Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 999. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.29. N 600 қаулысымен.

МАЗМҰНЫ

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.11.09 N 603 (қолданысқа енгізілу тәртібін 47-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

         Осы Заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі - процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тiркеу - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның сертификаттау және тiркеу саласындағы жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқықтылығын ресми тануы; <*>
      2) тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ лабораториясының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын  куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат; 
      3) аудит (сертификаттаудағы) - сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың және (немесе) сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамашылығы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі (мемлекеттік сертификаттау жүйесі) - өз құзыреті шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасындағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
      5) сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;
      6) сәйкестік туралы декларация - жеткізіп берушінің (дайындаушының, сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты;
      7) өтініш беруші - өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға (дайындаушы, сатушы, атқарушы);
      8) сәйкестік белгісі - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың немесе қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігіне қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін, белгіленген тәртіппен қорғалған белгі;
      9) инспекциялық бақылау - сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;
      10) өнімнің бірдейлігі - белгілі бір өнімді өндіру, оның айналысы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
      11) сынақ лабораториясы (орталығы) - өнімнің нормативтік құжат талаптарына сәйкестілігіне сынақ жүргізетін лаборатория (орталық);
      12) сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжат (бұдан әрi - нормативтiк құжат) - сертификаттау жөнiндегi қызметтiң алуан түрлерiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiткен құжат;
      13) өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi орган - белгiлi бiр қызмет саласында сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тiркелген заңды тұлға;
      13-1) тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген, өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеуге дайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзетiн заңды тұлғалар;
     14) мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімі - сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларын (орталықтарын), сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;
      15) сертификаттау - дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсіз органның өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы;
      16) сәйкестік сертификаты - нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес берілген, тиісті түрде бірдейлендірілген өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат;
      17) Алып тасталды
      17-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      18) сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор - белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

       2-бап. Сертификаттау туралы заңдар

      1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      Азаматтық авиацияда сертификаттау мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде осы Заңмен реттеледі.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.15. N 272 Заңымен.

       3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары

      Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
      адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
      заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

2-тарау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік
реттеу мен басқару

      4-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

      1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      Өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдар мен сынақ лабораториялары (орталықтар) тiркеу саласында консалтингтiк қызметтер көрсетуге құқылы емес.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

       5-бап. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

      1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган;
      өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;
      тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары);
      Tipкeу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi тiркелген ұйымдар;
      сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар. <*>
      2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

        6-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау
             жөніндегі уәкiлеттi органның сертификаттау
             саласындағы құқықтары мен міндеттері

      1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның міндеттері:
      мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      сертификаттау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу;
      міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің) тізбесін дайындау;
      мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде ұйымдарды сертификаттау, сертификаттау сынақтары, тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу құқығына тiркеу;
      сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
      сынақ лабораториялары (орталықтары) мен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін жүргізу;
      шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік белгілерін және сынақтар нәтижелерін тану ережелерін белгілеу;
      зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
      2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның құқықтары:
      сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік сертификаттары көшірмелерінің), сәйкестік туралы декларациялардың (сәйкестік туралы декларациялар көшірмелерінің), мемлекеттік сертификаттау жүйесі сәйкестік белгілерінің нысандарын, олардың мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелу және қолданылу тәртібін белгілеу;
      сынақ лабораториялары (орталықтары) мен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
      құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат беру;
      егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;
      сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 141 , 2001.07.11. N 230 , 2003.06.11. N 432 Заңдарымен.

      7-бап. Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет
             көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар

      1. Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз (осы қызметтерді көрсететін және осы қызмет көрсетулерді тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз), өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген талаптарға жауап беретін сынақ лабораториялары (орталықтары) бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, процестерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
      Сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары мен өкілдіктері, осы филиалдар мен өкілдіктер стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген жағдайда сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады.
      2. Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды тіркеу кезінде:
      сертификаттаудың объектілері айқындалуы;
      талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлерінің белгіленуі;
      тіркеу саласына енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелері мен рәсімдері регламенттелуі тиіс.
      Сертификаттау органдарын тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдері кіруге тиіс.
      3. Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар белгіленген тәртіппен мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

      8-бап. Сынақ лабораториялары (орталықтары)

      1. Сынақ лабораторияларының /орталықтарының/ заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.
      2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
      3. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын лабораторияларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (орталығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.
      Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын лабораторияларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

      9-бап. Сәйкестік сертификаты

      Өнімдер, процестер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес келген кезде сертификаттау жөніндегі орган өтінушіге стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгідегі сәйкестік сертификатын береді. Сәйкестік сертификаты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркелуі тиіс.

      10-бап. Сәйкестік белгісі

      Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады.
      Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      11-бап. Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет
              көрсетулерді сертификаттаудың түрлері

      Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді.
      Міндетті сертификаттау дегеніміз - адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
      Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
      Міндетті сертификаттауға жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады.
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация өзінің тіркеу саласына декларация ресімделген өнім енгізілген сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі.
      Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сай келетіндігін растайтын дайындаушы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
      Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 230 Заңымен.

       12-бап. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
              талаптар

      1. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификатынсыз (сәйкестік сертификатының көшірмесінсіз) және (немесе) сәйкестік белгісінсіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесінсіз) өткізуге тыйым салынады.
      Міндетті сертификаттауға жататын, Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда (шарттарда) мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың (сертификат көшірмесінің) және (немесе) сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.
      Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда (шарттарда) өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың қоса берілуі көзделуге тиіс. Ақпаратта өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен регламенттелсе) қамтылуға тиіс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 230 Заңымен.

       13-бап. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға
              қойылатын талаптар

      1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың, сертификаттау жөніндегі ережелердің, нормалар мен ұсынымдардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, процестерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.
      Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.
      Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, әкелінетін өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.
      Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның арнаулы басылымдарында жарияланады.
      Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
      2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық проблемаларға байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.
      3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттау жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестікті бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

3-тарау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік
бақылау және сертификатталған өнімдерге,
процестерге, жұмыстарға және көрсетілген
қызметтерге инспекциялық бақылау

      14-бап. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының
               сақталуын және сертификатталған өнiмнiң сапасын
               мемлекеттiк қадағалау

      1. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
      2. <*>
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

       15-бап. Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ
              лабораторияларының (орталықтарының) қызметін
              мемлекеттік бақылау

      1. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ лабораториясының (орталығының) қызметінде Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдары және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестаты қайта қолданыла бастайды.
      Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған кезде тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған кезде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 230 Заңымен.

       16-бап. Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды
              және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ
              лабораторияларының (орталықтарының) қызметін
              мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
              адамдардың құқықтары

      Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауiпсiздiгіне және сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
      қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен ретте сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауiпсiздiгiн және сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;
      жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауiпсiздiгiне және сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
      өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн оның сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу iсiн жүргiзуге;
      стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

                  17-бап. Сертификатталған өнімдерді, процестерді,
              жұмыстарды және қызмет көрсетулерді
              инспекциялық бақылау

      Сертификатталған өнімдерді, процестерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілеген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.

4-тарау. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды
қаржыландыру

      18-бап. Сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды
              қаржыландыру 

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
      1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органды және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
      2) сертификаттау жөнiндегi органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеу жөнiндегi жұмыстарды, сондай-ақ зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
      3) сапа және сертификаттау саласындағы бағдарламалар;
      4) Қазақстан Республикасының тiркеу және сапаны басқару жөнiндегi халықаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады.
      2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi жұмыстар шарт негiзiнде орындалады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

5-тарау. Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық

      19-бап. Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы
               заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 

      Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
     Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 432 Заңымен.

6-тарау. Сертификаттау саласындағы даулар

      20-бап. Сертификаттау саласындағы даулар

      Сертификаттау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті