"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының 2004-2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 615 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 776 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 178-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанында "ксерокс - 90 дана" деген сөздер "ксерокс - 106 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мынадай активтерді: саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздіксіз қоректендіру көздерін, 200 дана принтерлер, 200 дана модемдер сатып алу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі