Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 800 Қаулысы

      Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарына арналған ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыру, iргелi ғылымды басқаруды жетiлдiру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде оның үлесiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

         1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты", "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты", "Физикалық-техникалық институт", "Металлургия және кен байыту институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты", "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты", "География институты", "Сейсмология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Кәсiпорынға қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.

      6. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700  қаулысында :

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 1, 5-жолдар алынып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Математика, информатика және механика институты";

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын:
      "17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы".
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 23 тамыздағы 
N 800 қаулысына     
қосымша        

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.21.  N 724 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым
комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту
орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының
тiзбесi

      1.  (Алынып тасталды -   2007.08.21.  N 724 )

      2.  (Алынып тасталды -   2007.08.21.  N 724 )

      3. "Физикалық-техникалық институты"              Алматы қаласы

      4. "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология       Алматы қаласы
         және гидрофизика институты"

      5. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары     Алматы қаласы
         институты"

      6. "География институты"                         Алматы қаласы

      7. "Сейсмология институты"                       Алматы қаласы