1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота
республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,98 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және арнаулы орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,35 пайыз;
үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,50 пайыз;
төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,13 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.23. N
618
(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.