Алматы қаласында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын сапалы дайындауды қамтамасыз ету және өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. 2011 жылғы 30 қаңтар - 6 ақпанда Алматы қаласында 7-қысқы Азия ойындары (бұдан әрі - Ойындар) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
3. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Ойындарға қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы, спорт объектілерінің салыну барысы мен Алматы қаласының Ойындарды өткізуге дайындығы туралы есептерін тыңдасын.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
1) 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы спорт делегациясының Алматы қаласындағы 2011 жылғы Ойындарға дайындығын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз етсін және жылына кемінде екі рет Ойындарды өткізуге арналған спорт құрылыстарын салу мен қайта жаңарту мәселесін қарасын.
5. Алматы қаласының әкімі жылына кемінде екі рет әкімдік отырыстарында қаланың Ойындарды өткізуге арналған инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелерді қарасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 маусымдағы
N 492 қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы министрі, төраға
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы және спорт министрі, Қазақстан
Республикасы ұлттық олимпиада
комитетінің президенті, төрағаның
орынбасары
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Бөкенов - Алматы қаласы әкімінің бірінші
Қайрат Ахмәдиұлы орынбасары
Мұқанов - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Григорьевич сақтау министрі
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрі
Ізмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Наталья Артемовна
Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы министрі
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі
Қазыханов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Хозейұлы министрінің орынбасары
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайрат Медібайұлы және спорт вице-министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы және байланыс агенттігінің төрағасы
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы спорт министрлігі Спорт комитетінің
төрағасы
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы Олимпиада комитетінің бас хатшысы
Новиков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Павел Максимович министрлігі спорт комитетінің
төрағасы, Армия орталық спорт клубының
бастығы