Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 22 мамырдағы
N 437 қаулысымен  
бекiтiлген    

Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын (бұдан әрi – инспекторлар) аттестаттау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
      3) мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің штаттағы қызметкерлері.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      4. Аттестаттау инспекторлардың кәсіптік даярлық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  

      5. Инспекторлар қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн аттестациядан өтедi.
      Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

      6. Аттестаттау аттестациядан өтетiн инспектордың өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тілінде жүргiзiледi.

  2. Аттестаттау комиссиясы

      7. Аттестаттау өткiзу үшін уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады.
      Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
      Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      8. Уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрi – жұмыс органы) болып табылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      9. Уәкiлеттi органның басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмi бекiтiлетiн, аттестация өткiзудiң мерзiмi мен кестесi белгiленетiн бұйрық шығарады.
      Жұмысшы орган аттестациядан өтетiн адамдар бойынша қажеттi құжаттар дайындауды жүзеге асырады.

      10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      11. Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзедi.
      Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары көшпелi аттестация өткiзедi.
      Өңiрлiк аттестаттау комиссияларының құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен белгiленедi.

      12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      13. Шешiм аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешушi болып табылады.

  3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларын және мемлекеттiк
құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру

      14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиiс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмiн уәкiлеттi орган басшысына бекiтуге ұсынады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      15. Жұмысшы орган аттестация өткiзу басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын аттестатталуға тиiс адамдарды оның өткiзiлу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.

      16. Уәкілетті ұйымның кадр қызметі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аттестаттау өткізуге дейін екi апта қалғанда аттестатталуға тиiс инспекторлар үшiн мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жiбередi:
      1) қызметтiк мiнездеме;
      2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
      3) өмiрбаян;
      4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      5) ғылыми дәрежесiнiң, атағының болуы, бiлiктiлiгiн арттырғаны және т.б. туралы куәлiктердiң, сертификаттар мен куәлiктердiң (бар болса) көшiрмелерi.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      17. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптік, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
      1) мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті орган басшысының орынбасары;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қояды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      19. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта мерзiм бұрын өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен танысуға тиiс.

      20. Аттестатталатын адам өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен өзiнiң келiспейтiнi туралы мәлiмдеме жасай және жұмысшы органға өзiн сипаттайтын қосымша ақпарат бере алады.

 4. Ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс
инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.29 № 883 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 5. Аттестация өткiзу

      27. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткiзiледi.

      28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.

      29. Аттестаттауға тиiс, бiрақ дәлелдi себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде аттестаттау рәсiмдерiнен өтедi.

      30. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталатын адамға тестiлеу және әңгімелесуді жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестациядан өттi;
      2) аттестациядан өтпедi және қайта аттестатталуға жатады;
      3) аттестациядан өтпедi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi.

      31. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның отырысына қатысқан төраға, аттестация комиссиясының мүшелерi мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресiмделедi.

      32. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырылуға тиiс.

      33. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестация өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

      34. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмi аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгiзiледi.

      35. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке iс-қағазда сақталады.

      36. Уәкiлеттi органның басшысы бекiткен аттестациядан өтпегенi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейтiнi туралы шешiм аттестатталатын адамды инспектор лауазымынан босату үшiн негiз болып табылады.

      37. Аттестациядан өтпеген, бiрақ қайта аттестатталуға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде, бiрақ кемiнде алты ай өткеннен кейiн аттестациядан қайта өтуi мүмкiн.

  6. Қорытынды ережелер

      38. Аттестация өткiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

                                     Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге
                                       асыратын мемлекеттiк құрылыс
                                        инспекторларын аттестаттау
                                              ережесiне қосымша

                     Аттестаттау парағы

Аттестатталатын инспектор туралы мәлiметтер_________________________
____________________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты_____________________________________________
Туған күнi және жерi________________________________________________
Бiлiмi______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күнi____________________________________
Жалпы еңбек________стажы, оның iшiнде осы лауазымдағы_______________
Қосымша мәлiметтер__________________________________________________
Аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң саны____________________

Дауыс беру нәтижелерi:
"Жақтағандар"______________
"Қарсы"____________________

Қабылданған шешiм:__________________________________________________
____________________________________________________________________
(аттестациядан өттi, аттестациядан өтпедi және қайта аттестатталуға
   жатады, аттестациядан өтпедi және инспектор атқаратын лауазымға
                             сәйкес келмейдi)

Төраға     __________________________/______________________________
Хатшы      __________________________/______________________________
Мүшелерi:  __________________________/______________________________
           __________________________/______________________________
М.О.       __________________________/______________________________

Қабылданған шешiммен таныстым_______________________________________
                            (аттестатталатын адамның қолы және күнi)