Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
      2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының құрамы

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 660; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1494 қаулыларымен.

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға,

Айтжанова
Жанар Сейдахметқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, төрағаның орынбасары

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Жұмаділдаев
Әнуар Серқұлұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы

Тен
Игорь Викторович

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Әкімбекова
Айжан Тәуешқызы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітiледi.

2. Комиссия қызметiнiң мақсаттары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      4. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
      Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi (әкетудi) реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру жолымен Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

3. Комиссияның мiндеттерi

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      кедендiк баж ставкаларын енгiзу және өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерiне қосылу шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру үдерiсiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндiрушiлерге елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактiсi немесе осындай зиян келтiру қаупi бар немесе жоқ екенi туралы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиiстi қорытындысы негiзiнде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне оның сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк қауiпсiздiкке, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу ретiнде жедел тәртiппен қабылданатын шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудiң (әкетудiң), оның iшiнде сандық тыйымдарын немесе шектеулерiн қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау;
      преференциялардың ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әрiптестерiмен, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелерi жөнiндегi ұстанымын әзiрлеу болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру, тауарлардың импорты кезiнде тарифтiк квоталарды, iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды, кеден-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады;
      Комиссияның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады.

5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның хатшысы Комиссияның отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.

      11. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
      Комиссияның мүшелері уақытша болмаған жағдайларды (іссапар, демалыс, сырқаттану) қоспағанда, олар отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Мұндай жағдайларда, тиісті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды тұлға қатысады.
      Комиссия мүшесі өзінің лауазымдық міндеттерін тоқтатқан жағдайда, Комиссия отырысына осы қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның орнына тағайындалған тұлға қатысады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 660 қаулысымен.

      11-1. Өкілдері Комиссия құрамына қосылмаған мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырысына қатысу үшін осы мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2009.06.22 N 959 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 660 қаулысымен.

      12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
      Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.

      13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткізген оның орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ол бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 660 қаулысымен.

      14. Қажет болған кезде Комиссияның шешiмi хаттаманы ресiмдей отырып, оның мүшелерiне жазбаша сауалдама жүргiзу жолымен қабылдануы мүмкін.

      15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысына     
қосымша      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 123-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 367-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 506 қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 733 қаулысы .

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 23, 299-құжат).