Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 406 Қаулысы

Жаңартылған

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі;
      2) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 22 мамырдағы
N 406 қаулысымен  
бекітілген    

  Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1.   Осы Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.

  2. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

      2. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге асырылады.

      3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлғаға құрылады. ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.
      Бақылауды жүзеге асыру және клавиатура арқылы енгізу кезіндегі қателікті азайту мақсатында ЖСН құрамында бақылаушы 12-разрядтың болуы көзделеді, оны есептеу кезінде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылатын болады:
      а12 = (al*bl + а2*b2 + а3*b3 + а4*b4 + а5*b5 + а6*b6 + а7*b7 + а8*b8 + a9*b9 + al0*bl0 + a11*b11)mod 11, мұндағы:
      ai - ЖСН і-разрядының мәні;
      bi - і-разрядының салмағы;
      Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтардың басқа дәйектілігімен жүзеге асырылады:
      ЖСН разрядының мәні: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11;
      разряд салмағы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 1, 2;
      Егер алынған сан 0-ден 9-ға дейінгі мәнге ие болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Өз қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде жеке тұлғаға берілген ЖСН пайдаланылады.

      5. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) 12 цифрды қамтиды және бес бөліктен тұрады:
      1) бірінші бөлік - 4 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі (бұдан әрі - ЖК (Б) қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу жылын (соңғы екі цифр) және айын қамтиды;
      2) екінші бөлік - 1 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) типін білдіреді.
      Заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) типінің нақты мәні:
      4 - резидент заңды тұлғалар үшін;
      5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін;
      6 - ЖК (Б) үшін;
      3) үшінші бөлік - 1 цифрдан тұрады және қосымша белгі болып
табылады және мынадай түрде айқындалады:
      0 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) бас бөлімшесінің;
      1 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) филиалының;
      2 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) өкілдігінің;
      3 - бірлескен кәсіпкерлік негізінде қызметін жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының;
      4) төртінші бөлік - 5 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның (филиалдар мен өкілдіктер) немесе ЖК (Б) жүйесіндегі реттік тіркеу нөмірін қамтиды;
      5) бесінші бөлік - автоматты түрде анықталатын және бақылау цифры болып табылатын 1 цифрдан тұрады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 22 мамырдағы
N 406 қаулысымен 
бекітілген    

Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауының бірыңғай тәртібін айқындау болып табылады.

  2. Жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы

      3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын комбинация түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатының беткі жағында, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 32-бетіндегі машина оқитын мәтінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның ЖСН-і бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді.

      5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  3. Заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бүрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы

      6. Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру үшін тіркеуші органға жүгінеді:
      1) орналасқан жері бойынша:
      заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) үшін, соның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін;
      2) резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға
акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының елу пайызынан астамын құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместер үшін;
      3) салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша:
      Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілеріне иелік ететін резидент еместер үшін;
      4) резидент-банктің орналасқан жері бойынша:
      резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және Заңның 9-бабы 10-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін резидент еместер үшін.

      7. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалардың, филиалдың, өкілдіктің (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) (ережесі) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты, ереже) түпнұсқасы;
      3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      8. Құжаттар ұсынылғаннан кейін уәкілетті орган:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;
      2) заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке БСН беру және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады;
      3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға, филиал мен өкілдік туралы мәлімет енгізеді;
      4) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН береді;
      5) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің БСН-і туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы ақпарат жібереді;
      6) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы бұйрықты салық органына береді;
      7) істі ресімдегеннен кейін құрылтай құжаттарының төлнұсқаларына БСН берілгенін растайтын мөртаңбалар қояды;
      8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманы, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613; 15.05.2013 № 487 қаулыларымен.

      9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      10. Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі – заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы жарғысының түпнұсқасы;
      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін:
      1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;
      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді;
      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН беру туралы бұйрық шығарады;
      4) тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушының БСН туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгені туралы ақпарат жібереді;
      5) тіркеуші орган құжаттарға БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабан қояды;
      6) істі рәсімдегеннен кейін тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі анықтаманы, БСН берілгені туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушылардың бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

  4. Дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы

      13. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер БСН қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін бірлескен дара кәсіпкерлік уәкілетті органының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға жүгінеді және мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді.
      Құжаттары бар болған кезде тіркеуші орган дара кәсіпкердің (бірлескен дара кәсіпкерлік) құжаттарын қайта ресімдеуді құжаттарын ұсынғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың   
(филиалдар мен өкілдіктердің),  
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің  
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын 
қайта ресімдеу үшін өтініш   
жасау ережесіне         
1-қосымша            

___________________________
(тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген құжаттарды қайта
рәсімдеуге арналған
өтініш

      Ескерту. Өтініш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) заңды тұлға _______________________________________________;
      2) филиал ____________________________________________________;
      3) өкілдік ___________________________________________________.
      2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы:
_____________________________________________________________________
      3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз):
      1) коммерциялық ______________________________________________;
      2) коммерциялық емес __________________________ болып табылады.
      4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында
инвесторлардың қатысуы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      7. Заңды тұлғаның үлгілік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге
асыруы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
_____________________________________________________________________
     (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы,
_____________________________________________________________________
  (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйық көшесі, даңғылы,
____________________________________________________________________,
      үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі)
      9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы
мәліметтер (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы _________________________;
      2) шетелдік тұлға ____________________________________________;
      3) азаматтығы жоқ тұлға ______________________________________.
_____________________________________________________________________
     (Т.А.Ә., ЖСН немесе құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
кім берген, тұрақты тұратын елі, телефон нөмірі, факс нөмірі, E-mail)
      10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) мемлекеттік _____________; 2) жеке ________________________.
      11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз _______
_____________________________________________________________________
      12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрлерін көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
      13. Жарғылық капитал мөлшері __________________________________
      14. Жарғылық капитал түрі (резидент емес үшін) ________________
      15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз):
      1) заңды тұлға _____________; 2) жеке тұлға __________________.
      Заңды тұлға (резидент)
_____________________________________________________________________
          (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, БСН)
_____________________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі ____ % салым сомасы (мың теңге) ____
      Заңды тұлға (резидент емес)
_____________________________________________________________________
       (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің
_____________________________________________________________________
заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған
                               құжатқа
_____________________________________________________________________
            сәйкес, атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
                    тіркеу күні, қызмет түрі
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ салым сомасы ______________;
      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы)
_____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН не құжат, паспорты, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
                 кім берген, тұрақты тұратын елі)
      Жарғылық капиталдағы үлесі _____ %; салым сомасы _____________;
      Жеке тұлға (шет ел азаматы):
_____________________________________________________________________
          (Т.А.Ә., құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
                  кім берген, тұрақты тұратын елі)
      Жарғылық капиталдағы үлесі: _____ % салым сомасы ______________
      16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер
      Заңды тұлға (резидент)
_____________________________________________________________________
            (атауы, тіркеу күні және тіркеу нөмірі, БСН)
_____________________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы % _______ салым сомасы (мың теңге) _______
      Заңды тұлға (резидент емес)
_____________________________________________________________________
   (атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзіндіге,
_____________________________________________________________________
немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа
                    да заңдастырылған құжатқа сәйкес
_____________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, қызмет түрі), ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі, _________ % салым сомасы __________
      17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (болжамды)
саны ________________________________________________________________
      18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз ):
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ______________________________;
      2) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі ________________________________.
      19. Заңды тұлғаны құру қайта құруды болжайды (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз ):
      1) қайта құру ________________________________________________;
      2) қосылу ____________________________________________________;
      3) бөлініп шығу ______________________________________________;
      4) бөлу ______________________________________________________.
      20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалар саны _________
      21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет
_____________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның бұрынғы атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
      22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:
_____________________________________________________________________
         (қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы, БСН)
      23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі
қажет: ______________________________________________________________
        (жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
      24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:
_____________________________________________________________________
    (базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
                 (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      _______ жылы «___» ___________________________

      Өтінішке қоса тіркеледі:

Жеке және заңды тұлғалардың   
(филиалдар мен өкілдіктердің), 
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің 
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын 
қайта ресімдеу үшін өтініш   
жасау ережесіне        
2-қосымша           

___________________________
(тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына
қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын
берілген куәлікті қайта ресімдеуге арналған
өтініш

      Ескерту. Өтініш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.

      1. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы
(тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      ____________________________________
      (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      ____ жылғы «___» ___________________