Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1192 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 1272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.03 № 1272 (2014.11.21 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.02.19 N 125 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19 N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 501-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің            
2005 жылғы 2 желтоқсандағы   
N 1192 қаулысымен бекітілген  

  Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік талаптары

       Ескерту. Талаптар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N 125 (2007.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.