"Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 883 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Марлен Нұрахметұлы         қорғау вице-министрі

Қасымбек                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы            коммуникация министрлігінің жауапты
                           хатшысы

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының экономикалық  Марат Әпсеметұлы           даму және сауда вице-министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан: Азат Ғаббасұлы Бектұров, Руслан Ескендірұлы Бөлтіріков, Абай Мұқашұлы Ескендіров шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов