Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес және ғылым саласында басқару жүйесiн жетiлдiру, ғылыми зерттеулердi салааралық үйлестiрудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1)  (алып тасталды - 2007.10.22.  N 984 )
      2)  (алып тасталды - 2007.10.22.  N 984 )
      3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.22.  N 984  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      3.  Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22.  N 984  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 21 шілдедегі
N 700 қаулысымен  
бекiтiлген  

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже мен құрылымы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22.  N 984  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 21 шілдедегі 
N 700 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800  қаулысымен.
      2. Математика, информатика және механика институты
      3.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29.   438  қаулысымен.
      4. Биологиялық зерттеулер орталығы
      5.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800  қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
      8. Экономика институты
      9. А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты
      10. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
      11. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
      12. Философия және саясаттану институты
      13. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
      14. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
      15. Орталық ғылыми кiтапхана
      16. Ғалымдар үйi
      16-1. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы 
      16-2.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.17.  N 961
      16-3.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.17.  N 961
      16-4. Жану проблемалары институты
      17.  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.08.21.  N 724

2. Мемлекеттiк мекемелер

      17. Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
      18. Сейсмология тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы

3. Акционерлiк қоғамдар

      19. Орман питомнигi
      20. "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы
      21. Ғылым қоры
       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.23.   800 , 2006.11.07. N  1057 , 2007.05.29. N  438 , 2007.08.21.  N 724 , 2007.10.17.  N 961 , 2008.02.07.  N 119  Қаулыларымен.  

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 21 шiлдедегi 
N 700 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 470-6, 470-8, 470-59, 470-61 - 470-65, 470-67, 470-96, 470-157, 470-159, 470-160, 470-161, 470-177 - 470-181-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 470-186 - 470-201 жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi
470-186 "Орталық ғылыми кiтапхана" республикалық
         мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны             Алматы қаласы
470-187 "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-
        техникалық ақпарат орталығы" республикалық
        мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
        құқығында)                                   Алматы қаласы
470-188 Экономика институты                          Алматы қаласы
470-189 А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты  Алматы қаласы
470-190 M.O. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
        институты                                    Алматы қаласы
470-191 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
        институты                                    Алматы қаласы
470-192 Философия және саясаттану институты          Алматы қаласы
470-193 Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты   Алматы қаласы
470-194 Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты  Алматы қаласы
470-195 Ғалымдар үйi                                 Алматы қаласы
470-196 "Қазақстан Республикасының Биотехнология     Ақмола облысы,
        ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк   Степногор
        кәсiпорны                                    қаласы
470-197 "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-198 "Физикалық-математикалық зерттеулер
        орталығы" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)     Алматы қаласы
470-199 "Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-200 "Биологиялық зерттеулер орталығы"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)               Алматы қаласы
470-201 "Геологиялық-географиялық зерттеулер 
        орталығы" республикалық мемлекеттiк
        кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)    Алматы қаласы;".

      2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 222-32, 222-33-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 222-34, 222-35-жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi
222-34  "Орман питомнигi" АҚ
222-35  "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк орталығы" АҚ".

      3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылым комитетi";
      10-тармақтың 2) тармақшасында:
      екiншi абзацтағы ", ғылыми, ғылыми-техникалық" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзацтағы ", ғылыми" деген сөз алынып тасталсын;
      төртiншi абзацтағы "ғылыми, ғылыми-техникалық," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 50-55, 60-66, 69-72, 74, 76-жолдар алынып тасталсын;
      "2. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 90, 92-жолдар алынып тасталсын;
      "3. Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 3, 4-жолдар алынып тасталсын.

      4.  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)