Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету объектiлерiн электрмен жабдықтаудың рұқсатсыз ажыратылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 55-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау туралы ереже мен шарттарда:
тақырыбындағы "туралы ереже мен шарттар" деген сөздер "ережесi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Авариялық броньмен қамтамасыз етiлетiн объектiлер" деген 2-бөлiмде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi".