Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 669 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету объектiлерiн электрмен жабдықтаудың рұқсатсыз ажыратылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 55-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау туралы ереже мен шарттарда:
      тақырыбындағы "туралы ереже мен шарттар" деген сөздер "ережесi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Авариялық броньмен қамтамасыз етiлетiн объектiлер" деген 2-бөлiмде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi".

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк органдар осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі