Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Iшкi нарықта мұнай өнiмдерiне бағаны тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 53-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi" деген бағанда:
"2710 19 310 0 - 2710 19 490 0" деген сандар "2710 19 310 0 - 2710 19 490 0***" деген сандармен ауыстырылсын;
"2710 19 610 0 - 2710 19 690 0" деген сандар "2710 19 610 0 - 2710 19 690 0***" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
"***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңiнде";
"****жыл сайын 15 сәуiр - 15 тамыз кезеңiнен басқа";
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1317 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 15 ақпандағы
N 114 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Кедендiк тарифiне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешімдеріне сәйкес
уақытша негiзде қолданылатын кедендік әкету баждарының
ставкалары
СЭҚ TH коды |
Позицияның атауы |
Қосымша өлшем бiрлiгi |
Баж ставкасы (кеден құнынан пайызбен не евромен) |
Уақытша кедендiк баждардың қолданылу мерзiмi |
2710 19 410 0 - |
Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшiн газойлдар (дизель отыны) |
- |
1000 кг үшін 130 евро |
жыл сайын 15 ақпаннан 15 қазанға дейін |
2710 19 610 0 - |
Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшiн сұйық отын (мазут) |
- |
1000 кг үшін 15 евро |
жыл сайын 15 сәуірден 15 тамызға дейін |