйесін құру, оның ішінде түрлі қаржы құралдарын пайдалану саласында халықты негізгі біліммен қамтамасыз
ету, сондай-ақ қор нарығы құралдарына салым салуға байланысты тәуекелдерді бағалау.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ қор нарығының құралдарына инвестициялау проблемаларының ағымдағы жай-күйін талдауға сүйене отырып, осы Бағдарламаны іске асырудың мынадай тетіктері анықталды.

  5.1. Халыққа ақпараттық әрекет етудің бірыңғай жарнамалық
науқанын құру және жылжыту үшін нысаналы топтарды анықтау

      Бағдарламаны іске асыру тетігінің осы элементін жүзеге асыру үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын (жасы, жынысы, жан басына шаққанда және жиынтық кіріс, өмір сүру стилі, бизнес-мәртебесі, отбасының әлеуметтік мәртебесі және т.с.с.)
      Алынған ақпарат Қазақстан Республикасының халқы үшін ақпараттық-түсіндіру науқанының негізгі сатысын жүргізу медиа-жоспарының нақты кестесін жасау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте жұртшылықпен байланыстар жөніндегі тұжырымдаманы (бұдан әрі - РR тұжырымдама), нысаналы топтардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескеретін бірыңғай стилін әзірлеу көзделеді.

  5.2. Бос қаражатты инвестициялау мүмкіндіктерін
насихаттау құралдары

      Ақпараттық-ағарту жұмысы Қазақстан Республикасында инвестициялық үдерістің объективті бар оң жақтарына басымдықпен жүргізілетін болады. Осы жұмыс халықтың сауатты инвестициялық тәртібінің ережелері, қаржы компанияларының сенімділігін дербес
бағалау өлшемдері туралы ақпаратты қамтитын болады. Бұл ретте тиімді қабылдау мақсатында басылымдардың әрқайсысының әрбір нысаналы тобына және стиліне ақпаратты бейімдеу ұйғарылады. Ағарту жұмысы халықты қазақстандық жетекші акционерлік қоғамдар туралы
ақпараттандыруға бағытталатын болады.
      Қор нарығының мүмкіндіктерін насихаттауда халыққа инвестициялардың ұжымдық нысандарын түсіндіру маңызды рөл атқаратын болады.
      Бағдарламаны іске асыру тетігінің осы элементі шеңберінде қор нарығының мүмкіндіктерін насихаттаудың мынадай негізгі құралдары пайдаланылатын болады:
      халықтың бос қаражатын инвестициялау мүмкіндіктерін жариялау жөніндегі жарнамалық науқанның медиа-жоспарын жасау;
      бейне, аудио жарнамалар, ақпараттық сюжеттер, мамандандырылған бағдарламалар және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қызметкерлерінің, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар
мамандарының, көрнекті экономика қайраткерлерінің, соның ішінде шетелдіктердің қатысуымен теледидарда және радиода хабарлар әзірлеу және шығару;
      халықтың ақшалай қаражаты салымы мүмкіндіктерінің полиграфияға және сыртқы жарнамаға арналған дизайнын әзірлеу;
      бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша орыс және мемлекеттік тілдерде телехабарлар мен роликтер жасау және орналастыру;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің телевидияда және радиода бағалы қағаздарға халықтың жинақ ақшаларын инвестициялау мәселелеріне арналған хабарларға қатысуы;
      баспасөзде бағалы қағаздарға халықтың ақшалай қаражатын инвестициялау мәселелеріне арналған жарнамалық модульдерді, материалдарды орналастыру;
      сыртқы   жарнама (билбордтар, созылымдар, лайтбокстар) шығару және орналастыру;
      халықтың ақшалай қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша жарнамалық және оқытатын полиграфиялық өнімдерді шығару және тарату;
      сыйлықтар тапсыра отырып және БАҚ-қа жариялай отырып, қаржылық тақырыпқа әр түрлі ойындар, викториналар ұйымдастыру;
      интернет-жарнама, оның ішінде халықтың ақшалай қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау   мәселелеріне арналған қаржылық портал құру.

  5.3. Халықты ағарту және хабардар етудің жалпыға қол
жетімді жүйесін құру

      Қор нарығын   дамытудың неғұрлым маңызды міндеттерінің бірі өзекті және ашық ақпараттар негізінде халықты ағарту мен хабардар етудің жүйесін құру бөлігінде халық үшін бағалы қағаздармен операция жасаудың нақты мүмкіндіктерін жасау болып табылады. Осы мәселелерді, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы саласындағы мәселелердің кең түрі бойынша консультативтік және ақпараттық қызмет көрсету жолымен шешуге болады.
      Бұл ретте саладағы негізгі бағыттар мыналар болуға тиіс:
      жеке инвесторлар мен акционерлерге консультативтік қолдау көрсету үшін ақпараттық орталық құру;
      Алматы қаласында қор нарығының мәселелері бойынша "call-орталық" ашу;
        мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жүйелі негізде қаржылық аспаптарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы халықты хабарлаудың жоғары дәрежесіне қол жеткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мұндай жұмыстарды жүргізу
қажеттілігі инвестициялау мүмкіндіктерін насихаттаудың басқа да құралдарының алдында (жарнама,   теледидар, радио және басқалары) бос ақша қаражатын инвестициялаудың тетіктерін түсіндіру бойынша халықпен»"жанды"»жұмыс істеу артықшылығына негізделген;
      Инвестициялау саласындағы білімді тереңдету үшін қор нарығының құралдарына жоғары оқу орнының құрауышы бөлігінің аясында қор нарығындағы негізгі жұмыстар бойынша арнаулы тақырыптық курстардың білім беру (жоғары және орта оқу орындарында) жүйесіне енгізу қажет.
      Ағарту жұмыстарының құрамдас бөлігі меншікті басқару, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі және инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік қызметшілердің; қор нарығының құралдарына халықтың ақшалай қаражатын инвестициялау саласында
эмитент кәсіпорындар мамандарының, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру, таңдауы бойынша құрауыш пәндердің есебінен қаржы нарығында жұмыс негіздерін студенттердің оқып үйренуі бойынша жоғарғы оқу орындарында курстар енгізу, қор нарығының құралдарына халықтың жинақ ақшасын
инвестициялау мәселелері бойынша оқып үйренетін семинарлар, конференциялар, тренингтер өткізу, Қазақстан жоғары оқу орындарының біреуінің негізінде орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру болып
табылады.

  6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін 2007 жылы республикалық бюджеттен 800 000 000 теңге бөлінетін болады. Бағдарламаның 2007-2009 жылдарға арналған жалпы құны 6 191 431 000 теңге (2008 жылы - 2 695 715 500 теңге, 2009 жылы - 2 695 715 500 теңге).

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижесімен қор нарығындағы инвестициялық үдерістерге халықтың тартылу дәрежесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің өсуі күтіледі. Материалдық өзгерістер ретінде мыналар қабылданған: клиенттердің-жеке тұлғалардың брокерлік шоттар санының, ұжымдық инвестициялар жүйесіндегі салымшылар санының серпіні, ерікті зейнетақы шоттары санының, бағалы қағаздар нарығы құралдарын белсенді пайдаланатын
азаматтар-жеке тұлғалар санының, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша өз біліктілігін арттырған жоғары және орта оқу орындары оқытушылары, эмитент кәсіпорындар мамандары, мемлекеттік қызметшілер, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистері қатарының, мамандандырылған интернет ресурстарына келушілер мен БАҚ-қа өтініш білдірушілер санының, өз қаражатын екінші деңгейдегі банктер депозиттерінен және жылжымайтын мүлік нарығынан ұжымдық инвестициялық сегментке қайта бөлген салымшылар санының артуы.
      Бұл ретте Бағдарламаны іске асырудың кезеңдері бойынша көрсетілген параметрлердің сандық индикаторлары мынаны құрайды:
      жеке тұлғалардың - клиенттердің брокерлік шоттар санын арттыру үшін:
      2007 жылы кемінде 2 есе, 2008 жылы - кемінде 5 есе, 2009 жылы - кемінде 10 есе. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор «жұмыс істейтін»брокерлік шоттардың саны болуы мүмкін, яғни шот ашудың барлық өн бойында шоттар бойынша өзгеретін ақшалай
қаражаттың қозғалысы;
      ұжымдық инвестициялар жүйесіне (инвестициялық пай қорлары) салымшылар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20%, 2008 жылы кемінде 40%, 2009 жылы кемінде 60%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор пайдың көлемі болуы мүмкін;
      ерікті зейнетақы шоттар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 10%, 2008 жылы кемінде 20%, 2009 жылы кемінде 30%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор зейнетақы активтерінің жалпы көлеміндегі ерікті зейнетақы активтерінің үлесі болуы мүмкін;
      бағалы қағаздар нарығының құралдарын белсенді түрде пайдаланатын азаматтар-жеке тұлғалар санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20%, 2008 жылы кемінде 40%, 2009 жылы кемінде 60%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор жеке тұлғалар сатып
алатын бағалы қағаздар портфелінің құрамы (сапасы) болуы мүмкін;
      бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өз біліктілігін арттырған жоғары және орта оқу орындары оқытушыларының, эмитент кәсіпорындар мамандарының, мемлекеттік қызметшілердің, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 20%, 2008 жылы кемінде 40%, 2009 жылы кемінде 80%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор алған білімдерін қызмет практикасында, қолданатын аталған оқу орындары оқытушыларының, жалпы ұлттық және өңірлік БАҚ журналистерінің саны
болуы мүмкін;
      мамандандырылған интернет-ресурстарына келушілер мен БАҚ-қа өтініш білдірушілер санын арттыру үшін: 2007 жылы кемінде 40%, 2008 жылы кемінде 60%, 2009 жылы кемінде 80%. Сапалық параметрлерді сипаттайтын индикатор, қорытындысында сатып алынған бағалы қағаздар ретінде және санында және интернет-ресурстардың көрсетілген түріне
кірген адамдардың өзіне қабылдайтын инвестициялық тәуекелдердің деңгейінде көрінетін мамандандырылған web-ресурстарға кірушілердің тәртіптік мәдениеті болуы мүмкін.
      Осы Бағдарламаны іске асырған кезде материалдық емес өзгерістер серпінінің жалпы күтілімдерінен мынаны атап көрсетуге болады:
      қор нарығындағы инвестициялау тетіктерін пайдаланатын халықтың үлесін арттыру;
      отандық нарықтағы инвестициялық үдерістердің оң имиджін жасау;
      инвестициялық үдерістерге тартылған халықтың қаражатын арттыру;
      халықтың жинақ ақшасын Қазақстанның экономикасын қаржыландыруға тарту;
      қаржы ағынының ашықтығын арттыру;
      республика азаматтарының жинақтарын жылжымайтын мүлікке инвестициялық операциялардың тәуекеліне тәуелділігін азайту;
      қаржылық инфрақұрылымды дамыту.
      Көрсеткіштерді кезең-кезеңмен материалдық емес өзгерту жылдар бойынша материалдық өлшемдердің сандық индикаторларын өзгертуге сәйкес жүреді.

  8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с N 

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындау-ға жау-
аптылар

Орындау
мерзімі

Болжам-
ды шы-
ғыстар
(мың
теңге)

Қаржы-
ландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Бірыңғай жарнамалық науқанның халыққа ақпараттық әсер етуін құру және жылжыту үшін мақсатты топтарды анықтау

1

Әрбір мақсатты  топтың ерекше-
ліктерін (жасы,
жынысы, жанға шаққандағы және жиынтық табыс, өмір
сүру ұстанымы,
бизнес мәртебе-
сі, отбасының
әлеуметтік
мәртебесі және т.б.) ескеретін
бірыңғай
жарнамалық
науқанның
халыққа
ақпараттық
әсер етуін
құру және
жылжыту үшін
қор нарығы
қызметтерін
тұтынушылардың
мақсатты
топтарын
айқындау

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау),
АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25
қаңтар

30   000

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты

  

Әрбір мақсатты
топтың ерекше-
ліктерін ескер-
етін  жалпы РR
тұжырымдамасын,
бірыңғай стиль

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОА,
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25
қаңтар 

14 250
 

2007
жылғы
респуб-
ликалық 
бюджет-
тің
қаража-
ты

2. Бос қаражатты инвестициялау мүмкіндіктерін насихаттау құралдары

3

Халықтың бос
қаражатын
инвестициялау
мүмкіндіктерін
жариялау
жөніндегі
жарнамалық
науқанның
медиа-жоспарын
жасау

Қазақ-
стан Респуб-
ликасы-
ның Үкіметі-
не ақпарат

Қаржымині(жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
ӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25
қаңтар 

13 922

Респуб-
ликалық
бюджет 

Бағалы қағаздар
нарығының
кәсіби қызмет-
керлерінің,
тиісті
уәкілетті
мемлекеттік
органдарын
мамандарының,
көрнекті
экономика,
оның ішінде
шетелдік
қайраткерлердің
қатысуымен
бейне және
аудио жарнама,
телевидение
мен радиоға
мамандандырыл-
ған бағдарлама-
лар мен хабар-
лар әзірлеу
және шығару  

Қазақ-
стан Респуб-
ликасы-
ның Үкіметі-
не ақпарат

Қаржымині
жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша),ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25
қаңтар 

55 220 

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты

5

Халықтың ақша
қаражатын салу
мүмкіндіктері-
нің полиграфия-
сы мен сыртқы
жарнамасы үшін
дизайн әзірлеу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат  

Қаржымині (жинақ
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),АӨҚОА

2008
жылғы
25
қаңтар 

6 900 

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаража-
ты 

6

Бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелері
бойынша
телебағдарла-
малар мен
роликтерді орыс
және қазақ
тілдерінде
жүргізу және
орналастыру 

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау) ҚҚҚ
(келісім
бойынша),АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша) 

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 
 
 
2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар

165 805
 
 
 
 
 
 
 
1 743
750
 
 
 
 
 
1 743
750

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет  

Халықтың жинақ
ақшаларын баға-
лы қағаздарға
инвестициялау
мәселелеріне
арналған теле-
видение мен
радио бағдарла-
маларына қатысу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)  

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
 
2008-2009жылдар
25 шілде,
25 қаңтар
 

Талап
етілмей-
лі

  

Халықтың
ақшалай қара-
жаттарын бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелеріне
арналған, жар-
намалық модуль-
дерді, мақала-
ларды, мате-
риалдарды
баспасөзде
орналастыру

Қазақ-
стан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не ақпарат 

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша), АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша), ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 
2009
жылғы 
25 шілде,
25 қаңтар

63 089
 
 
 
 
 
 
 
291
237,5
 
 
 
291
237,5

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет

9

Халықтың ақша-
лай қаражатын
бағалы қағаз-
дарға инвести-
циялау мүмкін-
діктері туралы
сыртқы жарнама-
ны орналастыру
және шығару 

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат 

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОА,
Астана,
Алматы
қалалары мен
облыстар-
дың әкім-
дері

2008
жылғы 
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы 
25 шілде,
25 қаңтар
 
2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар

100 874
 
 
 
 
 
 
 
405 150
 
 
 
 
405 150

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет

10

Халықтың
ақшалай қаража-
тын бағалы
қағаздарға
инвестициялау
мәселелері
бойынша жарна-
малық және
оқыту полигра-
фиялық өнімдер-
ін шығару және
тарату 

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині(жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОА,
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 
2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар

35 000
 
 
 
 
 
 
 
154
687,5
 
 
 
154
687,5 

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет 

11

Қор нарығы
халықтың ақша-
лай қаражатын
бағалы қағаз-
дарға инвести-
циялау мәселе-
лерін біліне
ойындар мен
викториналар
өткізу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
АӨҚОА

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы 
25 шілде,
25 қаңтар

2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 

3 940
 
 
 
 
 
 
 
64 687,5
 
 
 
 
64 687,5

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет 

12

Халықтың ақша-
лай қаражатын
бағалы қағаз-
дарға инвести-
циялау мәселе-
леріне арналған
интернет жарна-
ма өткізу және
орналастыру,
оның ішінде
қаржы порталын
құру

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау), ҚҚА
(келісім
бойынша)
ҚҚҚ
(келісім
бойынша), АӨҚОА

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 
 
2008
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 
2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар

15 000
 
 
 
 
 
 
 
20 250
 
 
 
 
20 250

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет 

  

3. Халықты ағартудың және ақпараттандырудың жалпыға қол жетімді жүйесін құру

13

Жеке инвестор-
лар мен акцио-
нерлерді
консультациялық
қолдау үшін
"Қазпочта" АҚ
трансфер-агент-
тік желісі
базасында
ақпараттық
орталықтардың
жұмыс істеуін
ұйымдастыру
және қамтама-
сыз ету

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау),
ЭБЖМ,
"Самұрық"
холдингі
АҚ, АӨҚОА

2008
жылғы
25 қаңтар

281 000 

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты

14

Қор нарығының
мәселелері
бойынша Алматы
қаласында
"call-орталық"
ашу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау),
ЭБЖМ,
"Самұрық"
холдингі
АҚ

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
 
 

 
2008
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар
 
2009
жылғы
25 шілде,
25 қаңтар

15 000

 

 

 

 

15 000
 
 
 
 
15 000

2007
жылғы
респуб-
ликалық
бюджет-
тің
қаражаты
 

Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет

15

Мүдделі мемле-
кетті органдар
өкілдерінің
қатысуымен
жүйелі негізде
халықтың қаржы
құралдарына
инвестициялау
мүмкіндіктері
туралы ақпарат-
тандырылуының
жоғары деңгейіне қол
жеткізу жөнінде
ақпараттық-түсіндіру жұмыстар-
ын жүргізу

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау),
АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша)
ҚҚҚ
(келісім
бойынша),
БҒМ
 

2008
жылғы
25 қаңтар,
25 шілде
 
2009
жылғы
25 қаңтар,
25 шілде
 
 
 

Талап
етілмей-
ді 

  

16

Мемлекеттік
қызметшілердің
меншікті басқа-
ру, бағалы
қағаздар нары-
ғында жұмыс істеу және
инвесторлар
құқықтарын
қорғау саласын-
дағы біліктілі-
гін арттыру

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау),
АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚКД
(келісім
бойынша) 

2008-2009
жылғы
25 қаңтар

Талап
етілмей-
ді

  

17

Эмитент
кәсіпорындар
мамандарының,
жалпыұлттық
және өңірлік
БАҚ журналис-
терінің халық-
тың ақшалай
қаражатын қор
нарығының
құралдарына
инвестициялау
саласындағы
біліктілігін
арттыру 

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Қаржымині (жинақ-
тау),
АӨҚОА, ҰБ
(келісім
бойынша),
ҚҚА
(келісім
бойынша)

2008-2009жылғы
25 қаңтар

Талап
етілмей-
ді

  

18

Жоғары оқу
орындарында
студенттердің
таңдауы бойынша
құрауыш пәндер
есебінен оларға
қор нарығындағы
жұмыс негіздер-
ін үйрету
жөнінде курстар
енгізу  

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

БҒМ

2008-2009
жылғы
25 қаңтар
 

Талап
етілмей-
ді

  

19

Халықтың жинақ
ақшаларын қор
нарығы құралда-
рына инвести-
циялау мәселе-
лері бойынша
оқытатын
семинарлар,
конференциялар
тренингтер
өткізу   

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

Облыстар-
дың,
Алматы,
Астана
қалалары-
ның
әкімдері

2008
жылғы
25 қаңтар
 

Талап
етіл-
мейді

  

20 

Тұрар Рысқұлов
атындағы
Қазақстан
экономикалық
университетінің
негізінде
орташа кәсіптік
және жоғары
кәсіптік білім
беретін білім
беру ұйымдары
оқытушыларының
біліктілігін
арттыру курс-
тарын ұйымдас-
тыру

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіметі-
не
ақпарат

БҒМ

2008
жылғы
25 қаңтар
 
 
2009
жылғы
25 қаңтар
 

953
 
 
 
 
953
 
 

Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
Респуб-
ликалық
бюджет
 

  

2007 жылы
 

  

  

  

800 000

Респуб-
ликалық
бюджет

  

2007-2009
жылдары

  

  

  

6 191 431

Респуб-
ликалық
бюджет

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі
      АӨҚОА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
      "Самұрық"»холдингі"»АҚ-"Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
      "Қазпочта" АҚ-"Қазпочта" акционерлік қоғамы