Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1194 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушi болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.26.  N 838  Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi