Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 688 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 776 қаулысымен

         "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ферроқорытпа (ферроникель) өндіру жөніндегі металлургия зауытын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Музбель" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылуының мынадай мерзімдері белгіленсін:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл;
      мүлікке салынатын салық бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кeйiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл;
      жер салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі