Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 125 Қаулысы

Жаңартылған

      "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар (бұдан әрi - өзгерiстер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы қаулыға өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзіледі және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 19 ақпандағы 
N 125 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2.  күші жойылды
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 сәуiрдегi N 367  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 203-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесiнде:
      "Электротехникалық, радиотехникалық электронды бұйымдар" деген 4-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "9504 30 100 0    Ойын автоматтары     
       9504 30 300 0
       9504 30 500 0                                           ".

      4. "Ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1192  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 46, 596-құжат):
      1-тармақ алынып танылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 329  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы, 10-тармақтың екiншi, үшiншi, он үшiншi абзацтарындағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ойын бизнесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 10-тармақтың үшiншi абзацындағы және 11-тармақтың екiншi абзацындағы "және спортты" деген сөздер ", спортты және ойын бизнесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтедi;
      ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi туралы ережеде:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "туристiк қызметтi" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "туристiк индустрияны" деген сөздерден кейiн "және ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "Әуезов көшесi, 126" деген сөздер "Абай даңғылы, 33" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      5) тармақшадағы "туризм саласындағы" деген сөздер "туризм, ойын бизнесi салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      12-4) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау бойынша тексерулер жүргiзу;";
      "18) ойын мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.";
      10-тармақта:
      1) тармақшада "туристiк саланы" деген сөздерден кейiн ", ойын бизнесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "туризм саласында" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 8) тармақшадағы "тартуға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
      10) ойын бизнесiн ұйымдастырушының "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;";
      11) ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi сақтау мәнiне тексерулердi жүзеге асыруға;
      12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
      13) талап-арыздармен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге.".