Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 176 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
      01 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясында:
      120 "Облыс әкiмiнiң аппараты" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау";
      121 "Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау";
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      02 "Коммуналдық шаруашылық" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламалары мен бюджеттiк кiшi бағдарламалары бар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "279 Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)
      001 Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментiнiң (басқармасының) қызметiн қамтамасыз ету
      003 Жергiлiктi органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру
      008 Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделi жөндеу
      009 Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
      002 Ақпараттық жүйелердi құру
      003 Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшiн кредит беру
      004 Елдi мекендердi газдандыру
      006 Сумен жабдықтау жүйесiн дамыту
      004 Сыртқы қарыздар есебiнен жобаны iске асыру
      011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер есебiнен iске асыру
      015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебінен iске асыру
      008 Сумен жабдықтау жүйесiн дамыту үшiн кредит беру
      012 Коммуналдық шаруашылық объектiлерiн дамыту
      011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер есебiнен iске асыру
      015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу
      106 Жергiлiктi атқарушы органның табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу
      107 Жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу
      108 Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау
      109 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу
      113 Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн трансферттер
      115 Жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң қаражаты есебiнен соттардың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау";
      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша 008 "Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасы алынып тасталсын;
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында:
      02 "Спорт" кiшi функциясында:
      271 "Облыстың құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша 034 "Аудандар (облыстық пайызы бар қалалар) бюджеттерiне дене шынықтыру және спорт объектiлерiн дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "034 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне дене шынықтыру және спорт объектiлерiн дамытуға бөлiнетiн нысаналы даму трансферттерi";
      9 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау";
      мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламасы мен бюджеттiк кiшi бағдарламалары бар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "279 Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)
      007 Жылу-энергетика жүйесiн дамыту
      011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттер есебiнен iске асыру
      015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен іске асыру";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      06 "Жер қатынастары" кiшi функциясында:
      463 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлiмi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "003 Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру";
      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
      09 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      215 "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау";
      шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
      1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:
      130 "Тауарлар сатып алу" iшкi сыныбында 133 "Қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және құрылыс материалдарын сатып алу" ерекшелiгi алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230  қаулысында :
      2-тармақтың 1) тармақшасында "өз кесiмдерiн" деген сөздердiң алдынан "бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі