Ескерту. Қаулының тақырыбындағы және мәтініндегі "Алматы қаласының" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.
Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. 2011 жылғы 30 қаңтар - 6 ақпанда Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындары (бұдан әрі - Ойындар) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
3. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Ойындарға қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы, спорт объектілерінің салыну барысы мен Астана және Алматы қалаларының Ойындарды өткізуге дайындығы туралы есептерін тыңдасын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.15
N 948
Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
1) 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы спорт делегациясының Астана және Алматы қалаларындағы 2011 жылғы Ойындарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етсін және жылына кемінде екі рет Ойындарды өткізуге арналған спорт құрылыстарын салу мен қайта жаңарту мәселесін қарасын.
5. Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына кемінде екі рет әкімдіктер отырыстарында қалалардың Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелерді қарасын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.15
N 948
Қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 маусымдағы
N 492 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.15 N 948 Қаулысымен.
Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы министрі, төраға
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы және спорт министрі, Қазақстан
Республикасы ұлттық олимпиада
комитетінің президенті, төрағаның
орынбасары
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Есімов - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Ахметжан Смағұлұлы орынбасары
Қазбеков - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қанат Мелдебекұлы спорт министрлігінің Спорт комитеті
спорт инфрақұрылымы және
лицензиялау басқармасының бастығы,
хатшы
Мұқашев - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Мәулен Шапанбайұлы орынбасары
Мұқанов - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы
Рақымжанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратпекұлы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Григорьевич сақтау министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы және минералдық ресурстар министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Мәшбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Дәненов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұрлан Жұмағалиұлы министрінің орынбасары
Ермегияев - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы және спорт вице-министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы және байланыс агенттігінің төрағасы
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы спорт министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы Олимпиада комитетінің бас хатшысы
Асенов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмаз Тұрсынбайұлы министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы, Армия орталық спорт
клубының бастығы
Котлов - "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын
Аңдрей Николаевич ұйымдастыру комитетінің атқарушы
дирекциясы" акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)