Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1194 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 551 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi