Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы;
      2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамы

Шөкеев                     - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы             Премьер-Министрінің орынбасары,
                             төраға

Оразбақов                  - Қазақстан Республикасының
Ғалым Iзбасарұлы             Индустрия және сауда министрi,
                             төрағаның орынбасары       

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы          және сауда вице-министрi, хатшы

Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы                және минералдық ресурстар вице-министрi

Бабақұмаров                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы              және ақпарат вице-министрi

Бiрәлиев                   - Қазақстан Республикасының
Әлжан Хамидоллаұлы           Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi

Қасымбек                   - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмұдұлы              коммуникация вице-министрi

Алдабергенов               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдiбекұлы            монополияларды реттеу агенттiгi
                             төрағасының орынбасары

Сахипова                   - Қазақстан Республикасы
Нұрғайша Нұртайқызы          Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк
                             құқықтары комитетi төрағасының
                             орынбасары

Өтебаев                    - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Мүсiрәлi Смайылұлы           Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
                             комитетiнiң төрағасы

Өзбеков                    - Қазақстан Республикасы
Ғани Нұрмаханбетұлы          Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
                             реттеу және қадағалау агенттiгi
                             төрағасының орынбасары
 
Бекетаев                  - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы           Әділет вице-министрі

Мусин                     - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы        Туризм және спорт вице-министрі

Қазыханов                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Ержан Хозеұлы               істер министрінің орынбасары

Құрманов                  - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметқариұлы        Еңбек және халықты әлеуметтік
                            қорғау вице-министрі

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы            Экономика және бюджеттік
                            жоспарлау вице-министрі

Ақышев                    - Қазақстан РеспубликасыӨҰлттық
Данияр Талғатұлы            Банк Төрағасының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Дүрмағамбетов             - Қазақстан Республикасы
Ерлан Дмитрийұлы            Ақпараттандыру және байланыс
                            агенттігі төрағасының орынбасары

Қонаев                    - Қазақстан Республикасы
Эльдар Асқарұлы             Статистика агенттігі төрағасының
                            орынбасары

Қарақұсова                 - Қазақстан Республикасы
Гүлжан Жанпейісқызы          Парламентінің Мәжілісі Қаржы
                             және бюджет комитетінің
                             төрағасы (келісім бойынша)

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасының
Дәулет Едiлұлы               Қаржы вице-министрi

Күрiшбаев                  - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы           Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Нүсiпова                   - Қазақстан Республикасының
Әсем Бекқызы                 Денсаулық сақтау вице-министрi

Әбдiшев                    - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Түйтеұлы            Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау
                             комитетi төрағасының орынбасары
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.19. N   207 , 2007.10.29.  N 1006   Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 22 қыркүйектегi 
N 903 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітiледi.

  2. Комиссия қызметiнiң мақсаттары

      4. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
      Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi (әкетудi) реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру жолымен Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

  3. Комиссияның мiндеттерi

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      кедендiк баж ставкаларын енгiзу және өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      сауда қызметiн дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екi жақты және көп жақты сауда келiссөздерi барысында жасалатын жекелеген келiсiмдерiне қосылу шарттары мен кезеңдерiн қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелерi бойынша ДСҰ-ға кiру үдерiсiнде Қазақстанның келiссөз ұстанымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндiрушiлерге елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактiсi немесе осындай зиян келтiру қаупi бар немесе жоқ екенi туралы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиiстi қорытындысы негiзiнде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелерiне оның сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның iшiнде сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк қауiпсiздiкке, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу ретiнде жедел тәртiппен қабылданатын шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудiң (әкетудiң), оның iшiнде сандық тыйымдарын немесе шектеулерiн қолдану туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау;
      преференциялардың ұлттық схемасын өзгерту және нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әрiптестерiмен, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелерi жөнiндегi ұстанымын әзiрлеу болып табылады.

  4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңнамасын жетiлдiру, тауарлардың импорты кезiнде тарифтiк квоталарды, iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды, кеден-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады;
      Комиссияның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартады.

  5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның хатшысы Комиссияның отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.

      11. Егер Комиссияның отырыстарында Комиссия мyшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
      Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

      12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
      Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. 

      13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткiзген оның орынбасары, сондай-ақ мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ол бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.

      14. Қажет болған кезде Комиссияның шешiмi хаттаманы ресiмдей отырып, оның мүшелерiне жазбаша сауалдама жүргiзу жолымен қабылдануы мүмкін.

      15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 903 қаулысына      
қосымша       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 38, 489-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 462  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 123-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1115  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 367-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 506  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120  қаулысының  1-тармағының 1) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы N 1388 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 733  қаулысы .

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 қарашадағы  N 1388 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 585  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 23, 299-құжат).