Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында жалпы алаңы 763549,0 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
2. Республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттiк табиғи қаумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесi және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0 гектар босалқы жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi санатына ауыстырылсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берiлсiн.
3. Ақтөбе облысының әкiмдiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақ шегiнде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерiнiң айналасында күзет аймағын белгiлесiн.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекараларын белгiлесiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
1) мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiмде:
"Ертiс орманы" мемлекеттiк орман табиғи резерваты 307" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты 99";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-1-жолмен толықтырылсын:
"9-1. "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi";
3) "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанында "348000" деген сандар "296000" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-1-жолмен толықтырылсын:
"16-1 Ырғыз-Торғай 763549,0 Ырғыз Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк табиғи ауданы Ауыл шаруашылығы
резерваты министрлiгiнiң Орман
және аңшылық
шаруашылығы комитетi".
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 14 ақпандағы
N 109 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақтөбе облысының
аумағындағы "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты"
мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға берілетін
жер учаскелерінің экспликациясы
Жердiң санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары |
Алаңы, га |
Ырғыз ауданы
|
|
Барлығы |
763549,0 |