Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 487 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат):

      Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:

      16-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтамаларды берген кезде БСН беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:";

      21), 22) және 35) тармақшалар алынып тасталсын;

      27), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      27) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН, қатысу үлесі;

      28) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;

      29) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН;";

      33), 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН";

      34) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама және барлық анықтамаларды берген орны туралы ақпарат (жаңа анықтама берілді)".

      2. "Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғалардың, филиалдың, өкілдіктің (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) (ережесі) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты, ереже) түпнұсқасы;

      3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.";

      8-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке БСН беру және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы бұйрықты салық органына береді;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманы, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.";

      9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.

      10. Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі – заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы жарғысының түпнұсқасы;

      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.

      11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін:

      1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;

      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді;

      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН беру туралы бұйрық шығарады;

      4) тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушының БСН туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгені туралы ақпарат жібереді;

      5) тіркеуші орган құжаттарға БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабан қояды;

      6) істі рәсімдегеннен кейін тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі анықтаманы, БСН берілгені туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.

      12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушылардың бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.";

      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2014 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
1-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың
(филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын
қайта ресімдеу үшін өтініш
жасау ережесіне
1-қосымша

      ___________________________

      (тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген құжаттарды қайта
рәсімдеуге арналған
өтініш

      1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға _______________________________________________;

      2) филиал ____________________________________________________;

      3) өкілдік ___________________________________________________.

      2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы:

      _____________________________________________________________________

      3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х-пен

      көрсетіңіз):

      1) коммерциялық ______________________________________________;

      2) коммерциялық емес __________________________ болып табылады.

      4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында

      инвесторлардың қатысуы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта

      х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта

      х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      7. Заңды тұлғаның үлгілік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге

      асыруы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы,

      _____________________________________________________________________

      (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйық көшесі, даңғылы,

      ____________________________________________________________________,

      үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі)

      9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы

      мәліметтер (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) Қазақстан Республикасының азаматы _________________________;

      2) шетелдік тұлға ____________________________________________;

      3) азаматтығы жоқ тұлға ______________________________________.

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН немесе құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,

      _____________________________________________________________________

      кім берген, тұрақты тұратын елі, телефон нөмірі, факс нөмірі, E-mail)

      10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) мемлекеттік _____________; 2) жеке ________________________.

      11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз _______

      _____________________________________________________________________

      12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрлерін көрсетіңіз

      _____________________________________________________________________

      13. Жарғылық капитал мөлшері __________________________________

      14. Жарғылық капитал түрі (резидент емес үшін) ________________

      15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х-пен

      көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға _____________; 2) жеке тұлға __________________.

      Заңды тұлға (резидент)

      _____________________________________________________________________

      (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, БСН)

      _____________________________________________________________________

      Жарғылық капиталдағы үлесі ____ % салым сомасы (мың теңге) ____

      Заңды тұлға (резидент емес)

      _____________________________________________________________________

      (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған

      құжатқа

      _____________________________________________________________________

      сәйкес, атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      тіркеу күні, қызмет түрі

      Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ салым сомасы ______________;

      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН не құжат, паспорты, нөмірі, берілген күні,

      _____________________________________________________________________

      кім берген, тұрақты тұратын елі)

      Жарғылық капиталдағы үлесі _____ %; салым сомасы _____________;

      Жеке тұлға (шет ел азаматы):

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,

      _____________________________________________________________________

      кім берген, тұрақты тұратын елі)

      Жарғылық капиталдағы үлесі: _____ % салым сомасы ______________

      16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер

      Заңды тұлға (резидент)

      _____________________________________________________________________

      (атауы, тіркеу күні және тіркеу нөмірі, БСН)

      _____________________________________________________________________

      Жарғылық капиталдағы % _______ салым сомасы (мың теңге) _______

      Заңды тұлға (резидент емес)

      _____________________________________________________________________

      (атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзіндіге,

      _____________________________________________________________________

      немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа

      да заңдастырылған құжатқа сәйкес

      _____________________________________________________________________

      тіркеу нөмірі, қызмет түрі), ________________________________________

      Жарғылық капиталдағы үлесі, _________ % салым сомасы __________

      17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (болжамды)

      саны ________________________________________________________________

      18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х-пен

      көрсетіңіз ):

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ______________________________;

      2) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________;

      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі ________________________________.

      19. Заңды тұлғаны құру қайта құруды болжайды (тиісті ұяшықта

      х-пен көрсетіңіз ):

      1) қайта құру ________________________________________________;

      2) қосылу ____________________________________________________;

      3) бөлініп шығу ______________________________________________;

      4) бөлу ______________________________________________________.

      20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалар саны _________

      21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бұрынғы атауы, БСН)

      _____________________________________________________________________

      22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:

      _____________________________________________________________________

      (қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы, БСН)

      23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі

      қажет: ______________________________________________________________

      (жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы, БСН)

      _____________________________________________________________________

      24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:

      _____________________________________________________________________

      (базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы, БСН)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      _______ жылы "___" ___________________________

      Өтінішке қоса тіркеледі:

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
2-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың
(филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын
қайта ресімдеу үшін өтініш
жасау ережесіне
2-қосымша

      ___________________________

      (тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына
қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын
берілген куәлікті қайта ресімдеуге арналған
өтініш

      1. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы

      (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта

      х-пен көрсетіңіз):

      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      ____________________________________

      (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      ____ жылғы "___" ___________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).