Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481 қаулысының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 109-2-жолдағы "республикалық мемлекеттiк кәсіпорны" деген сөздің алдынан "Орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.04. N 1164 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі