Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 340 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 7-тармағына сәйкес өзгерiстер туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 28 сәуiрдегi  
N 340 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта: 
      2-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.14. N 1203қаулысымен.

      4. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi";

      5. "Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 89  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 24-құжат):
      2 және 3-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 164  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 53-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖА)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖМ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтiндегi "ҚР ТЖА" деген аббревиатура "ҚР ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      7. "Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшiн құзыреттi органдар мен бiрыңғай байланыс пунктi ретiнде белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 1634  қаулысына :
      1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17.  N 777 қаулысымен.

      9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлi нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 13  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген қызметкерлерiнiң және өзге де қызметкерлерiнiң нысандық киiмдерiнiң үлгiлерiнде:
      "Айырым белгiлерiнiң сипаттамасы" деген V тараудағы 69-суреттiң сипаттамасында "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 450  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 198-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiнде:
      "Бағыныстылығы" деген бағандағы реттiк нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. "Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 шiлдедегi N 729  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      "Мiндеттi сақтандыру жүйесiн дамыту" деген 4-кiшi бөлiмде:
      "Орындауға жауаптылар" деген бағанда:
      реттiк нөмiрлерi 1 және 4-жолдардағы "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 1-жолда "ТСА" деген аббревиатура "ТСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      13. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 N 1293 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.