"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 тамыздағы
N 776 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 159-құжат).
2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының 2004 - 2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615 қаулысы .
3. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамының инвестициялық декларациясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383 қаулысы .
4. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 ақпандағы N 147 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 9, 79-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1383 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 28 наурыздағы N 270 қаулысы .
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 шiлдедегi N 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 28, 351-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 және 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 шiлдедегi N 776 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 411-құжат).