Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 125 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар (бұдан әрi - өзгерiстер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы қаулыға өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзіледі және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 19 ақпандағы 
N 125 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкілеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 27-1-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-2-жолмен толықтырылсын:
      "27-2. Қазақстан Республикасы    Ойын бизнесi саласындағы
             Туризм және спорт         қызмет
             министрлiгiнiң
             Туризм индустриясы комитетi                       ".

      2. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарау 1-тармағының 8-1) тармақшасы алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 сәуiрдегi N 367  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 203-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесiнде:
      "Электротехникалық, радиотехникалық электронды бұйымдар" деген 4-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "9504 30 100 0    Ойын автоматтары     
       9504 30 300 0
       9504 30 500 0                                           ".

      4. "Ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1192  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 46, 596-құжат):
      1-тармақ алынып танылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы, 10-тармақтың екiншi, үшiншi, он үшiншi абзацтарындағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ойын бизнесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 10-тармақтың үшiншi абзацындағы және 11-тармақтың екiншi абзацындағы "және спортты" деген сөздер ", спортты және ойын бизнесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтедi;
      ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "туристiк қызметтi" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "туристiк индустрияны" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      5) тармақшадағы "туризм саласындағы" деген сөздер "туризм, ойын бизнесi салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      12-4) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау бойынша тексерулер жүргiзу;";
      "18) ойын мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.";
      10-тармақта:
      1) тармақшада "туристiк саланы" деген сөздерден кейiн ", ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "туризм саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 8) тармақшадағы "тартуға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
      10) ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;";
      11) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау мәнiне тексерулердi жүзеге асыруға;
      12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
      13) талап-арыздармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге.".