Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында (бұдан әрі - үлгі құрылым):
      "1. Облыстық әкімдік" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)".

      2. Облыстардың әкімдері:
      1) бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.11.  N 176 қаулысымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері:
      1) облыстардың әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген толықтыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттердің (басқармалардың) ұсынылатын құрылымын жіберсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi