Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1194 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықов тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.26 N 838, 2010.08.31 № 851, 2011.12.13. N 1516, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi