Iшкi нарықта мұнай өнiмдерiне бағаны тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 53-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi" деген бағанда:
"2710 19 310 0 - 2710 19 490 0" деген сандар "2710 19 310 0 - 2710 19 490 0***" деген сандармен ауыстырылсын;
"2710 19 610 0 - 2710 19 690 0" деген сандар "2710 19 610 0 - 2710 19 690 0***" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
"***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңiнде";
"****жыл сайын 15 сәуiр - 15 тамыз кезеңiнен басқа";
2) "Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы N 765
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 324-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифiне 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сай уақытша негiзде қолданылатын кедендiк әкету баждарының ставкалары";
6-тармақта "әкелу" деген сөзден кейiн "және әкету" деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифi осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 15 ақпандағы
N 114 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Кедендiк тарифiне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешімдеріне сәйкес
уақытша негiзде қолданылатын кедендік әкету баждарының
ставкалары
СЭҚ TH коды |
Позицияның атауы |
Қосымша өлшем бiрлiгi |
Баж ставкасы (кеден құнынан пайызбен не евромен) |
Уақытша кедендiк баждардың қолданылу мерзiмi |
2710 19 410 0 -
|
Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшiн газойлдар (дизель отыны) |
- |
1000 кг үшін 130 евро |
жыл сайын 15 ақпаннан 15 қазанға дейін |
2710 19 610 0 -
|
Ауыр дистиляттар: өзге мақсаттар үшiн сұйық отын (мазут) |
- |
1000 кг үшін 15 евро |
жыл сайын 15 сәуірден 15 тамызға дейін |