Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 492 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбындағы және мәтініндегі "Алматы қаласының" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2011 жылғы 30 қаңтар - 6 ақпанда Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындары (бұдан әрі - Ойындар) өткізілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.

      3. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Ойындарға қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы, спорт объектілерінің салыну барысы мен Астана және Алматы қалаларының Ойындарды өткізуге дайындығы туралы есептерін тыңдасын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
      1) 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) Қазақстан Республикасы спорт делегациясының Астана және Алматы қалаларындағы 2011 жылғы Ойындарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етсін және жылына кемінде екі рет Ойындарды өткізуге арналған спорт құрылыстарын салу мен қайта жаңарту мәселесін қарасын.

      5. Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына кемінде екі рет әкімдіктер отырыстарында қалалардың Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелерді қарасын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                        Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 13 маусымдағы
N 492 қаулысымен  
бекітілген    

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 № 693 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.15 N 948, 2009.10.26 N 1666 Қаулыларымен.

Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы
Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

Мәсімов                   - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы           министрі, төраға

Досмұхамбетов             - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы        және спорт министрі, Қазақстан
                            Республикасы ұлттық олимпиада
                            комитетінің президенті, төрағаның
                            орынбасары

Тасмағамбетов             - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы         орынбасары

Есімов                    - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Ахметжан Смағұлұлы          орынбасары

Қазбеков                  - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қанат Мелдебекұлы           спорт министрлігінің Спорт комитеті
                            спорт инфрақұрылымы және
                            лицензиялау басқармасының бастығы,
                            хатшы

Мұқашев                   - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы          орынбасары

Мұқанов                   - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы

Рақымжанов                - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратпекұлы

Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі

Мыңбаев                   - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы         және минералдық ресурстар министрі

Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы           министрі
 
Түймебаев                 - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы        және ғылым министрі

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы министрі
 
Ермегияев                 - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы         және спорт вице-министрі
 
Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы            және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
 
Сабдалин                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы              жағдайлар вице-министрі
 
Есекеев                   - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы       және байланыс агенттігінің төрағасы
 
Құлназаров                - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы         спорт министрлігі Спорт комитетінің
                            төрағасы
 
Досымбетов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы              Олимпиада комитетінің бас хатшысы
 

Котлов                    - "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын
Андрей Николаевич           ұйымдастыру комитетінің атқарушы
                            дирекциясы" акционерлік қоғамының
                            президенті (келісім бойынша)

Әбдіқалықова              - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы           Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
                            министрі

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасының
Серік Нұртайұлы             Ішкі істер министрі

Досқалиев                 - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы         Денсаулық сақтау министрі

Исекешев                  - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы             Индустрия және сауда министрі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы       Көлік және коммуникация министрі

Жошыбаев                  - Қазақстан Республикасы
Рәпіл Сейітханұлы           Сыртқы істер министрлігінің жауапты
                            хатшысы

Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әділ Шаяхметұлы             қауіпсіздік комитеті төрағасының
                            бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Қарманов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жарылқасым Сәлімгерейұлы    қауіпсіздік комитетінің Терроризмге
                            қарсы орталық штабының бастығы
                            (келісім бойынша)

Аймұқашев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ерлан Қапарұлы              министрлігі Спорт комитетінің төрағасы,
                            Армия орталық спорт клубының бастығы