Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 109 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында жалпы алаңы 763549,0 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

      2. Республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттiк табиғи қаумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесi және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0 гектар босалқы жер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi санатына ауыстырылсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берiлсiн.

      3. Ақтөбе облысының әкiмдiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақ шегiнде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерiнiң айналасында күзет аймағын белгiлесiн.

      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекараларын белгiлесiн.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
      1) мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      1)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен)

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-1-жолмен толықтырылсын:
      "9-1. "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2007 жылғы 14 ақпандағы
                                                N 109 қаулысына
                                                       қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
  Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақтөбе облысының
    аумағындағы "Ырғыз-Торғай мемлекеттiк табиғи резерваты"
   мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға берілетін
                 жер учаскелерінің экспликациясы

Жердiң санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары Алаңы, га

Ырғыз ауданы
1) босалқы жер (жайылымдар, шабындықтар)
2) республикалық маңызы бар Торғай мемлекеттiк табиғи қаумалының аумағындағы жер учacкeci


  711549,0
52000,0

Барлығы

763549,0