Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 95 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 9 ақпандағы  
N 95 қаулысымен     
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы
13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер
мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.29 N 600 қаулысымен.
      2. "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1851 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
      48-тармақтың төртiншi абзацындағы "2001" деген сандар "2007 жылғы 1-тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 742 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31 N 222 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.02 N 79 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19 N 1411 Қаулысымен.
       7. "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1295 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
      "Жалпы мәлiметтер" деген 1-бөлiктiң "Ел және халық (негiзгi гендерлiк сипаттамалар)" деген 1-бөлiмiнiң "Әйелдерге қатысты зорлық" деген кiшi бөлiмiнiң төртiншi абзацындағы "2006 жылғы 2-тоқсанда" деген сөздер және "2005 - 2007" деген сандар тиiсiнше "2007 жылғы 1-тоқсанда" деген сөздермен және "2006 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын.
      8. "2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363-ө өкiмiнде:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 ж. I тоқсан".