Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота
республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,80 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
      бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және арнаулы орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,30 пайыз;
      үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,37 пайыз;
      төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,13 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі