Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес және ғылым саласында басқару жүйесiн жетiлдiру, ғылыми зерттеулердi салааралық үйлестiрудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комитет туралы ереже;
      2) Комитеттiң құрылымы;
      3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      3. Комитеттiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 21 шілдедегі
N 700 қаулысымен  
бекiтiлген  

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретi шегiнде ғылым саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған ғылым саласында салааралық үйлестiру жөнiндегi арнайы функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi ғылым саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде заңнамаға сәйкес шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11.

      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      7. Осы ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      8. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      9. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      елдегi ғылыми-техникалық қызметтi үйлестiру және бiрыңғай мемлекеттiк ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу;
      бюджеттi болжауды әзiрлеу және ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
      бюджет қаражаты есебiнен iске асыруға жататын мемлекетаралық, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды iрiктеп алу және олардың iске асырылуын және олардың мақсатты қаржыландырылуын мониторингтеу;
      ғылыми ұйымдар қызметiнiң мониторингi;
      мемлекеттiк бюджет есебiнен және өзге де заңнамада тыйым салынбаған көздерден жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған диссертацияларды мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру;
      ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн дамыту;
      ғылыми қызметтер мен ғылыми-техникалық өнiм нарығында бәсекенi дамытуға жәрдем ету;
      өз құзыретi шегiнде зияткерлiк меншiк құқықтарын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк құпияларды қорғауға жәрдем ету;
      халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
      ғылыми зерттеулер нәтижелерiн iске асыруды мониторингтеу.

      10. Комитеттiң заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және заңды тұлғалардан Комитетке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      2) заңды және жеке тұлғаларға Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      3) ғылыми зерттеулер нәтижелерiнiң сараптамаларын, талдауларын, бағалаулары мен сынақтарын жүргiзудi ұйымдастыруға және ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығаруға;
      4) Комитеттiң белгiленген қызмет саласына жатқызылған мәселелердi пысықтау үшiн белгiленген тәртiппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк мамандарды тартуға;
      5) шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарымен және халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасауға;
      6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтiк-кеңесшi және сараптамалық органдар (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға;
      7) мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      8) өз қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      9) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      10) ақпараттық-тұсаукесу iс-шараларын (форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да iс-шаралар), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге;
      11) баспа қызметiн жүзеге асыруға.

  3. Комитеттiң мүлкi

      11. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi бар.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген және негiзгi қорлардан, айналым қаражаты,, сондай-ақ басқа мүлiктен құралатын құны мемлекеттiк органның теңгерiмiнде көрсетiлетiн мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады.

      12. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      13. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екi орынбасары болады.

      15. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.

      16. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарда:
      1) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi;
      3) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ оларға тәртiптiк жазалар қолданады;
      5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамада белгiленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 21 шiлдедегі
N 700 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi дамытуды болжау басқармасы
      Ғылыми-техникалық бағдарламалар басқармасы
      Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама басқармасы
      Ғылыми-техникалық қызметтi және халықаралық ынтымақтасты ұйымдастыру басқармасы
      Ғылыми зерттеулердi қаржыландыру бөлiмi (дербес)
      Құқықтық және кадрлық жұмыс бөлiмi (дербес)

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 21 шілдедегі 
N 700 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800  қаулысымен.
      2. Математика, информатика және механика институты
      3. Астрофизикалық зерттеулер орталығы
      4. Биологиялық зерттеулер орталығы
      5.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800  қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
      8. Экономика институты
      9. А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты
      10. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
      11. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
      12. Философия және саясаттану институты
      13. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
      14. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
      15. Орталық ғылыми кiтапхана
      16. Ғалымдар үйi
      17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы

2. Мемлекеттiк мекемелер

      17. Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
      18. Сейсмология тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы

3. Акционерлiк қоғамдар

      19. Орман питомнигi
      20. "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы
       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800  қаулысымен.  

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 21 шiлдедегi 
N 700 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 470-6, 470-8, 470-59, 470-61 - 470-65, 470-67, 470-96, 470-157, 470-159, 470-160, 470-161, 470-177 - 470-181-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 470-186 - 470-201 жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi
470-186 "Орталық ғылыми кiтапхана" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны             Алматы қаласы
470-187 "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-
        техникалық ақпарат орталығы" республикалық
        мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
        құқығында)                                   Алматы қаласы
470-188 Экономика институты                          Алматы қаласы
470-189 А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты  Алматы қаласы
470-190 M.O. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
        институты                                    Алматы қаласы
470-191 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
        институты                                    Алматы қаласы
470-192 Философия және саясаттану институты          Алматы қаласы
470-193 Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты   Алматы қаласы
470-194 Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты  Алматы қаласы
470-195 Ғалымдар үйi                                 Алматы қаласы
470-196 "Қазақстан Республикасының Биотехнология     Ақмола облысы,
        ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк   Степногор
        кәсiпорны                                    қаласы
470-197 "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-198 "Физикалық-математикалық зерттеулер
        орталығы" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)     Алматы қаласы
470-199 "Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-200 "Биологиялық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-201 "Геологиялық-географиялық зерттеулер 
        орталығы" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)    Алматы қаласы;".

      2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 222-32, 222-33-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 222-34, 222-35-жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi
222-34  "Орман питомнигi" АҚ
222-35  "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы" АҚ".

      3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылым комитетi";
      10-тармақтың 2) тармақшасында:
      екiншi абзацтағы ", ғылыми, ғылыми-техникалық" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзацтағы ", ғылыми" деген сөз алынып тасталсын;
      төртiншi абзацтағы "ғылыми, ғылыми-техникалық," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 50-55, 60-66, 69-72, 74, 76-жолдар алынып тасталсын;
      "2. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 90, 92-жолдар алынып тасталсын;
      "3. Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 3, 4-жолдар алынып тасталсын.

      4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде":
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 12-жолда:
      "317" деген сандар "387" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ғылым комитетi                                     80".