Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 4 желтоқсандағы 
N 1164 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер 

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде:

      14-тармақта:
      алтыншы және жиырма екiншi абзацтарда "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацта "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың бiрiншi абзацында және 21-тармақтың екiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақтың бесiншi және сегiзiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      16-тармақта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы  N 733  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 39-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртiбiнде:
      30-тармақтың 3) тармақшасында "және тау-кен бақылау" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 238-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамында:
      мына:
      "Бижанов                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
      Нұрахмет Құсайынұлы          жағдайлар бiрiншi вице-министрі,
                                   төрағаның орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бижанов                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
      Нұрахмет Құсайынұлы          жағдайлар министрлiгi Төтенше
                                   жағдайларды және өнеркәсіптік
                                   қауiпсiздiктi мемлекеттік
                                   бақылау комитетiнiң төрағасы,
                                   төрағаның орынбасары";

      көрсетiлген құрамнан Жанасаев Болат Бақытжанұлы Николаевич шығарылсын.

      5. "Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік мемлекеттiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Веснин Виктор Николаевич енгiзiлсiн;
      мына:
      "Аппарбеков                - Қазақстан Республикасы Төтенше
      Серiк Сейiтұлы               жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше
                                   жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
                                   бақылау және қадағалау комитетi
                                   төрағасының орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аппарбеков               - Қазақстан Республикасы Төтенше
      Серiк Сейiтұлы              жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы
                                  қызмет комитетiнiң төрағасы";

      көрсетiлген құрамнан Оглов Вадим Валерьевич шығарылсын.

      6. "Экономикалық қызмет тyрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттiк рұқсат беру жүйесiн қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 10 наурыздағы N 219  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Веснин                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
      Виктор Николаевич           жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше
                                  жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
                                  бақылау және қадағалау комитетi
                                  төрағасының орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Веснин                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
      Виктор Николаевич           жағдайлар министрлiгi Төтенше
                                  жағдайларды және өнеркәсiптiк
                                  қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау
                                  комитетi төрағасының орынбасары".

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1164 қаулысына     
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 30, 275-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1390  қаулысының  6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1593  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 49, 458-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 651  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1068 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 тамыздағы N 1119  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 348-құжат).