"Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға жыл сайын, 20 қаңтардан кешiктiрмей өткен жылы Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 311-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1705 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi N 808 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 249-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 95 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 43-құжат).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»29 маусымдағы
N 600 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған
Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі
2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты
|
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Барлық мемлекеттік құрылымдарда мемлекеттік гендерлік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтына орналастырылған, байланыс телефондары бар жауапты тұлғалардың тізімі |
ОІГСҰК, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2006 жылғы шілде |
2. |
Гендерлік теңдік және адами даму мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастыру |
Семинарлар, ОІГСҰК-ге ақпарат |
МҚА, Мемлекеттік басқару академиясы |
Тұрақты |
3. |
Белгіленген штат санының шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
|
ОІГСҰК-ке ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007 жылғы қаңтар |
4. |
"Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысы |
ОІГСҰК, Әділетмині, ІІМ, Еңбекмині, АҚҰО |
2006 жылғы желтоқсан |
5. |
Нормативтік құқықтық кесімдерге гендерлік сараптама жүргізу жөніндегі басшылықты әзірлеу |
Анықтамалық құрал (басшылық) |
Әділетмині, ОІГСҰК |
2007 жылғы маусым |
6. |
Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына гендерлік сараптама жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
Әділетмині |
2007 жылғы желтоқсан |
7. |
Гендерлік индикаторлар бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік
|
Гендерлік индикаторлардың метадеректері (индикаторларды айқындау және есептеу әдістемесі, деректердің көздері, өлшем бірліктері) |
СА, ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині, ОІГСҰК |
2007 жылғы шілде |
8. |
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі гендерлік индикаторлар метабазасын әзірлеу және қолдануды үйлестіру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобын құру |
Статистика агенттігінің бұйрығы |
СА, ОІГСҰК |
2007 жылғы қаңтар |
9. |
Басшы қызметтердегі ерлер мен әйелдердің арақатынасын теңестіру үшін уақытша шараларды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу (квоталау, кемінде әйелдердің 30%-ы) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
МҚА |
2006 жылғы желтоқсан |
10. |
Отбасының, әйелдердің, балалардың және ерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында
|
ОІГСҰК-ге ақпарат |
МАМ, ДСМ, БҒМ, ОІГСҰК, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008
|
11. |
Әйелдер мен ерлерді басшы қызметтерге және республикалық сияқты, жергілікті деңгейде де сайлау органдарына ұсыну кезінде гендерлік теңгерімді ескере отырып және сақтаумен партиялық тізімдерді қалыптастыру мақсатында ағартушылық жұмыс жүргізу* |
Кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер |
ОІГСҰК |
Тұрақты |
12. |
Халықаралық ұйымдардың жәрдемдесуімен саясаткер әйелдерді оқыту мен даярлау мектептерін құру* |
Әйелдер көшбасшылығы мектептері |
ОІГСҰК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007 жылғы желтоқсан |
13. |
"Еңбеккер ерлер мен әйелдерге тең қарау мен тең мүмкіндіктер
|
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі сараптамалық кеңестің қорытындысы |
Еңбекмині, Әділетмині, СІМ |
2008 жылғы шілде |
14. |
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіптік өсу және экономикалық білім алу орталықтарын құру жөнінде, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
15. |
Әйелдерді бизнеске тарту және олар құрған
|
ОІГСҰК-ге ақпарат |
"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
16. |
Әйелдерді ауыл шаруашылығында, оның ішінде ауыл шаруашылығы
|
ОІГСҰК-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
17. |
Әйелдер проблемаларын, әйелдердің қоғамдағы ролін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін, оның ішінде мыналар жөніндегі мәселелерді БАҚ-та жария ету:
|
ОІГСҰК-ге ақпарат |
МАМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
18. |
Еңбек режимі мен еңбекті қорғау жөніндегі
|
Еңбек кодексінің жобасы |
Еңбекмині |
2006 жылғы қыркүйек |
19. |
12-жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу және қабылдау кезінде
|
Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
БҒМ |
2008 жылғы мамыр |
20. |
Оқулықтар мен оқу құралдарына гендерлік сараптама жүргізу* |
ОІГСҰК-ге ақпарат |
БҒМ |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
21. |
Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде гендерлік құрауышты енгізу |
ОІГСҰК-ге ақпарат |
БҒМ |
2008 жылғы желтоқсан |
22. |
Білім беру ұйымдарының (мектепалды, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары) педагогтары мен оқытушылар үшін гендерлік білім әдістемесі бойынша оқыту пакетін әзірлеу* |
Оқу-әдістемелік кешен |
БҒМ |
2008 жылғы қыркүйек |
23. |
Гендерлік проблемалар жөніндегі оқу-әдістемелік әдебиетті және бейнефильмдерді әзірлеуді қамтамасыз ету* |
Оқу құралдары, бейнероликтер |
БҒМ, МАМ |
2007-2008 жылдар |
24. |
Гендерлік білімді насихаттау үшін гендерлік білім беру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер шығаруды ұйымдастыру* |
Ақпараттық бюллетеньдер |
БҒМ |
2007-2008 жылдар |
25. |
Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері жөніндегі, ана мен баланы қорғау жөніндегі
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ДСМ |
2008 жылғы наурыз |
26. |
Халық арасында мыналар жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу:
|
Курстар, семинарлар, деңгелек үстелдер |
МАМ, ДСМ |
2006-2008 жылдар |
27. |
Суицидтердің алдын алу үшін сенім телефондары, дағдарыс орталықтары желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007 жылғы сәуір |
28. |
Ерлердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі
|
Әдістемелік ұсынымдар |
ДСМ |
2007 жылғы қараша |
29. |
Ерлер өмірінің ұзақтығын арттыруға ықпал ететін шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар
|
ДСМ, ИСМ
|
2007 жылғы мамыр
|
30. |
Ерлердің денсаулығы, отбасы және әке болу мәселелері жөнінде; ана болудың қауіпсіздігі, отбасын, жыныстық қатынасты және бала тууды жоспарлау; емшекпен тамақтандыру; тамақтандыру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер шығару |
Ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер |
ДСМ |
2007-2008 жылдар |
31. |
Мыналар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу:
|
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер |
ДСМ |
2008 жылғы қаңтар |
32. |
Мынадай мәселелер бойынша ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер әзірлеу:
|
Ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер |
ДСМ |
2007-2008 жылдар |
33. |
Ерлер мен әйелдерде бедеуліктің алдын алу (ерте бала жасынан) жөніндегі халыққа арналған
|
Анықтамалық құрал (басшылық) |
ДСМ |
2008 жылғы наурыз |
34. |
Көмекке мұқтаж жасөспірімдер мен жастарға, әйелдерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оларды әлеуметтік жағынан оңалту үлгілерін қалыптастыру* |
Үлгінің жобасы және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині |
2007 жылғы тамыз |
35. |
Елдегі тұрмыстық
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
ІІМ, ОІГСҰК, Әділетмині |
2007 жылғы қаңтар |
36. |
Зорлық-зомбылықтың алдын алумен және жолын кесумен және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен айналысатын ішкі істер органдары бөлімшелерінің штат санын ұлғайтудың орындылығын қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007 жылғы ақпан |
37. |
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ең озық халықаралық тәжірибе жөніндегі анықтамалық құрал дайындау* |
Анықтамалық құрал (басшылық) |
ІІМ, ОІГСҰК |
2007 жылғы қараша |
38. |
Қиюы қашқан отбасылармен және халықтың ықтимал контингентімен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде алдын алу жұмысын жүргізу |
ОІГСҰК-ге ақпарат |
ІІМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2007-2008 жылдар, қаңтар |
39. |
Балалар мен жастарға арналған зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық жөніндегі оқу бағдарламасын әзірлеу* |
Анықтамалық құрал (басшылық) |
БҒМ, ІІМ |
2008 жылғы шілде |
40. |
Отбасы мен неке институтының перспективалары мен бағыттарын айқындай отырып,
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, ОІГСҰК |
2007 жылғы қыркүйек |
41. |
Қазақстандағы отбасының мәртебесін көтеру бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ОІГСҰК, МАМ, БҒМ, Еңбекмині, ДСМ |
2007 жылғы қазан |
42. |
Қазақстан азаматтарының бала асырап алу рәсімін оңайлату
|
Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы |
БҒМ |
2007 жылғы желтоқсан |
43. |
БАҚ-тар арасында қоғамдағы әйелдердің имиджін оңынан бейнелеу, гендерлік теңдікті насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізу* |
Конкурс қорытындылары туралы хаттама |
ОІГСҰК, МАМ |
2007 жылғы мамыр |
44. |
Халықты оқыту үшін ақпараттық буклеттер мен бағдарламалар әзірлеу және тарату* |
Буклеттер, бағдарламалар |
МАМ, БҒМ |
2007-2008 жылдар |
45. |
Саясаткер әйелдерге арналған кітаптар, брошюралар, оқу құралдарын, көшбасшы әйелдер
|
Кітаптар, брошюралар, оқу құралдары |
МАМ, БҒМ |
2007-2008 жылдар |
Ескертпелер:
* -
іс-шара халықаралық гранттарды тарту есебінен іске асырылатын болады; аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия
АҚҰО - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары